ӘЙГІЛІ АҚЫН ТАҢЖАРЫҚ ЖОЛДЫҰЛЫН ЕСКЕ АЛҒАНДА
Байқасаң Іле жердің ортасындай,
Егерде дене болса қолқасындай.
Тауы алтын, тасы күміс, ағашы жез,
Сулары еркек қойдың сорпасындай.
Іленің басы Күнес жылжып аққан,
Қосылған әрбір бұлақ әр тарабтан.
Қасында шапқы деген бір өзен бар,
Ағыны артығырақ шапқан аттан.
Қас деген сол жағында бір сіңілісі,
Баладай асау мінген жалпаң қаққан.
Көксу, Текес оң жағында,
Текыртіп мас адамдай атқа шапқан.
Қосылып бәрі келіп бір Ілеге,
Аптығын сонда басып тыным тапқан, – деп б асталатын ұзақ толғауы Іле туралы түсінікті айқандай түседі.
Бала Таңжарық
Ақын Таңжарық Жолдыұлы 1903 жылы туып, 1947 жылы қайтыс болады. Осы қысқа өмірінде қыруар шығармалар жазып артына өшпейтін өнеге, із қалдырып, нағыз адамдық қасиеттерін әйгіледі. Ақынның осы қысқа өмірі ақиқат пен қатыгездіктің шиленіскен, құлдық езгінің арпалысына тура келсе де кеудесінен атылып шыққан өлеңдерін тоқтата алған жоқ. Әдеби шығармалары, дастандары, өлеңдері халықтың жүрегінде сақталып келеді. Біртуап дарын иесі осылайша артына өлмейтін із қалдырып кетті.
Ол әдеттегі ауылдан аспаған ақын емес. Таңжарық шығармалары ұшан-теңіз дарядай ағыны күшті, өміршең туындылар. Ақынның жазған шығармалары, өлең-дастандары халық жүрегінің терең түкпірінен орын алып, азаттықтан бұрын аздап баспа бетін көрсе де, кейінгі жиырма жылдан аса уақыт солшылдық идеяның кеселінен ақынды зялылар қатарында сары ізіне шырақ алып түсіп, «көненің қалдығы» деп қудалаған. Сол тұста Халық ішіндегі шығармалар жиналмай аяқсыз қалған. Сөйтіп, жылдар аунап, 1978 жылдың аяғында халықтық сипатқа ие, Қытай компартиясының 11 кезекті үшінші жалпы мәжілісінен кейін яғни 1980 жылдан бастаған нақақ, жалған, қате идеялар анықталып, әр ұлт халқы өзінің жолымен жүруі керек деген сөз барынша айқындалып әр ұлттың оқу-ағартуы, тарихы, әдебиеті, мәдениеті салт-санасы, әдеп-ғұрпы, ділі, діні қалпына келіп, өндіріс жауапкерлік түзімі атқарылып, әрі ұлттың, әр адамның жауапкершілік түзімі өзіне беріліп, халықтың көкейтесті арманы орындалған еді.
Халыққа күн сәулесі түскен жылдарды ұмытуға болмайды. Міне осындай жақсы саясаттың арқасында әр ұлт халқы оның алғабасарлары, жол бастаушылары өзінің қазақ халқына тән оқу-ағаруды кемелдендіру арқылы тарихи құндылықтарды іздей бастады.
Қазақ әдебиеті, мәдениеті, шежіресін жинау, реттеу кемелдендіру ұлыт болып тұрудағы құндылық екендігін танып жетті. Осы қатарда Таңжарық шығармаларын жинау жоғары өреге көтерілді.
Міне бұл 1980 жылдар іші болатын. Бұған ат салысқан адамдардан Оразанбай Егеубай, Жақып Жүнісұлы қатарлы зерттеушілердің еңбегі зор болған. Осы кезде Таңжарық жоғары өрелі құрдастар, замандастары Таңжарық ақынның хатшысы болған замандастарының көбі көзі бар тірі кезі екен. Ақын шығармалары халқына жағымды болғандықтан өлеңдерінің көбі халықтың көкейінде сақталып жатталып қалған. Әуел десеңіз нақтылы білетін адамдардан жазып сызып, біреуден енді біреуге тез таралып кеткен.
Әйгілі ақын Таңжарықтың өлеңдерінің халық жүрегінде көбірек сақталып қалуы – Таңжарық заманының адамдарын баурап алғандықтан іздеп жүріп қол жазбаларды көшіріп қолдан қолға өткізіп кеткенінен еді. Халық аузынан жиналған өлеңдерді баспа беті бірін бір, екісін екі Іле халық баспасына жарялап отырған. Осындай тырысшаңдықтан көптеген өлең дастандары халық аузынан жинап баспа бетінде халықпен қайта жүздесіп отырғандықтан, осылай іздеудің арқасында 2000 жылдарға дейін әйгілі ақын Таңжарықтың 3 томдық шығармалары жиналып кемелденіп баспадан шыққан, жұртқа таратылған болатын.
Ақын 43 жылдық қысқа өмірінде «Сәнуар патша», «Нәзгиүл», «Садық пен Сәлиха», «Молда мен бақсы», «Бөрі мен Бөрібасар», «Шын тілек», «Арманым менің», «Кім жатыр абақтыда», «Елге амандасу», «Жерге амандасу», «Ел сыры», «Сады еліне», «Алпысбай ақалақшыға», «Түрме халы», «Түрме тарихы», «Жігітті сұлу көрсеткен», «Ақын сыры», «Өткен күн», «Кілтшіге», «Анар сәуле» сияқты толып жатқан атақты шығармаларын кейінгіге қалдырды.
Дегенмен, бұл туралы менің де білмейтіндерім қаншама? Ақын шығармаларын айтып таусу мүмкін емес. Әйгілі ақын Таңжарықты туада біткен қасиеттерден кенде емес, қайта бөлекше дарыны мол деп қарауға болады. Оған қоғам және заман ағыны қосылып адам өзін ұштай түсетіндігі де бір жетекшілік рөл ойнайды.
«Ойшылдық, сезімталдық, зеректік» ана сүтімен бітетін қасиет деп зерделейді ойшылдар.
Дарындылық дами келе, есейе келе, жүре-жүре адамдық өрге жететіндігі даусыз ақиқат. Әйгілі Таңжарық ақын алып тұлға. Ақынның алыптығы бала жасынан-ақ білінген. Туада біткен алымды, дарынды, қайтпас қайсарлығын байқаған әкесі Жолды оны өз ауылындағы Мыңбай молдадан оқытады. Ол заманда қазақ балаларын ислам дінін негіз етіп оқытатыны белгілі. Ислам оқуы бойынша алдымен «Иман шарт», «Әптиек» пен сауат ашады. Діни қағидалар ол заманда басты орынды иелейді. Сол Мыңбай молда жағынан зерек бала, білгіш қайсар бала аталып, әке-шешесінің құрметіне бөленеді. Әкесі Жолдының өзіне тән ауқаты болса да кейіндеп кедейлесіп, өз ішіндегі Қамабайдың жылқысын бағып, тұрмысын қамдап жүреді. Бай ел шақырып, биебауда дастарқан жайып, бие байлап жатқан. Сонда айғырдың сауырна май жағып жатқан әкесі Жолдыны қапылыста айғыр теуіп жіберіп, аузы-мұрнынан қан саулап кетеді. Әкесіне жаны ашыған он жастағы бала Таңжарық:
Жолды әкем еді бас қалқам,
Жиылмай қапты дастарқан.
Қас қаққанша болғаны-ай,
Аузы-басы тас талқан, – деп суреттеп, жиналған адамдарды өзіне жалт қаратады. Қан-жоса болған әкесіне жұртың қабырғасы қайысады.
Өстіп жүріп сауатын аша бастаған бала Таңжарық әкесі Жолдыға еріп мешітке намаз оқуға да барады.
Жасапты бұл мешітті діңгек қойып,
Арқалықты діңгекке мін деп қойып.
Ішінде ақ сәлделі бір молла отыр,
Пайғампар бар құдайым бір деп қойып.
