– Адам "шыр "етіп дүниеге келгенде пешенесіне кім болатындығы белгілі дейді. Өнер адамының табыс жолын қусақ сонау сәби шағындағы кішкентәй қызығушылығынан бастау алғанын білеміз. Ал сіз бала кезіңізде суретші боламын деп ойлап көрдіңіз бе?
– Адам баласының жастық шағы әрқандай бір есті жан үшін айтқанда алдағы болашаққа талпыну ғылым, білім, мәдениеттің тетігін игерудегі кезек күттірмейтін мезгіл екендігін барлығымыз білеміз. Қоңыр қалта шаңырақта дүниеге келгеніммен ақылға ырғын әкенің тәрбиесінде болдым. Ол кісі адам болу, өнерлі болу жайлы әңгімені көп айтатын еді. Деседе сол бақытты күннің уақыты ұзаққа бармады. Жастайымнан әкемнен айырлсам да қормал анамыз тіршілктің ыстығына күйіп, суығына тоңып жүріп, орталау мектептің табалдырығын аттадым. Отбасымызда бір түстіден жалғыз болғандығымнан ба? әйтеуір, алдымдағы ағаларым, артымдағы бауырларым менің оқу оқып, білім алуымаАйырықша көңіл бөлетіндігін іштей қатты сезіп жүретінмін. Деседе, ес біліп, етек жиғаннан бастап анамыздың жамау-жасқауларына, жүн түтіп, ұршық иіруіне, жиек басып, сырмақ тігуіне қолқабыс тыйгізе жүретіндігім әлі есімде. Біз тектес арманшыл жастардыңбылым алатын кезі көп қиыншылық болды. Амал не?! армандаған талай-талай қымбатты уақыттарымыз ақ таңдақ болып өтіп жатты. Жауыннан соң Жауқазын ғой, бақытымызға жарай уақыт өткізіп алсақта аңсаған арманды күндерімізге де жеттік.
Өткен ғасырдың 70-жылдарының соңғы кезінде Шинжяң көркемөнер мектебі (қазіргі Шинжяң көркемөнер коллежі) оқушы қабылдайды екен деген хабар құлағыма тиді. Осының алдындағы кездерімізде жаратылстық білімдерді жарытып оқығанымыз белгілі еді, сондықтан азда болса қазақи оию-өрнектен бейімім болғандықтан аталған мектептің сызушылық кәсібіне сынау беруге Бекідім. Сынау берген едім, нәтижесі жаман болған жоқ. Сол кездегі сыншылар мен камассиялардың көңіліне жағып көкейінен орын алғандай болдым. Міне осылайша өзім тілеген суретшілік өнерін бастап кеттім. Шынымды айтсам өз бойымдағы суретшілік кәсіптік білімнің төмендігі, оқу құралдарының кемшілдігі, тілдің (қытайша, ұйғырша) жетерсіздігі сияқты мәселелер маған ерекше ауыр тиді. Кейбір сабақтастарым Үрімжі қаласынан оқыған да оларда тілдік қиыншылықтар жоқ, енді қайту керек? Сөзсіз үйренуің, құлшыну керек.
– «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» демекші, Шинжяң көркемөнер мектебіне келген соң кімдерден сабақ алдыңыз? Студенттык өміріңізде өкініш бар ма?
