«Абай жолы» - Мұратбек Тесебаев (аудио)

Әнуарбек Нығметжанұлының таңғажайып дауысы қазақ халқының құлағында мәңгі сақталып қалды. Сол атақты дикторды өзіне кәсіби де, рухани да ұстаз тұтқан, дауысымен талайды тамсандырып, аға жолын қуған Мұратбек Тесебай да біртуар дара талант иесі. Салиқалы еңбек жолының 58 жылын радиоға арнаған, эфирден толығымен 50 роман оқыған ардагер журналист.

Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Қан мен тер» трилогиясын, Ғабит Мүсіреповтың «Қазақ солдатын», Сәбит Мұқановтың «Ботагөзін», Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» романдарын да оқып, тыңдармандардың ыстық ықласына бөленген Мұратбек Тесебаев 1995 жылы хакім Абайдың 150 жылдық мерейтойына орай, «Абай жолы» романын радиода 160 күнге бөліп, 80 сағат оқыған болатын. Қазірге дейін Шыңжаң халық радиосынан 3 рет таратылған бұл роман бүгін де көп қазақтың ұялы телефонына сақтап, жол жүрсе машинасында тыңдайтын аудиосына айналған.


Қайтқанда

6alash ұсынады