Тайыр БЕЛГІБАЙҰЛЫНА 100 жыл

Алаштың " Ақ аралы"

 

Оркэстрде: Тайыр Белгібай ұлының күйі"Ақарал "

 

Айтулы күйші тайыр белгібай ұлының барша жұртқа танылып кеткен атақты күйі «Ақарал» жай ғана күй емес-ау, ай түнеген алтай асқарының жасыл Бұйра апай төсін дүниеге алып ұшқан, құлақтан кіріп, жүрекке тұнып, жан дүниені балқытып, мәңгі сарнап жатқан табиғат симфониясы іспетті.
Естіген жанды езілтіп, көркем табиғат көріністері көз алдыңызға экрандай тартылып, елегізе жөнелесің-ау, шіркін! әсем ақарал әлде табиғат та емес, аса бір өнер құдыретымен домбыраның бетіне көшіп келгенін қараңыз! өзендер тулап, құстар шулап, алақандай ағаштың бетінде өз айшығымен көшіп жатыр. Алтай аясын сезім көзіне, жан көзіне көрсетіп отырған бұл киелі күйшінің кілтін тауып жасаған өнер құдыреті, күй құдыреті. Әне шебер күйші әлемді аралап шертіп барады… енді қайда мұндай өнерпаздәрдің қайта оралуы!

Тайыр Белгібай ұлы 1920-жылы наурызда қазіргі Алтай қаласы, Әбитән ауылының ақарал деген жерінде дүниеге келген. Бес жасында шешеден, тоғыз жасында әкеден айрылып, ағасы жұмадыл, жеңгесі зағиланың Қолында ержетті.
Тайырдың әкесі белгібай ағашшы және аздап домбыра шертетін адам екен. Ән-күйге әуес бала тайырға нағашысы нұртаза киікбай ұлы (көрнекті домбырашы) өнердің сара жолын нұсқап, оның музикаға болған мәңгілік махаббатын оятты. Алайда, жоқшылық өнер қуған жасты өз әміріне көндірді. Тайырдың балауса шағы малайлық, бақташылық, алтын қазу қатарлы ауыр жұмыстың тепершігінде өтеді. Бірақ күй десе көңілі бұзылып, ән десе алағызып тұратын албырт азамат өзінің сәлиқалы өнерге деген ыстық ықыласын әсте суытқан жоқ, қайта маздата берді, жалындай берді…
Күйшінің 20 жасында дүниеге келген тұңғыш тумасы «Ақкот торғай» . Осыдан соң Қайраты тасып, өнері алып ұшқан атпал азамат күй қуып, күй сайыстарына түсіп, жүрген жерін күмбірлеген күйге бөлеп, табиғатынан таза тау елінің құрметыне бөленсе, дарқан даланың бар құдыретін өз бойына дарытып, ақ желкенді асау жастықтың әнін әндеп, күйін тартты.
Ол 1946-жылдан 1948-жылға дейін Алтай аймақтық уәли мекемесінде шабармандық Қызмет істеді. Одан 1950-жылға дейін Жеменей аудандық Халық үкіметінде қамбашы, кәсср болды.
Әр күн арайлы таң. Азаттықтан кейін өнер иесі өз қалауы бойынша Алтай аймақтық ойын-сауық үйірмесінде алдыңғы қатардағы домбырашы және актер болып, музикаға қатысты білімдерді игеріп, қазақ халық күйлерінің ғажап құдыретыне бойлап, машақатты өнер сапарына қуана-қуана ат басын бұрды. Осы ойын-сауық үйірмесіндегі кезінде, 1951-жылдан 1952-жылға дейін өлкелік пәрткөм қарамағындағы биюро кәдрләр мектебінің 3-қарарынан бір жыл оқыған.
1954-жылы елімізде тұңғыш алынған қазақша кино – Филм «Қасен-жамилада» тәкең актерлык жағынан да үлкен ызденіс жасап, негізгі ролдардың бірі жақанның бейнесін сәтті сомдап шығарды әрі музикалық сүйемел үшін «Сәлкүрең» күйін жазып, өзі орындайды. Махаббаттың қуғыны болған қыз – Жігіт орманмен көмкерілген өзенді бойлап: «Шіркін, ел-ай! шіркін, жер-ай! » деп артта қалып бара жатқан қастерлі мекенге қимай қарап, көкіректері қарыс айрылғанда, Міне осы сазды «Сәлкүрең» күйі көтерілді.
1955-жылы енді ғана құрылған іле облыстық ән – Би үйірмесіне ауысып барып, еліміз қазақтарына танымал өнер адамдарымен бірлікте жұмыс жүргізген тайыр өзі әлі де біле бермеген күй өнерінің алуан арнасына құлақ қандырып, саз сарындарын бойына сіңіреді. Оның өнер жолында табысқан қадырлес достары көбейіп, бойындағы буырқанған талантын сол жандардың талғампаз сарабына салады. Не бір сәлиқалы сахналарға шығып, күйшіліктің ең бір қиын сындарынан өтті. Күйшінің осы кезде «Жаңа шабыт», «Әріптес» деген тамаша күйлері туындады.
1956-жылы жаз, тәкең өміріндегі естен екі елі көтерілмес ең бір есіл кезі болды. Ол осы жылы шинжяң ән-би үйірмесінің құрамында мәлік жүніс ұлы, дәнеш рақыш ұлы, баяқын қатарлы өнер жұлдыздарымен бірге бұрынғы Совет одағының бес одақтас республикасында екі ай бойы өнер сапарында болады.
Әсіресе, ол осы сапарында академик Ахымет Жұбановпен кездесіп, әңгіме дүкенін құрды. Ахымет тайыр тартқан күйлерге дән Риза Болып, үйіндегі үкілі домбырасын тайырға естелікке берген екен.