– 1976 жылдың күзінде Шинжяң көркемөнер мектебінің сызушылық факультетіне әр ұлттан құрам тапқан 30 неше оқушы қабылдандық. Бұның ішінде қазақ оқушыдан не бәрі төрт студент ғана едік. Төртеуіміз де өз тілімізден басқа ұйғұр, қытай тілінен жұрдай едік. Біздің алдымызда оқу бітіретін кластағы оқушылар ішінде Шәушектен келген Фулина дейтін дағұр қыз бар екен, ол қазақ тілін жаттық сөйлейтін болған соң соның жанында көбірек болдым. Ол мені ертіп класымызды, сурет орнын бірден танстырды. Кей кездерде өзімізді әйкел ретінде отырғызып қойып сызатынбыз. Дәл осы кездерден бастап өзімінің болашақ кәсібім сыызушылықтың осылай болатындығын аңғарғандай болдым. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дегендей бізге сабақ беретін мұғалымдеріміз шинжяң көркемөнер мектебінің прафессоры, әйгілі сызушы Ғазы Әмет мұғалым бастаған Ғани, Ташболат, Шұй Гө Фың қатарлы ұстаздар болды. Сурет салу біздің ұғымымыздағыдай бір ғана түрлі нәрсе емес. Ол өз ішінен талай-талай түрлермен кәсіптерге бөлінеді. Мысалы: майлы бояу, су бояу, қытайша сызу, тез сызба, жай сызба сықылды түр-түрге бөлініп, әр біреуі өз алдына бір кәсіп болып кетеді екен. Біз мамандыққа түскенде осылардың барлығын назариялық жақтан шолып өтті. Аты алыс жуыққа мәлім болған ғазы әмет мұғалымның оқушысы болғандығымды шын ниетімде мақтан тұттым. Кейінгі кәсіптік өмірімізде қол жеткізген азтола еңбегімнің қайнар бұлақ көзін сол ұстаздарым ашты деп білемін. Ал енді өкініш жағына келсек: тіліміздің жетерсіздігі, аспаптарымыздың кемшілдігі, оқу уақытымыздың қысқалығы болды. Студенттык өмірімді аяқтатып, сол жылы Алтай аймақтық ән-би үйірмесіне қызметке орналастым.
– Алтай аймақтық ән-би үйірмесінде қызметте болғаныңызда қандай көлемді көнсерт, сахыналық шығармаға қатынастыңыз?
– Алтай аймақтық ән-би үйірмесі өлке көлеміндегі қазақ ұлтын негіз еткен өнер отауы. Ол ішкі өлкелерде және көршілес мемлекет Қазақыстан, Қырғызыстан, Ресей, сыртқы Мұңғұл қатарлы елдерде өнер сапарында болған ұлттық кәсіптік үйірме. Мен кәсіптік оқуымды аяқтатқаннан кейін алғаш рет осы үйірменің есігін аштым. Мені сахына жобалау қызметыне бөлді. Сол тұста сахына декрациясымен шұғылданатын Гө Жянжау дейтін қытай ағай бар екен. Гө Жянжау үйірмеде табаны күректей 30 жылға таяу декрациямен шұғылданған аса өнерлі, тәжірибелі әрі кішпейіл, бауырмал кісі еді. Енді ғана оқу бітіріп келген маған бейне көктен тілегенімді жерден бергендей тамаша ұстаздың жанымнан табылғаны барма?! Мен осыдан былайғы жерде сол кісінің жетелеп баулуында үйірмеміздің үлкенді-кішілі концерттеріне қатынасып жүрдім. Ол кезде біздің жұмыс шарт-жағдайымыз қазіргідей тораптан көріп, компьютермен істейтіндей емес, қайта барлық жұмысты сиялы қаламмен жобалаудан тартып, жасап шығуға дейін қолмен істелетін-ды. Сонымен Гө Жянжау ұстазым екеуіміз істеген «Аққайың шежіресі», «Ауыл арасындағы тар соқпақ», «Аңшының махаббаты» қатарлы шығармаларға жобалаған декрациямыз, киімдеріміз түрлі сахыналардан көрініп, сол кездегі көрермендердің жақсы бағасын алды. 1986 жылы мемлекеттік 2-кезекті би жарысы астанамыз Бейжиңде өтетін болып, оған үйірмеміздегі мемлекеттік жоғары дәрежелі биші қымбат айдар қызы апаймыздың «Құдаша атты» биі талданып қатынасатын болды. Сонымен төл қазақ үлгісіндегі киім жобалау жұмысын маған тапсырды. Мен мұндай мемлекеттік жарысқа қатынасатын бидің киімін жобалауға толық сенімде емес едім. Бірақ, өзімді сынап көрмеймін