Кітап оқып жүрсіз бе?..

«Кітап адамзат қоғамының дамуындағы баспалдық» (гөрки) . Адамзат ешқашан кітаптан айрыла алмайды. Өмір бойы үйрену бір адамның, бір мемлекеттің, бір ұлттың бәсекелік қуатын арттырады десек, кітап оқудың өзі өмір бойы үйренудің бір түрлі формасы. 

Қазақстандықтар жылына 5 кітап оқиды

Қазыр кітап оқып, газет-журнал көретіндерден телефонға телміретіндер көп. Аялдамаларда, демалыс орындарында, пойыз, ұшақтарда кітап оқып отыратын адамдардың да қатары сиреп барады. Кітап сатып алатындар да аз. «Бұл әлемдік үрдіс, қазір жұрттың бәрі электронды кітап оқиды» десек те, бұл нағыз кітап оқудан парықты. 

Қазыр жастардың басым көп сандысы әр 5 минутта бір әлеуметтік желілерді шолып, информацияны жаңалап, өзіне қажетті нәрселерді қалт жібермей көріп отырады. Алайда бұл қазіргі жастарда қысқа-қысқа информацияларды ғана оқитын, тек әлеуметтік желіге ғана телміретін тар өрсті ауқымды қалыптастырды. Ал кітап оқу дегеніміз, нағын айтқанда, төңірегіңдегіні түгел ұмытып, жазушымен бірге тағы бір дүниенің қуаншы мен қайғысын, ғазабы мен қасыретін бөлісу. Бұл дегеніңіз тіршіліктегі орнын ештеңе баса алмайтын өзгеше әсер ғой.  

БАҚ беттеріндегі деректерге сүйенсек, қазақстандықтар (жан басына шаққанда) жылына орта есеппен 5 кітап оқыса, кореялықтар 7 кітап, жапониялықтар 40 кітап оқиды екен. Мүмкін, БАҚ-тардың бұл санағы дұрыс та емес шығар, бірақ күнделікті тұрмыста отандастарымыздың кітап оқудан барған сайын алыстап бара жатқанын жай көзбен көріп те, іштей түйсініп те жүрміз. Ендеше, жылына әрең 5 кітап оқысақ, мемлекет қалай дамыйды?  Ұлт қалай «рухани жақтан жаңғырады? » .

Неге кітап оқымайды?

Бізше, отандастарымыздың кітап оқымауындағы себепті үлкен жақтан мынадай 5 түйінге жинақтауға болатын секілді.

Бірінші, жалпы халықтың кітап оқуға болған ынтасы солғындаған. Екіншіден, балаларда кшкентәй кезден бастап кітап оқу әдетін қалыптастыруға мән берілмеген. Мейлі отбасында, әлде қоғамда болсын ауқымды кітап оқу ортасы қалыптаспаған. Үшінші, мемлекеттің оқу-ағарту саясаты тек «емтиханға төтеп берудің» қажетыне ғана құрылған. Бұл балалардың кітап оқу қызғындылығын жоғалтып ғана қалмай, оларға сабақтан сырт кітап оқитын уақыт та қалдырмаған. Төртініші, электронды бұйымдардың елктіруі де ел санасын кітаптан алыстатып жіберген. Бесінші, ұрпақтың санасын ашуға, қоғамдық бәсекеге төтеп беруге пайдасы, дәлірек айтқанда, жан бағып, жақсы тұрмыс кешіруге себі тиетін жақысы кітаптар аз, көптеген кітаптар оқырманын баурай алмайды. Көбі бір сарынды, жаңалық аз.  

Кітап оқуда үлгі тұтатын 2 ел

Дүние жүзі бойынша Израиль мен Венгрия халқы кітап оқудан алдына жан салмайды. 

Израиль еврейлердің отаны. Аталған ел жан санының 80 пайыздан астамын ұстайын еврейлер жан басына шаққанда жылына 68 кітап оқиды екен. Інжілдің бетіне бал жағып жаңа туылған нәрестеге жалату да осы еврейлердің әдеті. Мұнысы өмір есігін жаңа ашқан сәбиге кітаптың балдай тәтті екенін ұғындыру. Сосын да шығар, еврейдің қайршысының өзі кітабын қолтықтап жүреді. 

Израильде газет-журналдың бағасы да удай қымбат. Әр қандай кітаптың бағасы 20 Доллардан түспейді, газет бағасының өзі 6 Доллар айналасында. Бірақ оны «Ауырсынып» жатқан еврейлер жоқ, кәдімгідей кітабын сатып алып, газет-журналына жазылып жатады. Жан саны 5 миллоннан әзер асатын елдің бір миллионнан астам адамында кітап алып оқу куәлігі бар.  

Ал Венгрияны алып айтсақ, бұл елдің териториясы Қазақстаннан әлде қайда кішкене, жан саны да бізден аз. Бірақ бұл елде бір адам жылына 20 кітап сатып алады. Елдегі кітап оқуды дағыдаға айналдырғандардың саны да 5 миллионнан асады, бұл аталған ел жан санының 4/1- інен артық көрсеткіш. 

