Ақын, сазгер, ағартушы Сәкен Ризабекұлы 1966 жылы 25 маусымда Алтай аймағы Буыршын ауданында дүниеге келген. Түрлі басылымдарда 500 дің үстінде өлеңі жарияланған. 2008 жылы Пекиндегі ұлттар баспасынан "Нөсер" атты жеке жыр жинағы шыққан.
Автор Шыңжаң жазушылар қоғамының мүшесі, Шыңжаң полклоршылар қоғамының мүшесі. Шыңжаң қазақ мәдениет қоғамының мүшесі, Іле қазақ автономялы обылысы жазушылар қоғамы мүшесі.
Орындаған: Жұмабек МҰҚИАТҰЛЫ
"Ауылым - арман"
Сөзі, музикасы: Сәкен Ризабекұлы
Ақбоз үйлер қонатын бұлағыңды жағалай,
Аттың терін аямас есенбісің ағатай.
Сәні болған ауылдың барма деші қарттарым,
Бір күнгідей білінбей өте шыққан заман-ай!
Жасыл арша жағалы,
Жартастарың ажарлы.
Саумал ійс самалы,
Гүл жамылған алабы,
Аққу Құстай ауылым,
Арман болып барады.
Аманбысың бауырым танып тұрмын көзіңнен,
Тартқандығың атаңа білінеді сөзіңнен.
Ақ құртындай әжемнің ақ шағылы төгілген,
Кешкі кеңес құрған жер әнеу төбе көрінген.
Құлының боп кісінеп ботаң болып боздағам,
Сағынышым басылмас көкіректе қоздаған.
Тон иісі келерме Қаратаудай шалдардың.
Құшағыңа қаттырақ қыса түсші жан ағам.
6алаш ұсынады