бе? Деген ойымен бидің мазмұнына, мән-мағынасына сан рет ой жүгіртіп, тұңғыш рет осы бидің киімін дербес жобалап шықтым. Жобамныңда жаман болмағанын қымбат апайдың мақтағандығынан Сездім. Қағаз жүзіндегі жоба суретімді тәпштей отырып сәйкесті іріңдермен бояп, өзімше түрлендіріп, сол кездегі үйірмедегі біліктілер мен режиссерлердің көруіне ұсындым. Киім жобасы ол кісілердің бекітуінен өтіп, Шаңхайдағы киім заводында тігілді. Натижесынде сол киімім мемлекеттік 3-дәрежелі киім жобалау сыйлығын алды. Содан бастап менің сахыналық киімдерді жобалау қызғындылығым арта түсті. Араға бір неше жыл салғаннан кейін автономиялы райондық би жарыстарында жобалаған киімдер сахына торынен көрініп, сый-сияпат қатарынан бой көрсетіп жүрдім. Әсіресе өткен ғасырдың 80 жылдарының соңы 90 жылдарының бас шендерінде сахыналық киімдер өлкеміз көлеміндегі үлкен-үлкен кәсіптік байқауларда алдынғы қатардан көрінді. Соның натижесынде 1992 жылы автономиялы райондық кәдірләр меңгермесі мен мәдениет меңгермесі үкімет қаражатымен шетелге шығып оқуыма орай берді. Қазақыстан республикасы Темірбек Жүргенв атындағы өнер акедемиясынан сахына декрациясы және сахналық киім жобалау кәсібін үйренуге жолдама алдым. Не бәрі 3 жылдық уақытпен аталған кәсіптерден білімдерімді ұштап, екі кәсіп түрінен екі қызыл депілөм алып 1994 жылы шілде айында отаныма, үйірмемізге қайта оралдым.
Үйірмеге келгеннен кейін маған қойылған талап та, берілген міндет те ауыр болды. Әрі оқыған білімдерімнен халыққа жауап беруіме тура келді. Сонымен 1994 жылдан бастап сахына жобалаудан киім жобалауға өттім. Қазақ ұлтының дәстүрлі ұлттық киімдерінің әр түрін, батырлар киімін, балалар киімін жобаладым. Әрі өзім тіктім. Осы ұртыс 20 жылға жалғасты. Бұл барыстағы жобаланған киімдерім өлкелік, облыстық, аймақтық ақындар айтысындағы сәнгерлік тұрінен бас байгені алды. Сондай-ақ, осы мамандық бойынша көптеген мақалалар да жариялап, өзімнің мамандығым негізінде көп ызденіс жасадым. Әрі сахыналық киім жобалаудың мемлекеттік жоғары дәрежелі атағын да алдым. 2004 жылы зейнетке шыққаннан кейін де сахыналық киім жобалау жұмыснан қол үзбедім. 2009-жылы бүкіл шинжяңның әдебиет-көркемөнер сахынасын дүр сілкіндірген «Ағажай ән-би дастаны››ның киімін жобалауды маған жүктеді.
Мен дастан кітапшасын қолыма алғаннан бастап екі ай уақытпен әр тақырып, әр мазмұндар бойнша 200ге тарта киім үлгісін жобалап шықтым. Жобаны Алтай аймақтық мәдениет мекемесінің басшыларымен бірге көруге келген мемлекеттік 1-дәрежелі би режиссері, Ағажай ән-би дастанының бас жетекшісі Күрәш Ережеп режиссер айрықша қуанып, қатты тебіренді. Ол кісіге өте ұнаған ұқсайды «О.. Біздің Зиятханның саусағы алтын екен ғой» деп мадақтап, киімді тек өзің тігесің деп бұйырды. Келесі күні автономиялы райондық мәдениет меңгермесінің басшылары киімнің жобасын көріп, ризашылықтарын білдірді. Айтып-айтпай «Ағажай ән-би дастанының» киімі менің 30 жылдық сахналық өмірімде байырғы мен қазіргіні ұштастырған табиғат қойнауындағы ерекшеліктерден толық пайдаланған, ерекше сәтті шыққан сахыналық киімдер еді. Осы себепті автономиялы райондық бағалауда сахыналық киім жобалаудың 1-дәрежелі сыйлығын алған болатынмын. Бұдан тыс 2010 жылдары Алтай қалалық ойын-сауық үйірмесінің жасаған көлемді би дастаны «Көш жолында» және Шіңгіл аудандық ойын-сауық үйірмесі жасаған «Сәлиқа-сәмен» өперәсінің сахыналық кимдерін сәтті жобалап, көрермен қауымының алқауын алдым.
