Ақ алып шығу қазақтың көш мәдениетінде ежелден жалғасып келе жатқан дәстүрдің бірі. Кей өңірлерде айран алып шығу немесе сусын алып шығу деп те аталады. Дәстүр бойынша ауыл іргесінен көш өткенде, үй иесі көшіп бара жатқан ауыл адамдарын таныса да, танымаса да алдарынан ақ алып шығып, «Көш байсалды болсын», «Көш көлікті болсын» айтып, суын береді. Көшіп келе жатқан ауыл адамдары сусын ішіп таңдайын жібткен соң, сусын алып шыққандарға рақыметін айтып алғысын білдіреді.
Қазақ ұғымында ақ алып шығу адамгершіліктің, салт-дәстүрді сыйлағандықтың, мұсылмандықтың белгісі саналады.
Қалиакбар ҮСЕМХАНҰЛЫНЫҢ фотосы
6alаsh ұсынады