Айтыс ақыны, жыр сүлейі -Сымағұл Қали ұлы

жыр сүлейі -Сымағұл

 

ақынның өз әуеніне салып орындаған
Қанатбек Зайтолла ұлы


Осы заман айтыс өнерінің негізін салушылардың бірі, даңсалы айтыс ақыны-Сымағұл Қали ұлы.
Сымағұл қали ұлы 1900-жылы Санжы облысының Манас ауданында кедей малшы отбасында дүниеге келген. Әкесі қали тұрмысы тапшы кедей болғанымен ер жүрек, іске шөгел адам болған. Ал, шешесі де оқымаған адам болғанымен, халықтық қиса-Дастандарды жатқа айта білетін көз қарақты кісі болған. Осындай ата-ананың мәпелеуінде өскен Сымағұл 14 Жастан бастап қолына домбыра алып, зорлықшыл бай-манаптарға қарсы өлең шығарумен өнерсәпәрінә қадам басады.
Ақынның азаттықтан бұрынғы өмірі жәйлі деректер толық естелікке алынбапты.
Сымағұл қали ұлы 1951-жылдардан бастап қоғамдық қызыметтерге араласып, партияның үндеуіне үн қосып социялистык жаңа заманды жырлап өтті.
Сымағұл ақын 1953-жылдан 1956-жылға дейін Көктоғай ауданында ауыл бастығы міндетін атқарады. 1956-жылдан 1965-жылға дейін Көктоғай, буыршын, алтай аудандарында мәдениет Қызыметкері болып істейді. Ақын шинжяң ұйғыр автономиялы райондық төрт кезекті халық құрылтайының уакілі, іле қазақ автономиялы обылыстық саяси кеңестің жорасы қатарлы міндеттер өтеді. Қытай жазушыларқоғамы шинжяң бөлімше қоғамының мүшесі болған.
Ол 1979-жылы желтоқсанның 24-күні Алтай қаласының Алағақ ауылында дүниеден өткен.
Сымағұл қали ұлы азаттықтың алдында да талай айтысқа қатынасқан. Солардың бірі 1932-жылы Шәрпқанның ауылында неше күнге жалғасқан «Бәтешпен айтысы» . Айтулы ақын азаттықтан кейін Алтай аймақтық және іле обылыстық ақындар айтысының бас айтыскері қатарында өмірінің соңына дейін айтыс сахынасынан түспеген. Ақындық өмірінде жалпы 23 майдан айтыс жасаған. Осы айтыстардың бастылары: «Сымағұл мен Бәтештің айтысы», «Сымағұл мен Күмісжаннің айтысы», «Сымағұлмен Бурылқанның айтысы», «Сымағұл мен Ерғалидың айтысы», «Сымағұл мен мүтәліптің айтысы» қатарлылар.
Сымағұл ақынның ел ішіне кеңінен тараған өлеңінің бірі «Сәлемет жүрсіңдерме қарақтарым» деп басталатын Өлеңі. 1979-жылы шілде айында, Алтай аймағының 3-кезекті ақындар айтысы Буыршын ауданының Қанас көлі жағасында өткізілетін болып, әр қайсы орыннан келген ақын-өнерпаздәр Буыршын ауданының аудан қалашығына жиналады. Міне осы сапарда атақты Смағұл ақынның жүрек науқасы ұстап Буыршын ауданының халық Доқтырханасында жатқанын, доқтырлардың ақынға «Қанастың жолы күдір, денсәулық жағдайыңыз келмейді, Жеменейге қайтып кетіңіз» деген талап қойғанын естіп, әр өңірден келген ақын-өнерпаздәр жиналып барып ақынға сәлемдесіп, көңілін сұрайды. Осы жолы ақынның көңілін сұрап барған алпысқа тарта өнерпаздің ортасынан, бастап барған басшылардың және көптің талабымен ақын Құрманбек Зейтінғазы ұлы кейін «Сымағұл ақынға сәлем» деген атпен тараған өлеңін айтады. Сонда көптің көңіл ауанын аңғарған, әрі алдында ағыл-тегіл ақтарылған жас ақынға көңілі ауған қарт ақын-Сымағұл қали ұлы былай толғаған екен:

Сәлемет келдіңдерме, қарақтарым,
Отырсың «Не айтар» деп қарап бәрің.
Көзімнің көбелегі сендерсіңдер,
Бірің жал, бірің құйырық қанаттарым.
Құлпырып түгі сынбас жанаттарым,
Сүзіліп өңі кетпес манаттарым.
Өрімдей өздеріңнен сәлем алсам,
Күлімдеп ашылады қабақтарым.
Аталық ақ ниеттен жыр арнайын,
Алыңдар көңіліңнің жаратқанын.
Бой бермей кәрілікке келіп едім,
Кезеңге сексен деген тағы аттадым.
Асығыс жалғыз күнде «Көлік» келсе,
Артыма қарата ма сағаттарың? !
Самғаңдар партияның бастауында,
Алдыңда Гүл жайнаған Қанастарың.
Байгеңде ұлы дүбір тізгін бермей,
Арманда қалып барад кәрі аттарың.
Шаң көрген тай күнінен тарлан едім,
Тықыршып тоқтатбайды-ау тағаттарым!
Жалынды өздеріңдей жастық шақта,
Талайды мен де ауызыма қаратқамын.
Жиналған қыз-бозбала қызық кеште,
Дүние-ай, білмеуші едік таң атқанын.
Ұрпақтың керегіне жарасын деп,
Маржанын асыл сөздің сабақтадым.
Тыңдаған талай жырды ел-жұртыма,
Жалғасын осы өлеңнің тарат бәрің.
Шырағым, добыраңды ал, батам осы-

Мұнан да үстем болсын талаптарың.


 Қанатбек Зайтолла ұлы

6алаш ұсынды