– Бір көнсерт, спектәкл үшін декрацияның ролы қаншалықты?
– Халықтың көңіліне жағып, көкейінен орын алған, көрермендердің рухани қажетін қанағаттандыратын жақсы бір концерт, спектакіл ішінде, сахыналық декрация аса маңызды орынды иелейді. Концерт дегеніміз - кәдімгі тұрмыстық ортадан бір дәреже жоғары бейнеленетін әдеби сахыналық шығарма, ал сахыналық шығарма көптеген бөлшектерден тұрады. Оның маңызды бөлшектерінің бірі сахыналық декрация болады. Мысалы: сахыналық шығарманы толық бір кигіз үй десек ал декрация оның уығы немесе керегесі іспетті болып, сахыналық шығарманың артқы көрінісін түрлендіріп, көркемдігін асыруға, қоғамдық ортасын бейнелеуге, сахыналық шығарманың өзекті идейәсін көрнектілендіруге, табиғи орта жаратуына септігін тыйгізеді. Сондықтан, сахыналық шығармаларда сахына декрациясы кем болса болмайтын маңызды бөлшектердің бірі деп қараймыз.
– Киім жобалау мен сахыналық жобалау арналы кәсіп пе, олардың ара жақындығы мен ұқсастығын қалай дәлелдейсіз?
– Сахыналық киім жобалау мен сахына жобалау екі бөлек кәсіп болғанымен бір арналы мамандық. Екеуі бір-біріне сәйкесті, сахыналық шығармаларда кем болса болмайтын кәсіп түрі. Әсіресе көркем сахыналық шығармаларда мысалы: өперә, Дастан, драма қатарлы шығармаларда киім жобалау мен сахына жобалау өзара сәйкесе келіп, сол шығарманың дәуірлік ерекшелігін, оқиғаның тарихи артқы көрінсін, мәдениет деңгейін ортақ бейнелейді. Ол екеуі әсте екі басқа болуына болмайды. Қайта шығарманың қажеті үшін ұқсас тұрғыда жұмыс өтейді. Бұл олардың ұқсастық жері: ал олардың ара парқы-бірі сахына кеңістігін шығарманың қажетыне қарай безендірсе, енді бірі әртис бейнесін шығарманың қажетыне қарай түрлендіреді.
– Зейнетке шығу зеріккенің ермегі ме? жоқ, таланыттылардың талап тұғыры ма? өзіңіз пенсияға шыққан соң жеке шаруашылық бастау ойына қалай келдіңіз?