Ол жақтағы күй көңіл жандар да тайыр белгібай ұлына өскелең баға беріп, сол тұстағы «Социялистык Қазақстан» газеті тәкеңді әрлеп тұрып, әдемілеп таныстырды. Осыдан соң күйшінің жаны сүйген өнерін өрістетуге орай болып, жұлдызы жанып, «Жаңа шабыт» қатарлы тың туындыларға жүкті болды.
Ізгілік деп үздіккен, жақсылыққа жаны құштар адам баласы көңілден семіреді емес пе. Бақытты өмір, баянды тірлік тайырдың бағалы өнердің бағын ашуына тамаша шабыт сыйлады. Алайда тайырдың Қайраты толып, қанаты жетіліп, қанына сіңген қасиетті өнердің қарығы енді ашыла бергенде өнерпазға солақай шұрқанның сойылы тиіп, 1961-жылы бақылауға алынады.
Күңіренген күй көңілі күлге айналып, шанағына мұң тұнған домбырасының қос ішек, тоғыз пернесінен тыныс тілеген есіл ер ен ойлардың құшағына сүңгіді. Тірі адамға төзімнен басқа тірек бар ма? ! аласапыран қиял қанатында толқыған Қайран күйші мынау әділетсіз соққыға күй тілімен үн қатқысы келеді. Үмітпен ұйықтап, қауіппен оянған даңсалы дарын ен Ертісты, етегін жапқан елін, ақ мекені ақаралын сағынды. Жадау шақта сағыныш та адамға үлкен медет қой, тәкең дәриға жүрекке дауаны, күйген көңілге жұбанышты әне сол кіндік кескен киелі мекенінен іздеді. Ақарал алқабынан өзінің қымбатты балалық шақтары елестеді. Марқұм әке-шешесінің ақ шыты мен ақ шылауышын аралдағы ақ теректер аспанға бұлғап, алыстағы азап шеккен ақ құлынын құшағына шақырғандай сезілді. Үйрек ұшып, қаз қонған, ырысы бір ортаймаған, дауылдарда, жауындарда жанына сая болған ата қоныстың саумалдай суы, салқын самалы, саялы орманы нар кеудеде нәрленіп күйге айналды.
Шіркін! ақарал десе ақарал ғой! күй емес-ау, күллі әлемге тіл қатқан ғажап бір сиқырлы сазды сарын көкірек біткеннен орын алды. Егер дүние шіркіннің дидарінда осынау пәни жалғанға жылап келіп, жылап кететін адам құдыретінің көңілін жұбататын, санасын сергітетін бір құбылыс болса, ол-тайырдың «Ақарал» күйіндей-ақ болар.