20 мыңнан астам Кітапханасы бар Венгрияда орта есеппен 500 адамға бір Кітапханадан тура келеді. Ал тәуелсіздік алған жылдарда Қазақстанда 10 мыңнан астам Кітапхана болған деседі. Тек Нұр-Cұлтан қаласының өзінде бұрын 23 Кітапхана болса, қазір соның бір қаншауы жабылып, қала халқы көбейгенімен, Кітапханасы керісінше азайған. 

Кітап байлық пен білімнің бастауы

Халқы кітапты көп оқитын елдің, әрине, болашағы нұрлы. Израильдың жан саны аз болғанымен, талант иелері жетіп асады. Бұл елден қазірге дейін 12 адам Нобель сыйлығын алды. Нобель сыйлығын алғандардың арасында еврей қандылар 18.5 пайызын ұстайды. Израильдықтар ақыл-парасаттарының арқасында қумедиян даланы дән теңізіне айналдырды. Өндірген астығы өз елін қамдағаннан сырт, шетелге экспортталады. Израильмен шекаралас Палестина сияқты арап елдері күні бүгінге дейін Израильден мұнайға азық-түлік ауысып отыр. Міне бұл Израильдықтардың ақыл-парасаты мен жаңалық жасау жағындағы артықшылықтарының арқасы. 

Венгрияда 14 адам Нобель сыйлығын алған. Мұның көбі физика, химия, медицина, экономика, әдебиет, бейбытшілік саласы сынды салаларда сыйлық алғандар. Жан саны салыстырмасы бойынша айтсақ, Венгрия нағыз аты-затына сай «Нобель сыйлығын алғандардың отаны». Олардың тапқырлықтары да көп, сіреңке, майқалам сияқты ұсақ-түйек нәрселерден тартып, трансформатор, Телевизордың христәл шамы сияқты ерекше өнімдердің барлығы да осы елдің пәтенті. 

«Өз тіліңді құрметте. . . »

Кітап оқу, газет-журналға жазылу десе, менің есіме Қытайдағы мына бір жағдай есіме түседі. Шынжаңның Шапчал сібе Автономиялы ауданында сібе тілінде шығатын жалғыз газет бар. Таралымы 2 мыңнан асатын сол газетке сібенің бір зағиып шалы жылда үзбей жазылады. Мұның байбына бара алмаған тілшілер шалдан себебін сұрапты. «Өзің су қараңғы соқырсың, оқи алмайтын газетке жазылып не істейсің» десе, әлгі шал: бұл сібе тілінде шығатын бірден жалғыз газет қой, мен оны оқи алмағаныммен кейін немерем оқиды. Өз ана тіліміздегі газетке өзіміз жазылмасақ, басқа кім жазылады сонда?!» деп жауап қайрыпты. Міне көрдіңіз бе, басқалардың өз ұлтына деген махаббатын, өз тіл-жазуына деген құрметін!

Ал елімізде қалай? «Көзін емес, шел басқан көзқарасын» дегендей, оның жәйі бәрімізге белгілі. Басқасын былай қойғанда, Қазақстандағы кітап дүкендеріндегі жетім қыздың жасауындай бір бұрышта тұрған қазақ тіліндегі кітаптарды көріп қарның ашады. Орыстың кітап дүкеніне кіргендей күй кешесің. Мұның қасында қытайдағы кітап дүкендерінде кітаптың түрі де, саны да мол. 1.5 миллион ғана қазақ бар бұл елде қазақ тілінде шығатын кітаптардің ең азы 1.5 мың  дана тарлыммен, әйтпесе, 3000 мың  дана таралыммен шығады. Оқырман да, кітап аларманы да аз емес. Әсіресе, Қазақстан жазушыларының кітаптары қаны жерге тимей өтеді десек, бұған Мұқағалидың «Қаздар қайтып барады» деген өлеңдер жинағы 3000 дана таралыммен 8 рет басылғаны айғақ. Мұнан сырт, Әбіш Кекілбәев, Оралхан Бөкей, Қадыр Мырза-әли, Тұманбай Молдағалев, Мұхтар Шаханов, Олжас Сүлейменов, Ұлықбек Есдәулет, Әлібек асқар... сияқты жазушылардың кітаптары да 3 мыңдық таралыммен әлде неше рет басылды.  

P.S: Адамның рухани жақтан толысқан шығы оның кітап оқып, қор жинаған мезгілі болса, бір ұлттың Рухани деңгейі де үлкен жақтан айтқанда тұтас ұлт өкілдерінің кітап оқу өресімен өлшенбеді. Қоғамның алға басуы немесе кері шегінуі де қоғамдағы адамдардың кітап оқу әдетімен байланысты. Осы тұрғыдан алғанда, кітап жеке адамға ғана емес, бір ұлтқа, тіпті, бір мемлекетке әсер жасайды. Өкінерлігі қазір хат таныйтын адам көбейді, бірақ керсінше кітап оқитын адам азайып барады...

Қалиакбар ҮСЕМХАНҰЛЫ

6alash ұсынады