– Қай елде немесе қай жерде болсын адам баласы белгілі жас өлшеміне жеткеннен кейін табиғи түрде заңды демалісқа шығады. Бірақ бір кәсіптің соңына өмір бойы түскен, оны жан-тәніммен зерттеген адам үшін бір өмір қысқалық ететін көрінеді. Алдыңғылардың айтқан уақыт-алтыннан да қымбат дейтіні осы болса керек. Менше орда бұзар 30-40 жасында зинетке шыққандарды білмедім. Ал 40 жыл мәлім салаға қызмет өтеп, самайын ағартқан адамдар үшін зейнетке шығу зеріккенің ермегі емес. Ал қайта жұмысқа жегіліп, өз бойындағы ақыл парасатынан туындаған асыл қасиетін болашақ ұрпақтарға қалдыру, адамзат игілігіне жарату. Бұны талантты жанның талап тұғыры деп қарауымызға әбден болады. Марқұм енеміз ауыл арасындағы той-томалақтарда өлең айтып жүретін кісі еді, сондағы есімде қалған «Талабым таудан биік судан терең, соңынан талабымның ере берем» деген өлең жолдары талаптану-натиже жаратудың реялдық шындығы екендігін әйгілегендей. Халқымызда «Талаптыға нұр жауар» деген сөз бар. Бұл нұр басқа емес өз еңбегіңнің бодауымен келген Еңбек жемісің. Ал Еңбек жемісің адамзат мәдениет дәриәсі мен қатарлас аққан қазақ мәдениет дәриәсінің бір тамшысы болмақ.
Демалысқа шығып, жеке шаруашылықпен шұғылдану нақ шындығын айтқанда экономикалық жақтан пайда көре алмадым деген сөзден аулақпын. Бірақ сайып келгенде өзекті ойым, арыдан айтсақ қазақ мәдениетін дамытуға, өзге ұлттармен ұлыстардың қазақ мәдениетін түсінуіне азада болса үлес қосу. Бері жағын айтқанда ұлтымыздың болашақ ұрпақтарына осы өнерді жалғау, ұлттық өнерімізді халқаралық деңгейге көтеру, осы арқылы қазіргі заманның қажетыне сай артық Еңбек күштерді кәсіптендіріп, олардың экономикалық кірісін арттыру үшін деп қараймын.
– Қазақ киім-кешек мәдениеті үшін қандай жұмыс істедіңіз?
– Басқаны айтпағанда халқымыздың киім-кешек мәдениетін әуелі бастан-ақ зерттеуді мақсат еткен едім. Бұл жөнінде екі түрлі ойда болдым: бірі ұлтымыздың байырғы киімдерінен бастап зерттеу, бастысы қазақтың ұлттық кіймдерінің дәуірлік ерекшелігі, тұрмыстық ролы т.б. Екіншсі: зерттей жүріп өндіру (тігу) болды. 1995 жылы наурыз мерекесі қарсаңында ұлттық дәстүрлі киімдерін зерттеп, арнаулы жобалап жасап, елімізде тұңғыш рет қазақ киім-кешектерін сәнгерлер тобы формасында сахыналық деңгейге көтеріп, қалың көрермендердің алқауына, кәсіптік мамандардың мадақтауына ие болдым. Кейін келе шинжяң газетынде «Сымбат сән өнері» және «Қазақтың киім-кешектері» деген зерттеу мақалаларым жарияланды. Бұдан тыс ұлттық киім-кешектерімен тұрмыстық бұйымдарын, қолөнер техникасын елімізге таныту мақсатымен елу қатпарлы алып көйлек, тоқсан метрлік дастарқан, ең үлкен тұмар қатарлы туындыларым дүние жүзлік генис рэкортын иеледі. 2013 жылы Шинжяң халық баспасының ұсынысы бойынша қазақтың дала мәдениеті деген желлес кітаптары ішінде «Қазақтың киім-кешек мәдениеті» деген кітабым баспадан шықты. Осындай еңбегімнің натижесынде Алтай аймағы аймақ дәрежелі, автономиялы район район дәрежелі бейзаттық мәдени мұра – «Қазақ киім-кешектерінің мұрагері» деген атақ берді. Киім-кешекпен шұғылдану өте қиын жүміс. Үйткені, қазіргі таңда дүние жүзі бойынша сан-мыңдаған киім үлгілері жасалып, ондағы ұсақ-түйек жеңіл-желпі бөлшектердің барлығы түгел ескеріліп болған. Басқаны қайталамайтын өз қол таңбаңды танытатын киім үлгісін дүниеге әкелу қайдан оңай болсын. Демек, сәулетші сызып берген бір жобаны жүздеген жұмысшылардың салып жататыны сияқты, жобашының шабытынан туындаған бір киім үлгісін, кесуші, тігуші, оиюшы, кестеші сияқты ондаған адам бір киім заводы арқылы жүзеге асырады. Осындай қат-қабат қыйндықтардағы киім жобалаушының еңбегі ескерілмей қалатын жәйттерде бар.