Молдекем әбден менің зәремді алды,
Бес уақыт намаздан міндет қойып, – деген өлең жолдары ел арасына тезден тарқап кетеді. Таңжарықтың дарынын байқаған ел оны «Бала ақын» атандырды. Енді ислам жазуына келсек: Түрік халқы деп аталатын халықтың бір тармағы болған қазақ халқы өзін арабтың Әнес сақабасынан таратып, жалған шежіре жазған. Онда қазақ халқының түп атасы сахаба араб деп мойындатып, он тоғызыншы ғасырға дейін осылай жалған шежіре ұстанып келеді.
Бұның шындығына келсек, түрік халқының бір тармағы болған қазақ халқы өзінің тарихының түрік халқымен қатарласып бүгінге жеткендігі айқын нәрсе.
Түріктер мен түркештер заманында қазақ даласына, Орта Азияға арабтар шапқыншылық жасады. Түркеш қағаны Сұлу қаған Орта Азия елдерімен бірлесіп, арабтардың бетін бірнеше рет қайтарған болса да, 737 жылы Амудария жағасындағы соғыстарда арабтардан жеңіліп қалды.
Арабтар Орта Азияны бүкілдей басып алады. Түрік халқының жазуын келмеске кетірді. Түрік жазуын білген өзінің тарихын, мәдениетін айтқандарды аяусыз қудалайды, қырғындайды келмеске кетірді. Тас бетіндегі жазуларды қырып өшірді.
Өз тарихын білетіндердің барлығының көзін құртады. Түріктің жазу мәдениетін тарих бетінен өшіреді.
Араб жазуымен бүкілдей исламдастырды. Араб жазуы бізге осылай келген. Жазу мәдениетіне келсек бұрынғы найман, керейлерге дейін сан төңкеріс, сілкініс өткен. Қазақ наймандары соғды жазуын қолданған. Наймандар хандығы кезінде «Найман жазуы», Шағатай кезінде «Шағатай жазуы» және «Парсы жазуы», кейін «Татар жазуы» қолданылып келді. Тіпті, қазақтар он тғызыншы ғасырдың аяғына дейін осы Шағатай жазуын, Араб жазуын қолданып келді.
Қазақты осы жағдайдан құтылдыру үшін қазақ ғалымы Ахмет Байтұрсынұлы араб жазуы негізінде қазақ ана тіл жазуын, қазақ жазу әліппесін барлыққа келтіріп, өзінің төте жазуын жасап, 1912 жылдан бастап қазақ халқы осы жазумен мектептер ашып, өз ана тілінде оқитын болған.
1930 жылға дейін Ахмет Байтұрсынұлы жазуымен көптеген әдебиет, әдеби кітаптар жарық көрген. Бұл төте жазу «Ахмет Байтұрсынұлы әліппесі» деп аталады. Әйгілі ақын Таңжарық шығармалары және қолжазбалары осы жазуда жазылған. Бұл жазу Қытайдағы қазақтардың күні бүгінге дейін қолданылып келеді.
Академик Рабиға Сыздықованың «Туған тіл» журналынан А.Байтұрсынұлы туралы жазылған түсініктемелерінен көріп отырмын. Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсіреповтердің өмірінің ақырына дейін шығармаларының қолжазбасы Ахмет Байтұрсынұлының жазуымен жазған екен.
Таңжарықтың Шотаң[1] мектебіне оқуға түсуі
Осы жылдары Іле Күре қаласында тілмаштар тарбиелейтін арнаулы Шотаң мектебі ашылып, оған қазақ пен моңғолдан оқушы қабылдайды. Бұған қабылданатын бір оқушының жылдық қаражаты үшін 40 қой салық алынып, оны оқытатын үй иесі төлеуге тиіс екен. Отбасы кедей болса, сол жердің зәңгісі яки болысы жауаты болып төлейді екен деген ұқтыру таратады. Ол кезде қазақ байлары баламыз ханзуша[2] оқыса мұсылмандықтан шығады деп қараб балаларын оқуға беруден бас тартады. Мешеуліктің кеселінен бала қытай болып кетеді деп санады. Өзінің тар өрісінен шыға алмай, кедейдің балалары оқсын деп, басқаларға итермелейді.
Бала Таңжарық «мен сол оқуға барамын деп» атылып ортаға шығады. Әкесі Жолды Таңжарықты Машақа болысқа ертіп барып ақылдасады. Таңжарықтың зеректігін, қайсарлығын естіп біліп жүрген Машақа болыс «мектептің алым-салығын елден жинап беремін» деп атсалысып, 40 қойды елден жинап, Таңжарықтың Іле Күре Шотаң мектебіне барып оқуына мүмкіндікжаратады.
Іле Күреде ашылған Шотаң мектебі қытай тілінен басқа есеп, жағырапия, тарих қатарлы жаңа білімдерді өтетін еді деп тағы айтылады. Ел-жұрты мен үлкендердің қолдауын алып аңсаған оқуға дайындалады.
«Іле Күресіне барып қытай болсам мен-ақ болып кетейін» деп қиын сәтте қырпулы ой айтып, ертеңгі болашақ халық қамы үшін, қытай тіл-жазуын құлшына үйренуге сенімді түрде бел байлап, сертін беріп, оқудан қашқан олақ надан елді үрейден құтқарып, 1919 жылы 16 жасында Іле аймағы орталығы Күре қаласына келіп, Шотаң мектебіне оқуға түседі. Бала Таңжарықтың армандап аңсап келген Шотаң мектебі жүйелі оқу программасы болмаған, аты бар, заты жоқ алан-ашық алты ауызды там үй, бар орын тар болғандықтан, қытай тілін үйреніп халық қажетінен шығам деп, алыстан ат арытып аңсап келген Таңжарықтың таудай талабы басқа ұрғандай, тығырыққа тірелгендей болады. Білім беріп санасын ашу емес, оқытуды перде етіп отырған, әр жердегі аңқау елді алман-салыққа сылқия тойып қарындарын қампиту екендігі, арада он күн болмай-ақ айпарадай әшкере болып қалады. Жоспарлы, сатылы жүргізілетін мектеп сабағын қанағаттандыра алмайды.
Жазда балаларды ұзақ демалысқа таратып жіберіп, қыста небәрі 2-3 ай сабақ өтеді екен. Осының өзінде араны аш қасқырдай ашылған Әншиң мұғалім Дауғалдайлар және бір қаншасы бар, бай балаларына ілесіп, сол маңдағы ауқатты отбасыларды аралап, қазы-қарта, жал-жая асап дәніккен. Олар ұқық иелері қарын тойғызып сауық-сайран салып күн өткізеді екен.
Алыс аудандардан бала салығынң орнына айтылмыс білім ұштағалы ұсталып келген кедей-кепшіктің жұпыны киімді балалары ішіп-жем, жатын орынның нашарлығынан құйға батқандай қиналып, қатқан қара нан мен қатықсыз қарасудан қалжырап қайғы теңізіне батып, ғарып болғандай күй кешеді.
Шотаң мектебі өмірінде қиналып жүрсе де зерек қайсар бала Таңжарық жатпай-тұрмай, күндіз-түні қытай тілін үйрену жазумен болып тынбай құлшынып заманның ағысын игеріп міндетіне алған қытай тілін мұқият үйренуге күш салады. Зейін зердесін жұмсап үйреніп өзінің тапқырлығын көрсете жүреді. Мектеп қаражатын тапсырмадың, қу кедейдің баласы деп шетке қағыла бастайды. Әншің мұғалім бастығы Ғалдайларға өз семиясының жағдайын жұмсақ тілмен жеткізіп айтады. «Зәңгі және болыстық ауылдармыз, мектепке тапсыратын қаражатын елден жинап береді. Асықпай тұрыңыздар» деп өзінің зар мұңын жеткізіп айтса да, оны тыңдайтын адам болмайды.
Бұл кезде қызай дербіс елінің Машақа болысы қайтыс болып кеткен, орнына Алпысбай болыс сайланған кез болатын. (Мектепке берілетін қаражат кешігіп қалған) мұғалімдер басқарушылар өздеріне пайдасы тимейтін кедейдің баласын «қара сирақ қу кедейдің баласы, мектептен кет» деп қудалайды. ТАңжарық олардан таяқ та жейді.
