Аға шипагер, балалар ауруының маманы Бақытбек қызырқан ұлы 1990-жылы Алтай аймақтық медитсинә мектебінің жалпылық пәнінен оқу тауысып, ажалға арашашы, ауруға медет болу қызметін Алтай қаласы алақақ ауылдық Емханасынан бастап осы орында 11 жыл істеп, 2001-жылы 11-айда ұйымның ұйғаруы бойынша шірікши ауылдық Емханасының бастығы болып 7 жылдан астам міндет өтеп, 2008-жылы жазда Алтай қалалық ана-бала денсәулығын қорғау Емханасының (Алтай қалалық ана-бала денсәулығын қорғау, жоспарлы туытқа қызмет өтеу және бас құрайтын жастардың денсәулығын тексеру орталығы) балалар ауруы бөлімінің жауаптысы болып алмасып келді.
Бақытбек Қызырқанұлы
Шетпені емдеудің шешімдері
Шетпе — Балаларда көп көрінетін, ел ішіндегі көзқарақты емшілердің ес қатуында дауаланып келе жатқан балалар сырқатының бір түрі. Шетпе жел шетпе және қан шетпе деп екіге бөлінеді. Жел шетпе көбінде ас қорыту жолындағы асқазан-ішек қызметінің әлсіздігі және ішті жел алу, кіндіктен жел тию, тер қату себептерінен пайда болады.
Ал қан шетпе дегеніміз-негізінен балаларда ыстық-суық алмасым қалыпсыздығы мен шеттік қан айналыстың тосқындыққа ұшырауы себебінен болатын сырқат. Бұл сырқат тұқым қуалайды, нәрестенің немесе Бобектің әке-шешесі кезінде шетпе болған болса, баланың шетпе болу ықтималдығы жоғары болады, сондай-ақ түрлі вирустық және бактериялық жұғымдалудан да пайда болады. Бұл сырқат туғанына 2 апта болған нәрестеден тартып, 2 жасқа дейінгі Бөбектерде көп кезігеді.
Шетпе болған балаларда көбінде мазасыздану, шалқалап жылау, керілу, әлсін-әлі шырылдау, қолды-аяққа тоқтамай жылау жағдайы кезігеді. Мұнан сырт іші ірміктеп өту, ішкенін құсу, дене қызуы түспеу, асқа табеті тартпау, омырау ембеу және бесікке жатпау сияқты белгілер көріледі. Шетпесі асқынған балаларда денесі көгеру, тарғылдану, көзінің, ернінің айналасы, ерні көкшілдеу жағдайы жарыққа шығады. Ішінара баланың бір аяғы бір аяғынан қысқарады, бұл дененің тітіркенуі мен қан айналысының жақсы болмауы себебінен де болады.
Шетпесі асқынғанда балада тартысу, сіресу және талу ахуалы да жүз береді.
Шетпе болған баланы балаларда үнемі кезігетін кейбір сырқаттармен айқын парықтау, дұрыс шету төтенше маңызды. Қате диагноз қойылса, емдеу де сәтті болмайды. Мәселен, бала дизентерия сияқты сырқатқа шалдықса да іші өтеді, мазасызданып жылайды. Осы кезде баланың үлкен дәретін лабраторияда тексергенде, баланың диагнозын микрөб болса дизентерия деп, микрөб болмаса шетпе деп тұрақтандыруға болады. Бесікте жатқанда емізе беруден баланың ас қорытуы жақсы болмай Яғни сүтті ойдағыдай іріте алмай, кейде күпті болып та қалады.
Жел шетпе болған баланы бағып-басқаруды, сөзсіз, лайықты орналастыру, үнемі бесікке жататын бала болса, бесіктен босату, бесікке жататын уақытын қысқарту, оның сыртында, денесін тарау, сылау, баланы өте ыстық ұстамау, киімін тым қалың кигізбеу, сонымен бірге тақыл-тақыл азықтандыру, көкбауырды қуаттап, ішек қызметін жақсартатын Қытайша шөп дәрілерді беру, баланың денесін бір уақ құрғақ Үнмен тарап, сылап-сипауын жақсартса, жел шетпе болған бала көбінде сақайып кетеді. Бұған күш бермеген жел шетпенің асқынған түрі болса, ұлтымыз ежелден бір лақ сойып, тоқ ішегін баланың кіндігіне қояды, одан да күшті болса, баланы жарты сағаттан бір сағатқа дейін теріге салады. Мұның сыртында баланың ішіне құрқылтайдың ұясын, сары май салынған қарынды тарту, тезекке салу және көк шүперекке орау қатарлы ем-дом да бар, мұнда жерге түспеген, бұта-бүргеннің басына ілініп қурап, күнге күйген тезекті әбден күйдіріп, күлін көк сиырдың сүтімен илеп, баланы соған салады. Бұл көнелердің дәстүрлі емдеу әдісі, мұны өзен бойында отырған немесе тау сағалаған малшы қауымы қысылғанда қолданса болады. Көк шүперекке салуда мүсәтір, қара шай, тау жалбызын қайнатып суын ішкізіп және соның суымен жуса, қалыпты ыстықты қайтарады.
Ал қан шетпе деп диагнозы тұрақтанғаннан кейін, оны, сөзсіз, шетіп қан шығарып емдеу керек. Қан шетпе болған балаға укөл-дәрінің өнімі болмайды. Мұндай Баланы уақытты өткізбей дереу шеткен жөн. Алғашында шетпені өзімнің халық арасынан көрген, түйген көне әдісім бойынша шеттім, Яғни бөрткенді әбден тарап шығарып отырып, 9, 11, 21 және 41 жерге дейін притвамен немесе иненің үшымен шететінмін, кейін келе қан тамыр қуалап, екі бүйірден шетуді үйрендім. Қан шетпе болған баланың жауырыны құрысып, арқасы жабысып, мойындары сіресіп қалады, осының бәрін тарап, үзіп-жұлып баланың денесін бір құр босатамыз және дизенфэксиялаймыз. Онан соң қолтықтың астындағы сүбе қабырғаның ұдылында, кіндіктен қайтқан қан тамыр болады, мұны көк тамыр дейміз, осы екі тамырдың қайтып барып сүбе қабырғада түйіліскен жерінен, омыраудың астыңғы ұдылынан 2 жерден шетеміз, енді бірі қазан толмастың тұсынан шетеміз. Жел шетпе мен қан шетпе араласқан баланың шетпесі көбінде осы 3 жерден шетіледі. Осылай істегенде денеде іркілген, ұйыған қан лезде тарап, бала дереу тынышталып серги қалады.
Шетпеші баланы шетіп болғаннан кейін, баланы қалай күтудің жолдарын, Шаптаманы, орауды қашан алып тастау, неше күннен кейін суға шомылдыру, қандай күтім жасау және алдағы күнде бағып-басқаруда қандай түйіндерге мән беру керектігі жөнінде баланың әке-шешесіне тәптештей ұғындыруы қажет. Әке-шешесі шетпешінің тапсыруы бойынша істесе, көп өтпей бала да түбегейлі сақайып кетеді. Егерде баланы күтуге көңіл бөлмей, ыстық немесе суық ұстап, терлеген кезде суға түсіру немесе бесіктен шешіп алу барысында тағы да суық тыйгізіп алса, мүмкін қайта қайталайтын жағдай да кезігіп қалады.
6алаш ұсынды