– Шинжяң халық баспасынан шыққан «Қазақтың киім-кешек мәдениеті» деген еңбегіңізбен де әйгілісіз. 2009 жылы ұлы отанымыз Қытай Халық Ресрубликасының құрылғандығының 90 жылдығын құттықтап 90 метірлік дастарқан жобалап-жасап Шаңхай Гейнс рекортына ендіңіз. Еңбектің бәрі елеулі ғой, «Ескерілмей қалады» дедіңіз, халықтың өз киім-кешек мәдениетіне болған танымы қандай?
– Тоқсаншы жылдардың бас шені еді (нақ уақыты есімде қалмапты) Алтай аймағының екі жылда бір өткізілетін ақындар айтсы Жеменей ауданында өтті. Айтстың көнсерт нөмірлерімен көп санды ақындардың киімін мен жобалап жасаған едім. Тотыдай түрленген ақындарымыз бірінен кейін бірі сөз сайысына, жыр додасына түсіп, Жеменей аспанын сілкіндіріп жатты. Ақын Құрманбек аға бастаған қарт ақындар заманның тынштығын, баяшат тұрмысты жырласа, еркін, Шәкен қатарлы ақындарымыз береке-бірлікті, шұрайлы жер, райлы елді жырлап жатыр. Ал қайрат, гүлден, мұрал сияқты жеткіншек бала ақындарымыз көңілдіОрта, заттық өркениет, тамаша табиғаттан ештеме қалдырмай суреттеп жатты. Өкіншке орай адамзат өркениетіндегі өнердің бірі, кингенде жаныңды жадыратып, ажарыңды ашып, сымбатыңа сән беретін киім-кешекті бірде-біреуі ауызға алмады. Амал не бізде сән өнері әлі өз дәрежесінде бағасын тапқан жоқ. Оның керектігін, шынайы өнер ретінде мойындайтындар өте аз. Адамзатқа алғаш ақыл кіргенде, ең алдымен ұяты жерлерін жасыру, дене жылулығын сақтау үшін киімді тапқырлағанын білетіндер санаулы ғана. Қоғамның дамуы, мәдениет өренің жоғарлауына байланысты өнерді түсінетін адамдар көбейіп келеді.
– Жасампаздық жансебіл жандардың шаруасы сияқты. Елу қабат қосетек көйлек жобалап еңдер қатарына кірдіңіз, бұл сіз үшін жарнама ма, жоқ, жол-жөнекей жобалануға тиіс туынды ма?