Оларға дәт айтса да тыңдайтын құлақ жоқ. Ашынған бала Таңжарық ақын Шотаң мектебінің мұғалімдер кейіп-кеспірін суреттеп өлең шығарып сабақтас балалар арқылы елге таратып жібереді.
Бұл Шотаң отыз бала жатқан жері,
Дәм-тұзын Тұрдақынның татқан жері.
Қырық қой салып төлеп киім кимей,
Тон шалбар борбайында қатқан тері.
Кейбіреe құрттап, биттеп, жүдеп те жүр,
Құдайдың осы емес пе атқан жері, - деп сол заманның ағымы Шотаң мектебінің кейіп-кеспірін ашып көрсетеді.
Заман ағымы қоғамдағы ақ пен қараны жеріне жете көрсетіп, былғы мен шылығын жас жаны күйе суреттеп қағаз бетіне түсірген. Сабақтастарына:
Теріс жазу жаттасаң да әмір таппай,
Суреттеп келтіре алмай құр жыладың.
Заманның не боларын біле алмайсың,
Қалтаңның көрсетпесең пұлды жағын, - деген ақын бұл арада жазудың терістігіне емес, оны үйрететін оқымысты атын жамылған мұғалімдерге іші қазандай қайнап, олардың құлқынын байқап кекетіп отыр.
Майпазымен ұрады Бақшы пұшық,
Дәуғалдай кеп отырар арақ ішіп.
Тәңірідң әділеті қайда кеткен,
Бір пенде жоқ алатын ара түсіп, - деп аһ ұрады. (Осы сөз балалар арқылы таралып кетеді).
Бұл арада ақын бақшы пұшық деп Әншиң мұғалімді айтып отыр. Басқарушыны ол заманда ғалдай деп атаған қазақтар Әншиң мұғалімді бақшы пұшық деп атап кеткен. Ал Дәуғалдай деп отырғаны сүйегі үлкен адам болса керек Дәулеткелді ғалдай деп айтылып отыр.
Әншиң мен Дәу ғалдай астасып өздерінің халық алдында беттері түсіп атақ абройына дақ жетіп, Таңжарық мектеп тартібін бүлдірді, ұрлық қылды дегендерді ойдырып шығарып мұғалімдерді ианаттады, қол жұмсады ауыр қылмыс өткізді. Жазаламаса мектеп тәртібін сақтау қиын деген фактілерді толтырып түрмеге жаптырып тастайды. Екі ай тұрмеде жатып қалған Таңжарық бала кезінен түрменің дәмін татты. Туыс-туған ел жұрты болып түрмеден шығарып алады. Бұл туралы айтқан өлеңдері бар. содан азырақ айта кетелік.
Алпысбайға:
Сенің көзің тұрғанда,
Дербіске пәле келмесін.
Құдай өзі жөндейді,
Құлым деген пендесін.
160 сом берді Сүлеймен зәңгі өлмесін.
Бес кісіні босатып оразайтқа кіргізді.
Жамандық басын көрмесін,
Нүсіп күнде Еңсебай,
Жиырма мен отыздан беріп кетті теңгесін.
Қасен келді жүгіріп, шамасы сол байқұстың,
Бермесе мейлі бермесін.
Сүлеймен дербістен тараған «Сады» елінің зәңгісі. Бұл кез ораза айт кезі екен. Таңжарықтың ел-жұрты сады елі жиылып бала Таңжарық ақынды тұрмеден босатып алады да, еліне, туған жеріне үйіне оралады.
Енді Таңжарық заманына аздап назар аударып көрсек, ХХ ғасырдың басынан басталған Шынжаң жеріндегі ала сапырандық халықтың мойнына таңылған ауыр салықтан қан қақсаған халық қаншама? Міне бұл төңкерісшіл ақын Таңжарық Жолдыұлының заманына тұп-тура келді.
Бүкіл Қытайды уысына сидырған Цин патшалығы (Манжу хандығы) еді. Бұл Нұрұас батыр Сұрқаштардың басым күшімен манжу хандығы құрылып бүкіл Қытай елін уысына сыйдырған Цин патшалғы деп аталатын хандық болатын.
Бұл 260 жылдан артық дәурендеген хандық Цин патшалығы Іле генарал мекемесі арқылы 1762 жылдан бастап Шынжаңға билік жүргізеді. Міне бұл жоңғарлар тыныштандырып манжу хандығы билік жүргізген кездері Цин патшалығы халыққа салықты көбейтіп, іріп-шіріген билігіне қарсы көтерген диқан шаруалар көтерілісі барған сайын үдей түскен. Сун Жұңшан (Сунб Яацен) басшылық еткен халық көтерілісі ақыры 1911-1912 жылдар Цин патшалығын аударып тастап Жұңхуа Мингоны құрды.
Бірақ ол төңкерістің жемістерін патшалық феуодалдық бай шонжарлар тартып алды.
Ақырында Сун Жуңшан сияқты алғабасар қалың диқан шаруаларға өкілдік етіп Қытай Гоминдаңын[3] құрған еді. Бірақ патшалық түзім жойылған болса да тәртіп түзім Цин патшалғының түзімі бойынша қала берді. Және Совет Одағының көмегімен Қытай коммунистік партиясы 1921 жылы құпия құралған болатын.
1911 жылдан бастап 1928 жылға дейін Яң Зыңшың генарал Шынжаңның бар билігін қолына алып, Шынжаң халқын аузына қаратып тұрған кезі еді. Шынжаң халқы уысында ұстауды мақсат еткен кең көлемде оқыту жолын ашпаған халықты мешеу ұстамаса қолға тұрмайды деген өзінің ішкі есебі болған. Ал қазақтардың ішіндегі мансап ақалақшы (болыс) мампаң, зәңгі, күнде, елубасы, онбасы деген басқару билігін берген Іледегі күре суйдің мекемесі арқылы басқарған билікті малға (пұлға) сатып алып отырған үлкен мансап иелерін ол кезде (ұлық) деп атаған қазақ ішіндегі болыс, мампаң зәңгілер ұлыққа барып бас иіп тоңқаңдап мал-мүлкін ұлық жолынан аямаған. Халқына салықты көбейтіп ауыр алман салықты басым күшпен шабарман арқылы жинап алып отырған, қазақ ішіндегі мансап иелерінің ақысы халықтың мойынна артылған.
Сөйтіп өнер біліммен кеш қалған халықты сүліктей сорып отырған. Атадан балаға қалған мансап патшалық түзімнің тәртібі сол аузы қисық болса да байдың ұлы сөйлесін деген сөз сол заманнан қалған.
1928 жылы Яң Зышың өлгеннен кейін Шұншорын[4] билік басына шығады. 1933 жылы саяси өзгеріс туылып екі жүзді қанқұйлы жендет Шың Шысай Шынжаңның билігін уысына түсіріп, халықты адам айтқысыз естен кетпес ауыр қырғыншылыққа ұшыратты. Сол кездегі Шынжаңдағы аласапыран қанды қырғынның бәрі қанды қол Шыңсайға байланысты.
Әйгілі ақын Таңжарық Жолдыұлы Шың Шысай түрмесінде 6 жыл 7 ай жатқандығы жазғаны болатын.
Түрмеде алты жыл, жеті ай жатып,
Жүр екен түзеткелі кімді дерсің.
Бұл сөздің астарына түсіне алсаң.
Айтыпты жалғаны жоқ шынды дерсің,- деген ұзақ толғауы бар.
Таңжарық ақынның Совет Қазақ жеріне білім алу үшін баруы
ХХ ғасырдың 1920 жылдарынан бастап сол Совет қазақ жерінен қашып келіп жатқан білімдер байлар жағынан айтылып жүрген Совет одағына жаңа үкімет орнатыпты. Байларды тәркілеп қуғындап жатыпты, кедейдің баласы пұлсыз тегін оқиды екен деген хабарды естіп жүреді. Қазақ жеріне барып оқуды өзінің оқуға болған сусын қамбадағыны арман етеді. Білімге болған алып ұшқан жастық жалын басылмайды, тіпті үдей түседі.