Айрықша талғаммен, ерекше сұлулықпен сомдалған «Ақарал» күйі табиғаттың өзіндей табиғи қалпымен, әсем сазымен, ойлы да сыршыл сезіммен, кірпиәз сырбаздығымен естіген жанды Қайран қалдырады. Сонымен «Ақарал» күмбірлей берді, тарай берді…
Жығылғанға жұдырық дегендей, 1962-жылы тайыр белгібай ұлы іле қазақ автономиялы обылсының ән-би үйірмесіндегі қызметынен қудаланып ата мекені алтайға қайтты.
Іле-шала келген аласапыран жылдар оның басына әңгір таяқ ойнатып опасыз өмір дегдәр тұлғаны дегеніне көндірді. Сонымен күйшінің 17 жылдық қойшылық өмірі өзінің Туған ауылы әбитәнда басталды.
Сөзді ұқпаған содырлар күйді ұқсын ба? ! жан серігі домбырасының қос ішегі қиылып, күйші алапат заманның құрбандығына аталып, домбыра ұстаған Гүл саусақтары ақ таяққа жабысты. Қойшы өмірі белгілі сары даланы сахна етіп күн кешеді. Бірақ күй кеудеде маздаған нағыз өнер қоөшсін бе? ! жоқ, өшуі мүмкін емес. Ұзақ күн қой соңынан талығып келген тәкең Қолына домбырасын алса болды сергіп сала береді. Жан ләззәтін сол мұң ішек қоңыр домбырадан тапты. Шанағына күй тығылған Қайран домбыра әр күні солайдан солай қыстығып барып іште тынатын! күйші осы мезгілде:
«Алтайдың асқарында қой бағамын,
Жұмсаймын халық үшін ойда барын.
Таяқты домбыра қып, тау басында,
Кәрі дос күй туралы ойланамын»-деп тіршілік тауқыметін тартып жүрсе де көңілін мүкке бастырмай көсілді. Ол бірде:
«Мені де қызықтырды тұрмыс осы,
Өзіне тарта беред бір күш осы.
Ойымда арманым бар, болсам деген,
Сол қыздың гүңшісінің бір мүшесі»-әніне басты.
Я, саңлақ сазгер осы гүңшілі ауылда жүріп-ақ, «Шырқайды малшы шаттық ән», «Жауынгер жыры», «Қырман әні», «Жасыл алқап» деген әндері мен «Жаралы жан», «Арман», «Тоқал бұқа», «Ала байрақ», «Еңбек думаны», «Мерген» қатарлы тіршілік, тағдыр жайлы тереңнен сыр шертетін, өз заманының нақты көріністерін күңірене мәлімдейтін сүбелі күйлер жаратты.