– Бұл жарнама емес, көңілдің көгінен шыққан төл туынды. Менше әр қандай бір істі істеуге немесе оны зерттеп жарыққа шығаруға белгілі бір ой, оқиға жетелейді екен. Елу қатпарлы алып көйлекті жобалауыма себепші өзімнің кәсіптік өмірімінің ошағы болған Алтай аймақтық ән-би үйірмесінің шаңырақ көтергендігінің 50 жылдық торқалы тойы болды. Дәл осы қарсаңда үйірменің бастығы Алмасбек Шаймұранұлы бауырымыз Үрімжіде жатқан маған арнаулы телефон соғып: ‹‹– Апай, алдағы күзде өзіңіз шыққан ойын-сауық үйірмеснің құрылғандығының 50 жылдығын тойламақпыз, ерте бастан айтқаным торқалы тойдың құрметті қонағы болып қатынасасыз, нақтылы уақытын таяған кезде ұқтырамын» - деді. Мен бір жағынан бауырымыздың ілтипатті сөзіне риза болсам, енді бір жағынан алда өткен өнер қайраткерлерімізді, өзімізбен тұстас келе жатқан өнер саңлақтарын және артымыздан ерген өнерлі бауыр-сіңілілерімізді бейнелеуге борыштымын дегендей ой сап ете түсті. «Елу жылда – ел жаңа» дегендей дүниедегі еңдер қатарына кірген 50 қатпарлы алып көйлекті жобалау жұмысына кірісіп кеттім. Көйлек жасалды, 2009 жылы желтоқсанда өткізілген Алтай аймақтық ән-би үйірмесінің салтанатты сахынасының торынен 50 жылдан бергі жаңалықтардың айғағы болғандай 50 қатпарлы көйлегім бой көтеріп тұр, салтанатты тойдың ашылу салтына қатынасқан тілші журналистер арасынан дүние жүзі еңдер Шаңхай бас ыштабының Шинжяңдағы уакілі ние жиңчуан жолдас келіп тілшілер қатарында бұл көйлектің жай-жапсарын сұрап жатты. Ол кісі көйлектің үлкендігіне, сан алуан түрлі реңіне таң-тамаша болып таңдай қақты. Әрі осы туындыны дүние Гейніс рекорттар қатарына енгізуге өтініш етуімді талап етті. Бұл көйлек 2010 жылы тұңғыш рет ашылған Қытай шинжяң Азия-Европа сауда жәрменкесінің көрме залына қойылып, дүние жүзіне қазақ ұлтының киім мәдениетін тағы бір қырынан әйгілеп жатты.
– Әңгімеңізді бөлейін: қанша халқаралық фестивалдарға қатыстыңыз? Нәтижелеріңіз жақсы ма?
– Жуықтағысын ғана айтайын, 2016 жылы шілде айында Санжы облысы Чонжы ауданының Жанбұлақ саяхат орнында өткен дүние жүзілік арулар байқауында Гауһар атты қазақ қызы менің жобалаған киімімді сахынаға киіп шығып жүлдегер болды, менің киімім де таңдаулы жобалаушы сыйлығын алды. Сондай-ақ, сол жылы тамызда россияда халқаралық көрмеде мен жобалаған киімдер көрмеден орын алды. Міне соның бәрі осы халқымыздың, партияның, автономиялы районның Алтай аймағының қолдап-қуаттауы. Осы орайда көп-көп алғыс айтамын.
– Сахыналық киімнің көркемдігіне қандай талап қоясыз?
– Сахыналық киім-кешектер айтылымшта киім-кешек дегенімізбен ол бір ұлттың мәдениет деңгейін, ұлттық ғұрып әдетін, тұрмыс қағидасын бейнелейтін уакылдык сипаттағы бұйым. Көрінген жеріне жылтырақ тағып киінудің барлығы сахыналық киім бола бермейді. Қазіргі кезде сахыналық киім тігумен айналысып жүргендер бір шама көп. Олардың көп сандысы көңілдегдей болғанымен бір бөлімі жайсыздау болып жүр. Неге? дегенде сол орындармен жеке адамдардың кәсіптік қабылеттері төмен, арнаулы жобалау кәсібін оқымағандықтан, солай болып жатқан шығар. Тіпті кейбіреулер кәсіптік ғылми қағиданы ескермей, байланыс арқылы жалаң экономикалық пайданы көздеп жүргендерде жоқ емес. Нақтырақ айтқанда сахыналық киім көлемді сахыналық шығармаларда шығарманың табиғи ортасына, ой желісіне, тұрмыстық деңгейіне, бейнелеу тәсіліне қабыса жасалуы талап етіледі. Ал жобалаушы сол шығарманың терең қатпарына кіріп, сол УақиғаныңІшінде жүргендей көңіл-күймен жобалауы шарт етіледі. Жеке әртистердің киімін жобалауда сол артистың бой-тұрқы, дене-бітімі, өң-реті, орындайтын өнер түрінің мазмұны ойдағыдай ескеріледі. Осылай істегенде ғана сахыналық киімдердің көркемдік дәрежесін асыруға көрермен қауымның көңілінен шығуға болады.