1922 жылы Күнес ауданы Таңжарық ауылындағы атақты Сасан бидің баласы Нұптебек байдың Күнес Ақөзен жайлауында 400 қазақ үй тігіліп ат шаптырып атақты үлкен ас беріледі. Нүсіпбек Сасанұлының асы аса дабырлы өтеді. Даңқы Іле өңірінен асып талай жерге жетеді. Бас байгеге 100 жылқы, 15 мәнерленген құрым попайка беріледі. Нүптебек попайка зауытын салдырып, тері мәнерлеу зауытын жасаған адам. Әйгілі ақын Таңжарық Жолдыұлы: «Нүсіпбектің асы» деп аталатын атақты шығармасын жазды. Нүптебектің асы 1922 жылы атақты Күнес Ақөзен жайлауында болған.
Біреуді артық, біреуді бай жаратып,
Зарықтырдың біреуді бәрінен кем.
Толқыған толықсыған дүниеде,
Жаралған адам болмас бәріне тең.
Бір мың тоғыз жүз жиырма екінші жыл,
Ас болды Ақөзенде көріп ем мен, - деген сөз қалдырған ақын. Және Әсейін, Әбікен сияқты талай жолдастармен ақылдасып Совет одағындағы Қазақ жеріне өтіп оқу қууды көбірек айтады. Бірақ бұлардың барлығының барғысы келмейді. Осымен жас жылқышылармен құпия сөйлесіп Нұптебек байдың жылқысын ішіндегі атағы шыққан кетік көк деген атты жасырын ұстап, тілін буып жаратып, ақыры сол 1922 жылы қазан айларының аяғында осы кетік көк атты мініп қазақ жеріне қарай бет түзейді. Жасырын қашып шыққан жалынды жас жігіт алып ұшқан жастық жалынын тоқтата алмай сан белдерден асады. Ақырғы күздік салқын самалында тербеліп көп жолды артына қалдырып Нарынқол, Қарқара деп аталатын жердегі Ұлы жүз албан еліндегі нағашыларына барып, нағашыларының көмегімен ел көріп, жер көріп, армандаған оқуын жалғастырады. Бәйге кетік көк атқа мініп елінен қашып шыққан жастық жалын қиянда қияларға жетелесе ұзақ жол қажытып асқар шың жасыл дала адамды шыңдай түседі. «Арманым менің» деген өлеңі осы кезде туылған сияқты, ақын осылай әндетіп келді. Міне бұл жас жүректен шыққан арман әні деп айтады.
Сол заманда жападан жалғыз елден шығып ұзақ жол басып жат жерге барғандығы азаматтың қайтпас қайсар ерлігінің көрінісі дегің келеді.
Арманым менің әнін шырқап келеді
Арманым әттең дүние халым менің,
Жоқ болды-аау сөзім күшті мәлім менің.
Босаға кедейдікі, төр байдікі,
Қайнайды сол жеріне қаным менің.
Бұл күнде тіл сөйлемей пұл сөйлеген,
Шыдайды бұған қайтып жаным менің.
Тон келте, жүнім сұйық, құйырық шолақ,
Жетіліп бір шықпайды-ау жаным менің.
Бір атты өзім мінсем басқаға жоқ,
Жетеді неменеге әлім менің.
Баспана жыртылған қос, сауын жалғыз,
Не болар кемпір менен шалым менің.
Қапаста шырылдаған боз торғаймын,
Бұлбұлдай естілер ме әнім менің.
Аударып феодалдық өктемдікті,
Қай уақытта атар екен таңым менің.
Есе алса езілгендер зұлымдардан,
Сол кезде түрленер ең сәнім менің.
Көксеген арманыма жетіп өлсем,
Қабырда шірімес еді тәнім менің, - деген ақын толғауларынан толып жатқан нәр білім жатқандығы өзінің кедейлігі, әлсіздігі жанын мұжып қоғамның теңсіздік феодалдық түзімнің заман үшін кедергі бол отырғандығын әшкере сындады.
Сөйтіп алыс жолды қысқартып өзімен өзі сөйлесіп кеңесіп, Қарқара Нарынқолдағы нағашыларына келіп қосылып, өзі армандаған мектептерден біліммен сусындап, көңіл-күйін көтере түседі.
«Таңжарық пен Қойдымның айтысы» осы Қарқарада болған. Осы айтыс ел назарын ерекше аударған. Ол кезде қазақтың алаш рулары өздерін өздері сындап, Албан мен Қызайдың кем-кетік кемшіліктерін айтып, өткен заман ағысын тілге тиек еткен көрінеді. Осындай екі ауыз сөз айта кетелік.
Таңжарық:
Осы Қойдым ақын жұртты тиған,
Жолында алаш елі жанын қиған.
Боз қарын шыға салма көрінеді,
Шытынап шыт көйлекке әрең сиған, - десе. Қойдым:
Қараңдар мына топқа найман келді,
Қаңғырған жалғыз қызай қайдан келді.
Асу ұрып мырзалығы кері кеткен,
Мойынына көк шолақтың ері кеткен.
Ақтабан шұбырынды ізіне сап,
Мен бе едім қызайыңды тентіреткен?!
Қойдым мен Таңжарықтың осылай ұзақ толғауы бар.
Осы Нарынқол, Қарқара жеріне білім-өнер іздеп келген ақынның боз балалық дәуірінде орыс тілінен де, қазақ тілінен де сабақ алған көрінеді. Осы оқумен бірлікте баспадан шыққан Абайдың кітаптарымен таныса бастайды. Абай кітаптарын іздеп жүріп оқып әлем таныған Абайдың ақылия сөздері мен және өлеңдерімен де таныса бастайды. «Сегіз аяқ» деп басталатын құнды шығармалары мен ақылиялары Таңжарықың оқуына да рухани тірек болған.
Абай кітабы, Ыбырай Алтынсарин, Шакарім, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақыптардың шығармаларынан сусындап, өзінің ой өрісін онан әрі ұштай түседі. Абай және Алаш зиялыларын өзін үлгі етеді. Осылай оқуын жалғастырып өзінің білімге деген құштарлығын әйгілеп ой өрісін аша түседі. Жаңалықтардан заман ағымы, қоғам ауқымы туралы түсініктері айқындала түседі.
Ақын өз жеріне 1925 жылдары оралғанда, ұлы Абай кітаптарімен қоса көптеген білім өресі жоғары кітаптарды базарлық ретінде ала келіп, ел-жұртына, ағайын-бауырларына тарқатып беріп, мешеу жатқан елді жаңа біліммен сусындатады. Білім қуған талаптылардың қызу алқауына бөленеді. Өз жұртының білім өнерден артта қалғанына опық жейді.
Әйгілі ақынның өмір мектептері де көп болған. Ақиқат пен қатігездік шиленіскен құлдық езгінің арпалысына тура келсе де6 кеудесінен атылып шыққан өлеңдерін тоқтата алған жоқ.
Халқымыздың «Ұлықты танған жерде, адамдық орын жарқырайды» деген сөзінің тереңдініне көз жеткізіп, өнер, ғылым, білімге тіптен бел байлап, мықтап кіріседі.
Ақын Хакім Абай, Ыбыраай Алтынсарин, Шакарым, Мыржақып қатарлы алаш зиялылары мен ғұламаларының шығармаларын өзінің өмірлік үйренуіне, төл дарынын ұштауға шырақ етеді.
Енді «Ақын сыры», «Шынтілек» деген шығармасынан үзінділер айтамыз.
Сөзі деп пәленшенің атап айтар,
Сынасаң сыны түзу ұл баланы.
Абай, Әсет, Ахмет, Мыржақыптар ,
Жетпейді оған жисаң мың баланы.
Шәкәрім, Әріп пенен Мұрын Омар,
Көмбеге олар шапса тың барады.
Сөзінің әрбірінің сыры бөлек,
Мыйға салып екшесең ылғанады.
Сөздері басқа ақынның мағын мәлім,
Құрт салған шайдай іріп былғанады.