Бір жылы ел жайлаудан көшерде балалы-шағалы тайыр дұйжаңдарынан көлік сұрап барса, гүңшінің көп жылқысын өз малындай көретін даңғой дұйжаң ол кісіге аяқ артар бір тайды қимай, сиыршыға қағаз жазып беріпті. Әлгі сиыршы өгіздің Бәрін үкімет шөпке әкеткенін айтып, бас білмейтін тоқал бұқаны тәкеңе ұстап беріпті. Көш жөнекей тоқал бұқа біресе қарағай, біресе қайыңға кимелесе, бірде жол бойы жайылыста жүрген сиырларға қарай бұра тартып, тәкеңнің мазасын әбден кетіріп, қатты титықтатыпты. Кешке қарай қоналқы қосына әрең жеткен тәкең: «Көтергені алтын болса да түйенің тамағы тікен-ау» деген ауыр ойдың жетегімен қатты шиырығып «Тоқал бұқа» күйін шертіпті.
Ширек ғасырға жуық тұншыққан тайыр 1980-жылы жалған жаладан ақталып, қызметке қайта шақырылып, Қытай музиканттар қоғамының шинжяң бөлімшесіне жора болып сайланады. Ескеуілден ес жиған халық та тарлан сазгердің қадырыне жетіп, тәкең жүрген жер келелі сұқпаттар мен салтанатты сауыққа айналды. Ол облыс көлемінде бас қосқан жиындарда Құрмет төріне шықты.
Ол 1981-жылы Алтай қаласының арал жайлауында өткізілген ақындар айтысына жол бойы жасаған «Сұмдайрық» атты жаңа күйімен шашу шашты.
Сұлу аралдың саумал самалын сімірген, сары қымызын қанып ішкен, салтанатына көз суарған тәкең қатты толқиды. Көп жылдар көріспей кеткен үш аймақтан келген замандас өнер иелерімен жүздесіп, әңгіме тыйегін ағытады. Дүбірі жер жарған жел қанат жүйріктердің көсіле көмбеге келгеніне көз айдын болады. Ақыры «Сахара саңлағы» күйлерін көкірегіне түйіп аралдан аттанады. Осыдан соң орайы келіп бірде қасиетті Қанас көлі бойында сейілде болған қарт күйші «Аспан көлім Қанасым» деген әдемі әні мен шынайы шабыттан туған тағы бір атақты күйі «Қанас толғауын» дүниеге әкелді.
1982-жылы наурызда орталық халық радио станциясының арнайы шақыруымен Астанаға жол алған сазгер арқыраған пөйездә отырып, қартайған шағында қарығы ашылып, қастерленгеныне айрықша қуанып, өткен өмір кешулеріне көз жібереді. Адам баласы бұл жалғанда не көрмейді, Осы ғұмырында ол не көрмеді десеңізші! осы өмір алтайдың қысы мен жазы сияқты алмасып тұрады-ау деймін. Ал бұл не күн көрсе мынау компыс қоңыр домбырасы бірге көрді. Кесепәтқа да, кереметке де осы домбырасы куә!
Домбыра тағы сөйлеп кетті, сарнап жатыр, безек қаққан саусақ домбыраның сағалық пернелерінде бірде шалқыса, бірде құдияды. Адам болмысына тән сезім атаулы алақанда ойнап күй тілмен сарнап кетті. Өзін-өзі ұмытқан күйші Астана вөгзәлінә жеткенде есін жиды. Үш күннен кейін ол орталық халық радио станциясының студиясында «Шалқыма» деген жаңа күйін таспаға түсірді.

Астанаға барған осы жолы тайыр белгібай ұлы өзінің, халық композиторларының күйлерінен және халық күйлерінен болып, тұп-тура 48 күй орындаған екен.
Амал не, тәкеңнің еңбегі енді жанып, саңлақ сазгер енді серпіле бергенде ауру келіп тырнағын іледі. Ұрпаққа үлкен борыштан ада болу үшін көкірегі күй сандық қария Алтай қалалық мәдениет мекемесінде жүзге жуық халық күйін таспаға түсіріпті.  

Неткен қызық мына жігіт демеші.
Сіз өссеңіз суын ішіп Ертістың,
Менің де әкем іледе өскен кемеші» .
Бұл композитордың 1985-жылы шығарған әні «Жеңешем» . Қазір шинжяң халық радио станциясының алтын қорында осы «Жеңешем» қатарлы өзгелер орындаған 12 әні, өзі шерткен 15 күйі бар. «Жаңа шабыт», «Қанас», «Еңбек думаны» күйлері іле облыстық ән-би үйірмесінің ұлт аспаптар өркестірінің орындауында теле экраны арқылы жұрт жүрегінен өз орнын алды. Атақты «Ақарал» Қазақстанның «Жазира» ансамбльінің репөртуарінда бүкіл дүниені аралап кетті. Өкінішке орай, 1984-жылы маусымның 25-жұлдызы сұм ажал өз дегеніне көндірді. Халықтың ілуде бір кезігетін қалаулы ұлын, көненің сарқыты, жаңаның жаршысы ретінде көзге түскен саңлақ сазгерін қара жер қойнына алды. Туған жұрты тәкеңнің еңбегін ардақтап, Алтай аймақтық құрбандар бақшасының торынен орын берді. Тәкең дүние салғанымен оның шәкірттері, тәкеңді көре қалғандардың көзі тірі, сол үшін ұрпақ ұлағатты күй атасын төбесіне көтереді.

Жеңісхан НҮСІПҰЛЫ

6алаш ұсынды