– Сізше сауда орайшылдардың ортасы ма? Жоқ, сенімділікті серік еткен жандардың сарайы ма? Болашақта қандай даму ойыңыз ба?
– Менше сауда жасау көп санды адамдардың таза тіршілік жолы. Қазіргі мына ұшқан құстай дамыған зымыран дәуірде сауданың өзі жершәріндық ауқым алған келелі мәселеге айналып барады. Қазіргі дамыған ұлттармен ұлыстардың мемлекеттердің сауда қимылы маңдай алды орынға көтеріліп отыр. Кім сауда жасамаса сол мешеу, кім мешеу болса соның сауда-саттығы төмен болудай халқаралық ауқым жарыққа шықты. Шынтуайтында: ұлтымыздың сауда-саттық көз қарасында көрнекті ілгерлеушілік болды. Қыруар жастарымыз мемлекетіміздің ішкі өлкелерінде басқа ұлттар қатарында сауда-саттықпен шұғылданып, ырғын тұрмысқа кенеліп жүргендеріміз жоқ емес. Тіпті кейбір жастарымыз ел аттап сауда жасап жүргендеріміз де баршылық. Бұлардың барлығы ұлтымыздың мақтаншы, адамды қуантарлық табыс, көрнекті натиже. Демек, сауда сенімділікті өте қажет етеді. Қазақ мұны Ертеде «Құдағи қайтқанша жұмыс істемеңдер» деп жатады. Міне осының өзі көз алдыны ойламай, алысқа көз таста дегені болар.
Болашақ даму ойымызды айтсам: жұбайымыз екеуіміз демалысқа шыққаннан бастап азын аулақ сауда-саттықты ішіне алған өнерге адам тәрбиелеу, басқару, өнерін үйрету жақтарындағы жұмыспен шұғылданып келеміз. Қазір Үрімжіде және алтайдың Буыршын ауданында екі жерден ашқан шағын серіктігіміз бар. Осы екі орында әр ұлттан 60 дай ұл-қызарымыз жұмыс істейді. Қазір жасымызда ұлғайып қалды. Мақсатымыз осы жастары сауда-саттықпен шұғылдануға баулу. Біздегі бар өнерді үйретіп, болашақта осы өнердің тетігін игерген білікті адам болуына жетелу ойындамыз.
– Адам өз кәсібінен белгілі бір натиже жарату үшін жасаған орта маңызды ма? Жоқ, жекелік құлшынс маңызды ма?
– Бір кәсіптің белгілі белесіне жету үшін сіз сұрап отырған орта да, жекелік құлшыныс та сөзсіз болуы керек. Бірде бірі кем болса болмайды. Көңілді ортаң болғанымен құлшынысың болмаса немесе тек құлшынысың болып көңілді ортаң болмаса қайдан жақсы натиже шықсын?! Сахыналық кәсіппен шұғылданған отыз жылдан бері өзіміз үнемі айтып жүретін «Белгілі бір натижеге жету үшін артыңда құдыретті тірегің болу керек» деген сөздің шындығына көзім жетті. Сол тірегім менің отбасым. Отағасы ішімізде бір ұл, бір қызымызбен от басымызда төрт жан болдық. Өзімізді басынан бастап, балаларымызды жасынан бастап ғылым-білімнің артында болды, өнер қуалады, тыныш орнықты отбасын құруға баулыдық. Үй ішіміздегі келелі істерді кеңесіп шағын істерді ақылдасып шешу дағдысын қалыптастырдық. Күйеу балаларым мен келінім де көңілімдегі жандар. Соныңда Натижесі болар. Істеген жұмстарым үлкен болмасада қоғам қажеті халықтың қалауына жарағаны, от басымның тыныш ортасымен өзімнің құлшынысымнан келген шығар деген ойдамын.
сұхбаттасқан Қуандық КӨБЕНҰЛЫ
6alash ұсынды