Бәрін де Абай сөзі басып кетер,
Бір парша шеттен алып қызғанады.
Сөзі бар басқа ақынның жыртық-жамау,
Жүректен әрең шығар тырнағаны.
А. Байтұрсын атын бұзып, болды «Маса»,
Қос қыртысты сөз жазды беті таса.
Ызыңдасам ұйқыңды бөл деп еді,
Оқыған адам көрмедім оны да аса.
Сынық бұтақ секілді төмендемей,
Жемісіңді жұлғызбай деді жаса.
Бет-бетіңмен малша өрмей бірік деді.
Қайтесің оны да ел тыңдамаса,
Міржақыптан жазылды «Оян қазақ»,
Оны қашан ескерді ноян қазақ?!
Оянғанның орнына ұйқы салып,
Қалды ғой ши түбінде қоян қазақ.
Шәкәрімнен таралы «Қазақ айна»,
Оны көріп қай қазақ алды пайда.
Есіл сөздің жете алмай қадіріне,
Кітабі ұқпақ тұрмақ қалды қайда.
Сол сөздер ешкім ұқпай қараң қалды,
Сөз ұқпайтын қазақта сараң қалды.
Шынға сенбей жалғанға сатылған ел,
Тау мен тасқа қақтығып арандалды.
Сол жүргеннің бірі мен жүрген азып,
Су таба алмай құрғақтан құдық қазып.
Енді қазақ түзеліп ел болар деп,
Үмітпен аз ескеріп қойдым жазып.
Әйгілі ақын Таңжарық Жолдыұлының толып жатқан, өзен болып ағылған шығармалары бар. «Келгенде өз-өзіне қандай мықты» атты жырына көз жүгіртелік:
Келгенде өз-өзіне қандай мықты,
Аталып батыр балуан даңқы шықты.
Ол қара күш істемей бұл заманда.
Басқалардан қорғанып қойдай ықты.
Сойыл шоқпар жарамай қарулыға,
Балуанды айла, сиқыр, өнер жықты.
Өнер білім үйренген аз болса да,
Көпті көміп көл қылып көрге тықты.
Енді білді біздің жұрт кім қиынын,
Аузын басып арман қып іштей бықты.
Қойдай талап бас салып басыңды жеп,
Жүрекке отыр салып кетпес дықты.
Басқалар құстай ұшып жүр басында,
Қояндай қасқыр көрген қазақ бұқты.
Сақтаулы қалбырдағы қаймағындай,
Басқалар мұртын майлап қолын сұқты.
Малыңды алып басыңды дауға салып,
Ақ бетіңе қаралап күйе жұқты.
Әлдеқашан хакім Абай айтып өткен.
Қанеки сол ақылды қайсысы ұқты?!
Біреуіңді көрмесең бірің дос деп,
Бірліксіз қылған істің бәрі бос деп.
Айтқан сөзін бір қазақ ұқпаған соң,
Жағын жар, тілін кез қып кеткен қош деп.
Кейінгі Шынжаң қазағының зиялылары Қытай Шынжаң қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі әйгілі ақын Таңжарық Жолды деп тұрақтандырды. Біз Таңжарықтай ұлы тұлғаны көрнектілендіруге, ақынның бүкіл қазақ әдебиетіндегі орнын жоғарлатуға хақылымыз. Ұлы ақын қазақ Алаш зиялылары қатарынан орын алуға тиісті деп білеміз. Әдеби өмірдегі ақын шығармалары, өлеңдері жетіп асады.
Бүгінгі қазақ әдебиетінің жарқын қадамын жандандырып әдебиеттің биік шыңын жарату заттық байлық рухани байлықтың ғылми өндірістің шығар жолын жаратып теңдік пен татулықтың үлгілерін шығар түйін ете отырып ынтымақ пен бірліктің «Алтау ала болмайды, төртеу түгел болатын», «Теңдік» араздық тудырмайды дейтіні ұлағатты ақлияға табанды болуымыз керек екендігін көре білуіміз керек екен. жоғары мен төменнің қайшылығын дұрыс шешу адамдық қасиеттерден жаңылмауымыз алғы шарт етіп ұсталу керек. Адамдық мөрал тәрбиесі шығар жол.
Абай: адам баласынан «Ақыл ғылым, ар, мінез, ұят деген нәрселермен озады. Басқалай деудің бәрі ақымақтық» деп көрсетеді. Біз Абайдың ақылияларын боымызға жұқтыра алдық па? заттық байлық пен рухани байлықтың шығар жолы озық өндірісті қастерлеп, ғылыми өндірісті шығар түйін етіп өндіріс пен ғылымның қатынасы өндіріс пен білімнің қатынасын шығар түйін ету озық өндіріс дамымаса халықты дамыту халық тұрмысын жақсылау бекер сөзге айналады. Осыны жоғары орындар мықты ұстауы керек.
Әр адам өзін өзі дамыту, өзін-өзә бағалау керек екен. Рухани жаңғырыу үшін қоғамның әдеби өршіл талаптарын қанағаттандырып, отанды, халықты озық өнер ғылымның, өндірістің кәсіптері жаратылса әдебиетіміз де дамитыны сөзсіз.
Дамудың артында қалмай тәжірибе сабақтарды қортындылап, Алаш зиялыларының әдебиеттегі өршіл талабын қанағаттандырып, жастар бұдан сабақ алып, қоғамдық өндірісті дамытып, әдебиеттің халыққа қызмет өтеуін, халыққа қызмет өтеуде жастардың қоғамның озық өндерістегі орнын жоғарылату, білімнің әдебиеттегі үлгісін жаратуға қарай ойысуымыз керек. Осы сияқты қазақтсың егемендігі – біздің баға жетпес құндылығымыз. Осыны еске ала отырып6 тәжірибе сабақтарды қортынлап, айна етіп тархи өткен істерден сабақ алып, өзімізді өзіміз қастерлеуіміз өте қажет.
Алаш алашты керек етпесе сені кім керек етпекші? Біз Абай идеясымен қаруланып, Алаш зиялыларының тәжірибе сабақтарын қортындылап жинақтап, қоғамның артықшылықтарын қастерлеп, кемшіліктерді түзетіп, ғылми өндіріс өресін жаратып, ғылым техника қызметкерлерінің, кәсіптің өресін жоғарлатуға, ғылым өнер жолмен жүруге негізімізді мықтылауымыз керек.
Таңжарық ұлт үшін аса ірі рухани үлес қосты
Таңжарық Жолдыұлы «шетелдің ақпаратын таратып жүр» деп, Іле Құлжада қолға алынғаннан кейін, 1928 жылы халық жағынан «азаматымыз күнәсіз» деп босатып алған болатын. Осыдан кейін ақын халықтың мұң-мұқтажын өлеңмен жеріне жеткізіп айтып, елін қараңғылық мешеуліктен құтқару жағында өлеңдерін барған сайын үдете түседі.
Адам баласының жастық махаббатын да ақын қағыс қалдырмаған. Жастық жалыны үдей түскен «Анар сәуле», «Назгүл», «Ей, Алла осы әлемді сен жараттың» қатарлы шығармалары осылай ақынның сан алуан тапқырлық шығармалары тасқыны судай жөңкіле түседі.
