Шығыс шертпесінің шабандозы МҰҚАШ ТАҢҒЫТҰЛЫ

Күйші композитор күй өнерін зерттеші Мұқаш Таңғытұлы ҚХР Шуар Толы ауданында 1962 жылы 15-ші желтоқсанда дүниеге келген. Күйші домбыраны бала кезінен бастап үйренген. Кейін келе қытай еліндегі қазақтар арасында танымал күйші болған.

Күйші Мұқаш Таңғытұлы 1990 жылдардан бастап қытай елінде 19-20 ғасырларда жасаған қазақ күйшілерінің өмір жолы мен өнер жолын зерттей бастаған. Халық арасынан сол бұрын өткен күйшілердің күйлерінен 200 ден астам күй жинап ол күйлерді қытай елінде күй табақ жəне кітап етіп шығарып ел арасына таратқан.

 

Күйші композитор, күй өнерін зерттеші - Мұқаш Таңғытұлы

М.Таңғытұлы 2001 жылы тарихи отаны Қазақстанға қоныс аударған. Кезінде өзі жинаған күйлерден 200-ден астам күйді Қазақ еліне ала келіп "Қазақ радиосы" "Шалқар радиосы" жəне отандық теле арналарда өзі орындап Қазақстан халқына кеңінен нəсиқаттады.

Күйші Мұқаш өзі əкелген күйлерден қазақ радиосының "Алтын қорына" 70-тен аса күйді өзі орындап жаздырды. "Қазақтың 1000 күйі", "Мəңгілік сарын", "Қазақтың 500 күйі аманат", "Ұлы дала сазы", қатарлы отандық күй албомдарына өзі орындап Қытайдағы қазақтардың көптеген күйлерін енгізді.

М.Таңғытұлының еңбегін жоғары бағалаған Қазақстан парламенті депутаттары 2009 жылы 19 мамырда Астана қаласында президенттің мəдениет орталық сарайында "Алтайдың ар жағынан келген шертпе күйлер" деген күй кешін өткізді. Кешті ҚР парламенті мəжілісінің депутаты Уəлихан Қалижанов жүргізді. Кеште ҚР президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев құттықтау алғыс хатын жолдады.

2012 жылы шілде айында ҚР Мұқтар Әуезов атындағы əдебиет жəне өнер тану институтеті күйші Мұқаш Таңғытұлының 50 жасқа толуына байланысы Алматы қаласында күй кешін жоғары деңгейде өткізді. Мұқаш Таңғытұлы Қазақстан еліне келгелі бері Астана, Алматы, Талдықорған қаласы қатарлы орындарда 7 рет күй кешін өткізді.

Мұқаш Таңғытұлы осыған дейін 3 күй зерттеу кітабын, 4 сd күй табақ, 1 dvd күй табақ, 2 күй таспа шығарды. Күйші өз жанынан 22 күй, 40 тан астам əн шығарған композитор. Мұқаш Таңғытұлы бұл күнде алып шақар Алматы қаласында тұрады.


Мұқаш Таңғытұлының өзі орындауындағы күйлері.

"Керей шертпесі"

«Мұқаштың шалқымасы»

 "Өткен күн"

''Кейінгі ел'' 

"Хамзин сазы"

''Айжамал''

"Тоқтар батыр"

''Жәйілған''

"Таңғыт"

"Заман"

 ''Жәйсаң'' 


6alash ұсынады