Аюмен алысқан АҚТАЙ батыр

Абақ Керейге мәлім, шеруші Ақтай – өзі батыр, өзі би болған адам. Ақтай батыр туралы талай көркем шығармалар жазылған. Аңыздар да көп.

Ертеректе Алтайдың қары қалың, аязы қатты қыстары көп болыпты. Сондай бір қаһары қатты қыстың қытымыры халыққа ауыр тиеді. Ащы аяз, күнде дауыл, күнде боран тіпті қайтқан адамдарын да жерлей алмай арулап үйіңдің төбесіне шығарып сақтап, күннің ашылуын ұзақ күткен  кездері де болыпты.

Даланың жыртқыш аңдары қораға түсіп, қорадығы малға,  адамдарға да шабуыл жасайды. Уақыт өте аю зиратқа түсіп жаңадан қойған мәйітті қазып жей бастайды. Енді малмен бірге із өшкенше зиратты да күзетіп ел әбіргерге  түседі.

Бірде  Ақтай аңға шығып бара жатса қолында таяғы бар кейуана зар илеп жоқтау айтып, зиратқа беттеп бара жатқанын көзі шалады. Ақтай кейуананың жөнін білсе керек: "жуырда баласының қайтқанын,  оның мүрдесін аю түнде қазып жеп қойды ма?- деп қорқып, көруге зиратқа қарай еңіреп кетіп  бара жатқанын  айтады". Аюға ашуланған Ақтай батыр:   "кейуанаға  аюды өз қолыммен өлтіріп басын әкеліп беремін –деп уәде етеді.

Ақтай батырдың жаңа толысқан кезеңі екен. Кейуана Ақтай батырдың жаңа толысқан бейнесін көріп:"шырағым жас бала екенсің қапыда жазым боларсың райыңнан қайт" десе керек. Райынан қайтпақ түгілі  Ақтай батырдың түгі сыртына шығып түтігіп сұрланып кетеді. Балаң жігіттің қатты қаһарын сезген кейуана:"жолың болсын"- деп бата беріп өз жөніне жөнеледі.

Ақтай батыр әлгі зираттың маңынан беті түскен қәбірдың қарын алып, жерді қарайтып, шұңқырайтып түнде келетін аюды күтетін орынын даярлайды. Ары-бері жүріп жол салады. Аю адамның жаңа жүрген ізін иісінен жазбай айырып келетін, иісшіл хайуан екен. Ақтай батыр аңшылықтың қыр- сырын меңгерген кәнігі аңшы деседі.  Ұшқан құс, жүгірген аңның іс қимылынан оның мінез - құлқын жазбай айыратын зерек, зерделі болса керек. Аюдың келер кезін бағамдап, түн ортасынан ауа аққа оранып, жеңіне қанжар пышағын жасырып, дәніккен қорқау  аюды күтіп  жата береді. Бағамдағанындай ізге түскен аю жақындаған сайын ырылдап, бақырып - шақырып қаһарлана келеді. Қанша дегенмен қара күш иесі алып денелі қара аюдың иіскелегенде бұрық еткен ыстық демі Ақтай батырдың бойына суық су құйғандай дір еткізгенімен,  Ақтай батыр сездірмей, селт етпей өлген адамдай сіресіп жата беріпті.  Иіскелеп шұңқырдан сүйіреп алып шығыпқан аю, биіктеу қорғанның ығына алып барып тастап, тік шапшып жанжағына қарап айбат шегіп, гүрілдеп  әртүрлі үрейлі дыбыс шығарып жеуге ыңғайлана бастайды. Аю сәл ары қарағанда Ақтай батыр тік тұрып дайындалып үлгереді.  Аю бері қарағанда дайын тұрған Ақтай аюға қаһарлана ақырады.  Ондай қаһарлы дауысты күтпеген  аю қатты сасқаны соншалық, шалқасынан түсіпті. Ақтай батыр жалмажан аюдың кеудесіне міне түсіп, тырп еткізбей қанжармен аюды жарып салады. Аюдың ішкен – жегенін бірақ  ақтарады. Әбіржіген елдің аюды қалай өлтірдің деген сұрағына  Ақтай батыр  болған оқиғаны баян етеді . "Ол да ет-жүректі  хайуан екен,  жүрегін шайып  ақырып едім қорыққанынан шалқасынан түсті,  міне түсіп жарып салдым" деген екен.

Білімтай  БІЛӘЛҰЛЫ

Аюмен бетпе-бет келіп, аюды алқымдаған АҚТАЙ батыр және қанжармен аюдың ішін жарған інісі БОЗТАЙ жайлы аңызға арналған сурет...


АҚТАЙ батырдың 15 ұлының болған. Біреуі әйгілі сыбызғышы, күйші, балуан, батыр би – Жылқышы. Жылқышы – кеудесіне қасқыр ұялаған моңғолдың атақты балуаны Бөxбурылды жыққан адам.

АҚТАЙ батырдың ұлы белгілі сыбызғышы ЖЫЛҚЫШЫ би жайлы бір аңыз "Сыбызғышы – ЖЫЛҚЫШЫ БИ" сайтымыздың алдыңғы санында жолданған!


6alash ұсынады