Осы кезде Іле жерін жаудан қорғау үшін Күре ұлығы Іледегі қазақ болыстарының барлығын шақырып басын қосып, жан-жақтан жау анталауда, өз ішіндегі дүрбелеңнен сыртқы жаудан қорғануға қазақ болыстарынан кеңес сұраған. Сонда алдыға ешкім шыға алмай отырып қалған. Іледе атағы бар Сасанның баласы Тергеусіз қызайдың Құдайменде тәйжі шыққан. Кейін осы Тергеусіз қызай еліне тәйжі болған. Осы тергеусіз баласы Мақсұт болыс алдығы шығып сөз алып, жаудың бетін қайтаратындығын дәлелдеп, өзінің жоспарын алдыға тартады. Және нақтылы айла-шараларын да көрсетеді. Күре ұлығы қарсы алып, қанағаттандырып Мақсұт болысқа әскери күш береді. Мақсұт болыс қазақтың өзінен әскер алып, Күнес басы Жұлдыз асуынан келетін дүңгендердің бетін қайтарып жеңіске жетеді. Күре ұлығы Мақсұтты алқап «Гуандай болыс» атағын береді. Бұл Әскери болыс деген сөз. Мақсұт гуандай болыс аталып, атақ-абыройы жоғарлап Іледегі қазақ болыстарының үстінен қарап, Іле қазақтарына билігі жүре бастайды. Таңжарық ақынның алымдылын байқаған Мақсұт гуандай және ақынның ханзу, орыс тілін білетіндігі үшін өзіне кәтіп етіп алған болатын. Бұл кезде жоғары дәрежелі оқыған зиялы Әбеу Қодышұлы 1933 жылдан бастап өлкелік қазақ-қырғыз ұйымының бастығы болғаннан кейін үш аймақ оқу-ағарту қызметін ұстауда айырықша мән берген. Ағарту ісі жанданып әр аймақтарда ұлттық оқу-ағарту құрыла бастайды.
1935 жылы науырыз айында Құлжа қаласында «Қазақ-қырғыз ұйымы» құрылады. Мақсұт гуандай Әбеудің орналаструымен осы ұйымның бастығы болады. Оның орынбасарлары Суан Кенжебек болыс және Торғай Жабықбай болыс сайланады. Әдебиет көркемөнер саласына Таңжарық жауапты болады. Ұлттық оқу-ағарту бойынша, үш аймақ көлемінде жер-жерден арт-артынан бастауыш мектептер ашылып, курсанттар ұйымдастырып мұғалым жетістірушы қауырт ұсталады. Әдебиет көркемөнер жандана түседі. Іле аймағының жер-жерінде мектептер бой көтеріп оқытушы тәрбиелеуге көңіл бөлініп қазақ жерінен келген білімділер Іле білім жұртымен бірлесіп оқытушы тәрбиелеуге мән беріліп үздіксіз тәрбие жүріліп жатқан соның бір Көкқамыр Құлжа ауданынан «Турасу» жайлауында ашылған турасу курысы еді. Сол жылдары А. Байтұрсынұлының әліппесінмен білім тарқатқан мұғалімдерден біразі бар екен. Соның бірі, Мейірхан Ермектасов қазақ ана тіл әліппесінен сабақ өткен. Білімге ұмтылған Құлжа ауданының жер-жерінен келген талапты жастарға курс ашып сабақ өтеді.
Көптеген адамдар сабақ алып қысқа уақыт ішінде сауат сабақ беретін мұғалімдер қатарында Іле білім жұртынан оқу тауысып, турасу курске оқытушы қатарында келген Дулат Шарафиұлы да бар еді. Ана тіл әліппесі үйрену жоғары өрлеуге көтеріліп А. Байтұрсынұы әліппесімен сауат ашады. Есеп, жағырапия, тарих туралы да сабақ береді. Ұрпақты, жас жеткіншектерді тәрбиелеуге осылай мән беріледі.
Надандықтан құтылу қимылы күшті аңыс қозғайды. Оқу мерзімі біткен соң емтиқан алып, толымды мұғалым деген куәліктерімен жер-жерлеріне қайтады. Құлжа ауданы Борбосыннан «Турасу» курсіне қатысқандардан Мұқат Аубакірұлы, Мұқамади Дәркембайұлы, Әбіш Өтебайұлы, Әлкей Атабайұлы, Майнұр Садыққызы қатарлылар және басқалар бар. Осы 1930 жылдар басталысымен Іле өңірінің жер-жерінде мектеп салудың бәсекесі басталып кетеді. Көкқамыр Құлжа ауданынан алғашқы бой көтерген мектептерден «Жырғалаң Жабықбай мектебі», «Құлысты Нәсілбек мектебі», "Борбосын Мұқан" мектебі, "Бесдөң Сымағұл" мектебі бой көтеріп бала оқыта бастайды. Және сауатсыз оқытуды да қағыс қалдырмайды.
Мақсұт гуандай қазақ қырғыз ұйымына басшылық етіп Әбеу Құдышұлының қолдауымен Таңжарық Жолдыұлы қатарлы зиялылар қазақ оқу ағартуына ерекше ұлес қосады. Әсіресе «Жырғалаң Жабықбай мектебі» бастауыштан орта мектеп 10 класқа дейін сабақ өтіліп көптеген оқушылар жетіліп шығып оқытушылардың қосыны жақсара түседі. Сөйтіп қазақ ана тілінде көптеген зиялылар жетіліп шығады. Және Күнес Сатыбалды мектебі, Аралтөбе мектебі, Талдытұран мектебі, Нылқы ауданы, Қаратөбе Оразқан мектебі тағы басқа көптеген мектептер бой көтеріп халықтың надандықтан, мешеуліктен құтылуына жол ашылып халықтың алқауына бөленеді. Қанапия Дәркенбайұлы, Дулат Шарафиұлы қатарлылар осы Қаратөбе мектебінде мұғалім болған. Қаратөбе Оразқан мектебі ол кезде аудан ролын атқарған бұл мектеп Оразқан болыс салдырған мектеп екен. оразқан Стамбайұлы Үш аймақ төңкерісін қолдап 300 ат ер-тоқыммеенен жөнелткен екен.
Қазақтың өзінің ана тілінде жан-жақтылы талаптанған алғабасар жастар көптеп жоғарыдағы мектептерден жетіліп шығады. Мысалы үш аймақ төңкерісін бастауыш Акбар батыр, Сейіт батырлар, Нұсыпқан Палкауның, Манапқан Палканик, Қанапия майор, Қазықан командир, Рәшат капитан сол қара түнек заман гоминдаңға қарсы көтерліген езгі мен қанауға қарсы халықты бастаушы алғабсар зиялылар еді. Міне бұлар әйгілі ақын таңжарықтың замандастары болатын. Таңжарықтың Акбар Сейтке жазған хаттары растай түседі.
Кейінгі Таңжарық шығармаларын жинау баспадан шығаруға ерекше үлес қосқан әйгілі Құрманалы Оспанұлы, Ерғали Әбілқайырұлы қатарлы басшылар өз үлестерін қосқан. 1980 жылдан кейінгі Таңжарық шығармаларын жинап баспадан шығаруға Жанабіл Сымағұлұлы, Асқат Керімбайұлы қатарлыларда әйгілі ақыны Таңжарық шығармаларын толық негізін табуға атсалысқан басшылар десек болады.
Жазушы Оразанбай Егеубай тарихшы, жазушы Жақып Жүнісұлы кейінгі Құрманәлі Жүнісқанов қатарлы жазушы, зерттеушілер ғылмыи мақалалар зерттеулер жүргізген кітап жазған тарихи адамдар Құманәлі Жүнісқановтің «Таңжарықты тану кітабы» Шынжаң халық баспасынан 2013 жылы жарық көрген.
Таңжарық ақын «Қазақ қырғыз ұйымында» 1930 жылдан бастап істеген кезде қазақ оқу-ағартуына сүбелі үлестер қосқан Шынжаңдағы алаш зиялылары. Әбеу Құышұлы, Шәріпқан көгедай, Дубек Шалғынбай, Мақсұт гуандай, Жабықбай болыс, Оразқан болыс қатарлы зиялылар үш аймақ оқу-ағартуына өшпес үлес қосты. Таңжарық ақын қол салып істеген әдебиет көркемөнерді барынша дамытып Құлжа қаласында қазақтың алғабасарларымен бірлесіп, халықтарды ескіліктің есігінен шығып даладан қалаға түсу арқылы мәдениет өнер білім үгіттеу болды да қазақтың «Қызжібек пен Төлеген», «Қойшы Көбен», «Қалқаман мамыр», «Шұға», «Еңлік Кебек», «Бетім-ай құдағи» ғашықтық дастандарды сахналаструмен басталды. Драма театр көруге адам теңдігін жырлау. Әйелдер теңдігін жырлаумен сахыналастыру арқылы сандаған кейіпкер жетілдіріп арқын Таңжарық өзі Әбіш, Кебек, Құдағи родарын тартымды сомдап білімге шөлдеген қазақ, қырғыз бауырластарын адамдық теңдік жолына болған сусындатып жоғары бағаға ие болады. 1934 жылдан бастап орталық қала Үрімжідегі оқу-ағарту мекемесі жағынан Іледе Ханзуша және ұйғұрша газет шығады. Мұны көрген талғампаз Таңжарық Мақсұтұа барып Іледе қайсы ұлт көп төтесінен сұрау қояды: - Әрине, қазақ көп, - деп жауап береді Мақсұт бастық. Расында сол кезде жан саны жағынан қазақ басым еді.
