"Ақарал" күйі

Тайыр БЕЛГІБАЙҰЛЫНЫҢ күйі – "Ақарал"


 

Тайыр БЕЛГІБАЙҰЛЫ ҚАХЫНДА

   Алтай шертпесінің түп-төркіні Алтайдағы Абақ-Керей руының күйшілері Құлби, Сайыпжамал, Қара Оспанның Ағзамы, Алтынбай қатарлы күйші-орындаушылар жалғаған халық күйлері мен Бейсенбі Дөненбай (1803-1872) , Мұкей (1854-1916) күйлері еді. Бейсенбі күйлері Алтай шертпесінің шырқау шегі. Алтай күйшілік керуенін Тайыр Белгібай, Дәулет Халықұлы, Тұрсын Кәдейұлы сынды күй сүйер қауымға кеңінен танымал күйшілер жалғады. Қай-қайсысына үңілсеңізде тұнып тұрган дарын. Күй ғұмырлары ұрпаққа үлгі. Осы орайда “Ақ арал” деп күй тартып, бір күйімен халық жүрегінде өшпес сауле болған күйші , сазгер Тайыр Белгібайұлы (1921-1984) жайлы толығырақ таныстыруды жөн көріп отырмыз. 
Тайыр Белгібайұлы 1921 жылы наурызда Қытай халық республикасының Алтай аймағындағы Ертіс өзенінің Ақарал деген жерінде кедей малшы отбасында дүниеге келді. Арғы тегі он екі ата Абақ-Керейдің бірі болған Жәнтекейдің Тасбике руының ақша атасынаң ішіндегі Байғұт дейтін кіші атадан тараған. Әкесі Белгібай қарапайым малшы болсада бірен-саран халық күйлерінің басын қайыратын боған дейді ескінің көзін көрген ауыл қарттары. Тайыр шешеден бес жаста, әкеден тоғыз жаста жетім қалып, ағасы Жұмәділ мен жеңгесі Зағиланың қолында ер жетеді. Жұмәділден кейінгі екі ағасын 1944 жылы казіргі Қызылтас ауылында жұмыс істеп жүрген жерінен ГО МИН ДАҢ(Қытайдағы саяаси партия) әскерлері жеті адаммен бірге жазықсыз атып өлтірген. Тағдыр тәлкегін әбден көріп, жетімдік пен жоқшылық қос өкпесінен қысып, Бұғанасы қатпаған бала қабырғасы қайсып, ауыр еңбекке жегіледі. Тас қопарып, құм екшеп, алтын шайқады. Қой соңында да жүрді. Күй десе көңілі бұзылып, ән десе алағызып тұратын албырт жас өмірдің тауқыметін көрсе де салиқалы өнерге деген ыстық ықыласын бір сәтке суытпады. Өмірінің соңына дейін солай болып қала берді. 
Бақытхан Тағайұлы “ Күйшіні еске алу” эссесінде Тайырдың мына сөздерін келтіреді: “ Шешемнің ағасы Нұртаза күйші еді. Менің төрт-бес жасымда алдына алып домбыра шертеді екен. Кейіннен домбыра пернесін өзі басып, қағысын маған шерткізетін. Сол кезде құлағым домбыраға ұйір болып, халық күйлері қаныма сіңгендей болды. Күйшілік маған нағашымнан дарыған”. Кейіннен Түркияға қоныс аударған Нұртазаның Тайырға жіберген үнтаспасынан оның шебер күйші және сөзге шешен адам екенін ұғынуға болады. Бала Тайыр қолына домбыра ұстаған соң, ел арасында тартылатын халық күйлерді бір-бірлеп игере бастайды. ауыл арасындағы той-томалақ, ойын-сауыққа қатысып бала домбырашы атанып, жұрт назарына ілігеді. Өнерліні төбесіне көтеретін дана халық оны жетім деп шетке қақпады. Қайта “күй тартсаң Белгібайдың Тайырынша тарт”деп тамсанды. 
Халықтан алған алғысы мен батасы жас күйшінің есіктегі басын төрге сүйрейді. 1950 жылы сәтті түсіп Алтай аймағының филармониясы(мұндай мекемелерді қытайда ойын-сауық үйірмесі деп атаған ) жұмысқа шақырады. Онда халық күйлерін зерттеуші, орындаушы әрі үйретуші болып жүмыс істеді. Ол осы мекемеде міндетін толық орындай жүріп, өзінің басқа қырында батыл көрсете білді. Оған дәлел, 1954 жылы қытайдағы Қазақтар өмірінен түсірілген тұңгыш “Қасен -Жамилә” көркем филімінде негізгі кейіпкердің бірі Жақан бейнесін сәтті сомдайды. Сонымен қатар, режиссердің ұсынысымен киноға саундтрек күй жасайды. Негізгі кейіпкерлер Қасен мен Жамиләнің махаббат үшін елін тастап, еркіндікті аңсап ат үстінде кетіп кетіп бара жатқан көріністерінде тәкеңнің “сал күрең” күйі төгіліп тұрады. Күйші 1955 жылы Іле обылыстық ән-би үйірмесіне ауысады. жаңа орта оның өнер өрісінің кеңейуіне мүмкіндік берелі. Өнер жолындағы достары көбейіп, бойындағы бұырқанған талантын сол жандардың сарабына салады. Күйшілігі шыңдалады. 1956 жылы сәті түсіп Шыңжан көркем-өнершілер құрамымен Орта Азия мемлекеттеріне концерттік сапарда екі айдай болып қайтты. Алматы сахнасында Дина Нұрпейсованың “ Әсем қоңыры” мен өзінің “ Жаңа шабыт” күйін орындаған. Бұл тұралы “Социалистік Қазақстан” газеті жазған. Сапарға келген ұжымның жастарын әйгілі Мұхтар Әуезов қабылдаған кезде Тайыр Белгібайұлы мен Дәнеш Рақышұлының аты-жөндерін сұрап өз естелігіне қалдырған екен. Тәкең өнеріне дән риза болған академик Ахмет Жұбанов өз қолымен домбыра сиға тартып, қонақ жайлылықпен шығарып салыпты. Өкініштісі, өнер алаптарының арасында қандай әнгімелердің айтылып, қайндай күйлердің тартылғаны туралы дерек таба алмадық. Күйші өмірінің дәл осы түсы қуаныш пен мерейге толып, жанына шуақ силаған еді. Ақ көңіл ауылдастары осыларды өздерінің жеткен жетістігіне балап, әлі күнге мақтанышпен еске алып отырады. Енді ол елге оралысымен көкейіне жиған-тергенін саралап, “ Жаңа шыбыт” деп күй шығарды. Осы бойындағы жаңа шабытпен өнердің жаңа белесін бағындыруға мықтап кіріскен еді.
Атақ даңқы шар тарапқа тарап жатқан осы тұста, Сары табан күйшінің өнері мен беделіне қызғанышпен қарайтын күншілдерде атқа қоған еді. Олар дәл сол кездегі қоғамдық түрлі-түсті саяси қозғалыстарды икемді пайдалына білді. 1961 жылы ақпанда солақай саясат Тәкеңді “ұлтшыл” деп айыптап бақылауға алады. 1962 жылы қызыметтен босатылып туған жері Алтайға қайтарылды. Міне енді, күйшінің 18 жылға созылған малшылық өмірі солай басталды. Бұған жастайынан өмірдің ыстығы мен суығын бірдей көріп, құрыштай шыңдалған ағамыз жасымады. Еңсесінде түсірместен:
    Алтайдың асқарында қой бағамын,
    Жұмсадым халық ұшін бойда барын.
    Таяқты домбыра ғып тау басында,
    Кәрі дос күй туралы толғанамын”- деп жар салды. 
Нағыз батыр жау таңдамайды дегендей, Тәкең қой соңында жүрседе күйші домбырасынан күйлер тасқындай берді. “Екпін” “Бел күрең” “ Еңбек думаны”, “Еңбек жарысы”, “Щаңжияң толқыны” күйлері де осы тұста туындады.
Араға коп жылдар салып, 1980 жылдар шамасында Қытай коммунистер партиясының 11-кезекті отырысынан кейін өзіне тағылған жаладан ақталып, қызыметке кайта шақырылып, Жуңго (Қытай халық республикасының атауы) музыканттар қоғамының Шыңжандағы бөлімшесіне бастық болып тағайындалады. Арада көп өтпей, 1982 жылы наурызда Қытай Астанасы Бейжиң қаласына орталық халық радиосының арнайы шақыруымен барады. Халық күйлері мен өз күйлерін, жалпы 48 күй радиоға жазып қалдырады. Осы жылы аброймен демалысқа шығады. Енді міне қулашын кеңге жазып кемеліне толған шағында күйші 1984 жылы маусымның 25 жылы халқымен маңгілікке хоштасты. Өнер аспанынан тағы бір жұлдыз сөнгендей көрінді.
Халқын күй мен көтеріп, ән мен әлдилеген Тайыр Белгібайұлы артына “ақ арал” бастаған 23 күй мен “аспан көлім Қанасым” қатарлы 12 ән қалдырды. Өз қолымен тартқан жүзге тарта күйі радионың алтын қорында сақтаулы. Қазақ елінде жарық көріп жатқан күй жинақтарында да Тайырдың тартқан күйлеі мен өз туындылары еніп отыр. Бірақ күйші туралы әлі күнге толық қанды ғылыми зерттеулер болмай отыр. Болашақта болар деп үміттенеміз. Тайыр күйлері тәбиғатпен етене жақын. өмірден көріп-сезінгендерін күй тілімен шебер жетеізе білгені. Күйлері аз да болса саз. Жасандылығы мүлде жоқ. Талғампаз туындылар ой шалқытады. Мінезі ашық-жарқын, әнгімешіл, отырған ортасын тек қуанышқа бөлеген Тәкеңді халқы умытпас...
                                    мәжійт мерей

6alash ұсынады