Бұл сұрақ Мақсұт бастықты ойландыра түседі. Сөйтіп Таңжарықтың бастауында жан-жақтылы ізденумен 1935 жылы Іледе «Іле өзені» газеті тұңғыш жарық көреді.
Әділет шындық жолын үйретеді,
Ашады ашты шайдай аң сезеді.
Айнадай жарқыратып көрсетеді,
Міні бар қолыңа алып көр өзіңді.
Ақылды ауызша айқтан алмаушы едің,
Сөзіне айтқан құлақ салмаушы едің.
Қымызға шекең қызып алғаннан соң,
Пайдасыз бос мылжыңнан танбаушы едің.
Балаңды оқыт десе қашушы едің,
Дау жаңжал шатақ жаққа басушы едің.
Топ құрып мөрге талас бар өнерің,
Өкіріп көк жатушы едің.
Ол заман келмеске кетті деймін,
Көз ашар заманымыз жетті деймін.
Қалың қазақ енді аш көзіңді,
Оқып көр газетімді тағы менің,
Жалынып қайта-қайта өтінемін деген Таңжарық ақынның өзі қол салып шығарған «Іле өзені» газеті тұңғыш санына басылған өлеңдерінің өзі бір үлгі. Ақын Таңжарық халықты надандықтан құтқарамын деп жанталасып надан қалма оқымасаң қалдың ғой қара боп. Сенің көзіңді оқу білім ашады, қатарға кел, ел болу үшін білім керек өнер білімінің төріне шықпай көзің ашылмайды дейді.
Адамдар қайғымен жанбағудың жолын іздейді. Ал, ғұламалар ізденіп халық үшін білім жаратады.
Ақын Таңжарық:
Көкейде айқын болып құран қолда,
Пәниде өркендетсі тура жолда.
Балаң кәпір болады деп азғырмасын.
Әзезілі адамның шала молда.
Наданның надандығы сол болады.
Өлім айтып ап жүрген көрді қолға.
Балаң дінсіз болмайды оқығаннан,
Өнер ғылым кеудеге тоқығаннан,
Қайта дінсіз сол болар өнерсіз боп.
Басқалардың құлдығына түсіп қалған.
Айтамын оянсын деп жастарға,
Айтамын қонады ау деп бастарыңа.
Бар болса аз жағыңда өнер білімге ұмтыл,
Сол керек ең алдымен жас жаныңа.
Бұл жерде ақын:
Білім игеріп өзіңді ілімнің жолына сал, көкірек көзің біліммен ашылады. Біліммен көкірек көзің ашылса онан кейін өнер білім ізде, өнерсіз болып қалма. Өнерсіз ғылымсыз мына өмірден ештеңе таба алмайсың. Алла дүниені ғылыммен жаратқан.
Ілімді игерген ислам жолы адалдықтан, тазалықтан басталады демекші. Тағы да тоқталуға тура келді.
Мұқамет пайғампардың қадистерінде:
Бір сағат ілім үйрену бір кеш бопты құлшылық қылудан жақсы. Бір күн бойы ғылымнан дәріс алу үшін ай ораза тұтқаннан жақсы. Бір күн бойы ғылымнан дәріс алу үш ай ораза тұтқаннан жақсы. Пайғампардың өзі де құры күтіп отыра беретін соқыр сенімді емес. Оқуға ғылым, білім іздеуге үндеген. Осыдан-ақ ғылымның қаншалық қастерлі екендігі көрініп тұрған шығар «Сенімнің үздік белгісі, төзімділік екі жақты шыдамдылық» жақсылық пен жамандықтың бәрі құдайдан болса мен іздегенмен ұмтылғанмен не болар дейсің демей білімге өнерге ұтмылу арқылы жетілу иманның басты қағидасы: деп тану керек.
«Жеңіске өзінің ақтығына, адалдығына сөнмен бірге қабілеті жігер күшіне сенген адам ғана жетеді. Сондықтан адам иманға сенім келтіре отырып өзінің танымдық қабілеттерін жетілдіріп отыру керек». «Таным мен сенім адамның қос қанаты» ұлағатты сөздің астары осы. (Түгел алғың келсе өмірдің ырысы) Жүсіп Баласағұн жырлағандай «Діни сенім ой тазалығы» деп сөз тазалығына жетелесе, ғылым, таным, оқу, іздеу өзін-өзі шыңдау арқылы жұмыс ілгері жүреді деген осылайша ілгері баса бергенде ғана өзгелерден қалмай өркениетке жетеміз. Әйгілі ақын Таңжарық 1930 жылдан бастан Құлжада ұлт үшін істеген жылдарында өз ұлтын қандай сүйсе басқа туысқан ұлттармен де қою қатынаста болып қытай, ұйғұр, сібе, дүнген, қырғыз, орыс сияқты ұлттармен қою араласып өнерге бейімдерімен сырлас достасып ағайын болып өзінің ұлттық көзқарасын жоғарлата білген.
Ақын Таңжарық 1940 жылы Іле түрмесінен Үрімжі түрмесіне айдалғанда:
Темірмен қол аяғым байлаудағы,
Екі көз қапалықтан жайнаудағы.
Тордағы арыстандай ала сұрып,
От шығып жүрек жанып қайнаудағы.
Аһ ұрып арманда боп қолға түсіп,
Санын соғып бармағын шайнаудағы.
Тәкеңнің қырқыншы жылғы сөзі мынау,
Ұсталып Үрімжіге айдаудағы.
Күңіренген ақын жаны,
Бір кеттік машинамен талқын аса,
Қалдың ба қайран Іле көзден таса.
Айдатқан бізді ұстап ағайындар,
Қош енді көріскенше жақсы жаса.
Күтпеген мұндай іске кез болғанда,
Боламын қараб тұрып таң тамаша.
Сапарға мойны ғашық кеттім шығып,
Келешек өз жөндеп оңдамаса.
Аман бол Текес, Күнес қасыңменен,
Қарағай қайың терек тасыңменен.
Жерлеген қызақ, қырғыз, қытай, ұйғұр,
Кемпір шал, қыз келіншек жасыңменен деген толып жатқан деректі өлеңдер бар.
Күйзелген күңіренген ақын жаны аһ ұрып арманда боп қолға түсіп санын соғып бармағын шайнаудағы жан сезімін баса алмай зар жұтады.
Айдатқан бізді ұстап ағайында. Қош енді көріскенше жақсы жаса деп қызметтес ағайындарының қастығы болғандығы да жоғарыдағы сөздерінде көрініп тұр.
Ақынның жалындаған жыр жолдары тоқтап толастағандай емес жүректен шыққан от ұшқындар отша лаулап үдей түседі. «Түрме тарихы», «Түрме халы», «Кілтшіге», «Қасиет қалың еді қазағымда», «Кім жатыр абақтыда» көп шығармалары түрмеде жазылғандығы байқалады. Үрімжі Шың Шысай түрмесінің сұрағы, жантүршігерлік қинаулары, жалғаннан ойдырып шығарған архив деласы. Жеті аймақпен байланысың бар. Іледегі .....хабар таратып үкіметті аударуға сөз байласқасың. Қашқар, Құлжа, Үрімжі, Құмыл, Алмай, Баркөл бармен байланысың дегендерді ойдырып шығарып қанды қинаулардың астында қалады. Осындай зорлықты күштің астында қалған ақын:
Жүрерде Үрімжіге қуанып ем,
Көңілге шыңдубанды бу алып ем.
Үлкен жер ақиқатпен тексерер деп,
Құрғатып көздің жасын уанып ем.
Үлкен жер ақиқаты мұндай болды,
Бір басқа пәле деген қомдай болды,
Кешегі кердеңдеген қайран Тәкең,
Бұл күнде жорғалаған құрдай болды.
Өмірдің таусылмайтын бір елесі,
Үзілмей арман үміт тұр елесі.
Үлкен жер кісі жермен үндес екен,
Соғылған бір гоминдаң керегесі.
Олардың ақиқаты қайдан болсын,
Қағынған қанды сорып делебесі.
Кем қылып қинауменен өлтіремін,
Бұл міне осылардың өнегесі.
Қан құмар қара ниет өңкей залым,
Қан құмар қара ниет өңкей залым,
Құрғаған жамандықпен кенезесі.
Көргенім көрмекеннен әли аз екен,
Туралық бол жер менен араз екен.
Бұл жерде қамақ орны тоғыз үй бар,
Түрме емес бастабында гараж екен деп алда болатын ақиқат пен жауыздықтың сайысына дайындық көріп отырғанын жасырмайды.
«Үш аймақ армиясы» Гоминдаңды қуа соққылап жеіңске жетеді. 1946 жылы Үрімжі түрмесіндегілер босатылады. Сол қатарда Таңжарық ақын да түрмеден шығып Күнестегі еліне аман са оралады. Елге оралған бір жылдан кейін 1947 жылы қайтыс болады. Және бір жағынан Шыңшысайдың адам жейтін қан құйлы саясаты 1937 жылдан басталған. Осы жылы Мақсұт гуандай қолға алынып Үрімжі түрмесіне айдалып ауыр сұрақ қинаудан 1941 жылы аянышты өлтірілген. Шынжаңның жер-жерінен әр ұлт халқынан сан-санақсыз алғабасар адамдар қолға алынып Үрімжі түрмесіне айдалған түрмеге жабылған осы 6 жылда қинаумен өлтірілген ақын Таңжарықтың «Түрме тарихы» деп аталатын шығармасында осы аянышты мәселе жеріне жеткізе жазған Шыңшысай совет одағымен бірлесу комунистік партиямен бірлесу ұлттар тепе-тең болу, оқу-ағартуды дамыту дейтін өзінің алты саясатынан бет бұрып фащизм жеңіске жетеді. Маркстік комунистік партия құлайды деп Совет одағының 1941-1942 жылдардағы Маскеудің хауыпте қалуы қиыншылығынан пайдаланып Совет одағының Шынжаңға көмекке келген әскерлерін және ғылым-техника қызметкерлерін Шынжаңнан шыып кетуін дәріптеген. Совет одағы қызыл партия ескерту берсе де тыңдамаған олардың өз қиыншылығынан бұрылуға шамасы келмеген 1943 жылы жылдың аяғында коммунизм қозғалысы жеңіске жету қарсаңында өзінің қателескендігін айтқан болса да олар қабыл алмаған совет армиясы адамдары бүкілдей шығып кеткен, екі беткей Шың Шысай Жияң Жешінің қолтығына кіріп әрең жаны қалған.
1946 жылы түрмеден босаған Таңжарық Шарғынға деген өлеңінде:
Қуандым тірі көріп атқан таңда,
Жаңа атып қызып келе жатқан таңды.
Сыпырды бір бұрышқа қараңғыдай,
Мойынма ажырғы боп батқан қалды деп үш аймақ төңкерісінің жеңіс таңына онан ары тілеулейді. Бірақ ақын жеңісті заманды көре алмады. Ақын «Абақтыда кім жатыр» деген шығармасында Шынжаңдағы әр ұлт халқының қандай күй кешкендігі айтылған.
Ақын:
Айтуынан хан тайса,
Туралықтан заң тайса,
Дос бұзылып жалтарса,
Міне бұған не етерсің.
Сені жеңіп ол алса,
Мойынңа шынжыр оралса,
Бақыттың өзін сор алса,
Қандай лажы етерсің, - деп аһ ұрады. Бірлік туралы сөздерінен:
Сөзімді түсінгенің іріктейсің,
«Іріктеу» не дегенде «Бірлік» дейсің.
Бірлігің болмаса егер жауларыңның,
Қолында маймен жанған біліктейсің,
Жем болып итпен құсқа айдалада,
Майы еріп күнде жатқан жіліктейсің,
Сен терек қуыс, басқалар құрт,
Жұп-жұмсақ қажауына іріктейсің.
Болмаса өз ортаңда берік бірлік,
Қалайша көлеңкеңнен үрікпейсің.
Келгенде өз-өзіңе тісің өткір,
Тері теспей қан сорған сүліктейсің.
Астыртын алалықты салып қойып,
Ел іші кеткен не ғып іріп дейсің.
Қоймасаң осы жаман мінезіңді,
Қауымның қатарына ілікпейсің.
Қайталап тағы айтамын бірікпесең,
Жауларға даяр азық-түліктейсің,
Істесе керегінше өз еркімен,
Кәдісгі иесі жоқ мүліктейсің.
Талпынып бірлік еткен халық,
Сен ғана шөже басқан көріктейсің,
Солардан бір мүшең кем жаралған жоқ.
Жалғыз ақ ақыл қосып бірікпейсің,
Бір кісең мына біздер душар болған,
Сияқты пәлелерге іліктейсің.
Бірліктің не екенін шын түсінсең,
Өзің-ақ ең алдымен бірлік дейсің.
Бұл өмірде бір күн өтсе өтіп жатыр,
Талпынған талабына жетіп жатыр,
Байқасам қаладағы ел алға кеткен.
Қырдағы біздің қазақ не ғып жатыр.
Сөз ұғып неге қазақ серпілмейді.
Шығып ап тау басына желпілдейді.
Өнер-білім жағынан хабары жоқ,
Жаңғырса тастан дауыс селкілдейді.
Ақылсыз айласы жоқ аңқау елдің,
Ісі ақсап алға баспай шегіп жатыр.
Қазақтың қолдан келген бар өнері.
Малыны сатып шай тұз алып кетіп жатыр.
Әйгілі ақын тоқсан жыл ілгері айтқан өлең ақлиялары толып жатыр. Ақиқат пен қатігездіктің, шиленіскен құлдық езгінің арпалысына ақын өмірі тура келсе де кеудесінен атылып шыққан өлеңдерін тоқтата алған жоқ.
«Ұлықты танған жерде адамдық орын жарқырайды». Осымен әйгілі ақын Таңжарық туралы «Ақынды еске алғанда» зерттеу әңгімелерім аяқтайды. 1999 жылы Қайша Тәбаракқызы мен Құсан Құрманқанұлы аударған «Таңжарық таңдамалылары» қытай тіліндегі жинағы шықты, таратылды.
Таңжарық өлеңдері Қазақстанда сонау 1970 жылы жылдары «Арман тау» деген атпен жарық көріп, Қазақстан жазушысы Тұрлыбек Мәмесейітұлы «Таңжарық» атты романды баспадан шығарды. Таңжарықты зерттеу міне қазір бір ұлт көлемнен алқып өтіп, дүниеге бет алып отыр.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.«Таңжарық» кітабы. 2013 жылы, Шынжаң бас баспасы, Құрманалы Жүнісқанов, «Таңжарықты тану жүйесі», электронды нұсқасы.
- «Қазақтың шешендік сөздері», 1990 жылы басылған, «Таңжарық тарауы».
- «Төңкерісшіл ақын Таңжарық», авторы Мәтқабыл Мұқаметкәрім, 2011 жылы, Іле Күйтің.
- «Ойшылдар ақылиясы, дін туралы».
[1] Шотаң – қытайша Шуетаң. Моңғол мен қазақ жастары оқыған, Үрімжіде ашылған институт.
[2] Ханзу, хансу – қытай.
[3] Қытайда құрылған либералдық партия.
[4] Жин Шурынды меңзейді.
мақала авторы: Мағазбек миянұлы Шарафи
шежіреші, тарих зерттеуші
"Ел тарихы - қазына" атты кітаптың авторы