Халық әні «Керім салдың» кешірмесі

Халық әні «Керім сал- ай»

Орындаған: Иақып КӨРКЕМ

«Ел іші - өнер кеніші» демекші, «Керім сал» Баркөл өңірінде таралған халық әні. Өткен ғасырдың 30 жылдарында кезіндегі кесір заманның қысымынан шығысқа ауған халықтың көңіл-күйі, арман-тілегі бейнеленген бұл ән көне көз қарттардан, малшылардан, халық арасындағы өнерпаздардан бірден-бірге таралып, құлаққа сіңіп осы дәуірге жетті. Бұл туралы автономиялы райондық партком ұйымдастыру бөлімінің бұрынғы орынбасар бастығы Кәбен Дәуітұлы бала кезінде Баркөлдің Пасдауан деген жайлауында топты кісілер бас қосқан той-томалақтарда «Керім-сал» әнін көп естігенін айтып, «Керім сал-ай, кезігуге қалың қалай» деген жолдарының есінде қалғанын, бертіндеп іздеп жүріп Баркөлдегі Ақарқа тауында бір малшының үйінде жасы тоқсаннан асқан бір апамыздан толықтырып алғанын, өкінішке орай кейін арнаулы ат басын бұрғанда ол кісінің «О» дүниелік болғанын естіп қатты өкініште қалғанын, «Керім сал» әнін осылайша сахарадан сахынаға көтеріп орындаушыларға ұсынғанын айтады.

Иә, сайын сахараны сырлы сазына бөлеген халық әндерінің қиқу-қиқу ғасырларды ендей өтіп, бүгінге жетуін жалпы жақтан дана халықтың еңбегіне жазасаламыз әдетте. Сол қара ормандай халықтың ішіндегі өнерге жақын жанкүйер аздаған адамдар жалғап келгені қайырыла ойлаған кім бар? Өнер өзімен қоса жанашырларын, адал шәкіріт, жалғаушыларын әрқашан ала туып отырған. Бүгін бізге мақтаныш болған неше мың ән – күйдің иесі халық, тудырушы, жалғаушы әне сол үркердей һақарман топ. Ұжым әрине, жекеден құралмақ-ты.

Кәбен Дәуітұлының да осы өнер жанкүйерлерінің бірі екенін халық әні «Керім салдың» тағдыры айтып тұр терең әсермен. Шынында ұзақ уақыт әкімшілік салада жұмыс істеп, ел басқарған қадірлі ағаның халық мұрасына, әсіресе, рухани мұрағат халық әндеріміздің тағдырына деген ықыласы, жоқшысы болып жол басқан әсерлі кешірмелері аңыз боп келеді ел арасында. Ел тізгінін ұстаған ағаларымыз дәл осындай туған халқының рухани байлығына баса назар аудара жүрсе нұр үстіне нұр еді-ау дейсің ойменен.

Халық әні «Керім сал» 1950-1951 жылдары бала кезімізде Баркөлде халық арасында көп айтылатын. Әсіресе, қыз ұзату, келін түсіру, тойларында жас қыз, жігіттер бұл әні нақшына келтіріп айтатын. Кейін бұл ән көп айтылмай кетті. Мен Шинжияңның көп жерін араладым. Басқа өңірден «Керім сал» әнін естіп көрмедім. Сонымен 2003 жылы радио-телевизиа саласындағы бауырларыма мәдениетіміздің бір мәйегі саналатын Баркөл өңірінде таралған «Керім сал» әнін іздеп, реттеп таспа түсіруді тапсырдым әрі «Керім сал» әнінің есте қалған қайырмасын айтып бердім. Ол былай айтылушы еді: «Айт дегенде айтайын әриай-дай, ақылы артық жақсының дәрия-дай, керім сал-ай, кезігуге жайың қалай» ақыры әннің сөзі де табылып жарым ғасырдан астам уақыттан кейін 2008 жылдың соңынан бастап жай орталарда айтылып жүрді. Халық арасындағы ұмыт радиосы қазақ бөліміндегі Шинжияң телевизиасындағы бауырларыма қалың қауым атынан үлкен алғысымды айтамын.

Айт дегенде айтайын әри-айдай,
Ақылы артық жақсының дәриә-дай.
Бір екі ауыз жаманнан жөн сұрасаң,
Ішің қапа болады жари алмай.
Кезігуге жайың қалай, керім сал-ай

Қырмызы қызыл жібегім-ай,
Өзіңді ойлап жүдедім-ай.
Тауыстай тамақ, бұраң бел-ай,
Қондыру жолын өзің біл-ай.

Айт дегенде айтайын ән баяулы-ай,
Жарлы болар жігіттің жаны аяулы.
Тіршіліктің барында ойнада күл,
Өтіп дәурен барады күн санаулы-ай.

Ән-тарих, ән-болашақ, әрбір әнде қаншалаған ноталық бейнелеу дыбстары болса соншалаған өмір өрнектері болады. Халық әні халықтың сырлас досы, онда тарихи астар бар болып әсем әуенге өрбіген асыл әндер жүрегіңді тербеп ой санаңды ізгілікпен әдәмгершілікке жетелейді. Жан дүниеңді сұлулық пен мейрімге ызденіс пен махаббатқа түбегейлі іңкәр етеді. Сондықтан да халық әнін жұрт жүректерімен сезініп жылы қабылдайды. Сондықтан да халық әнінің қасиеті ұлытқа, жерге бөлінбейді. Ол он рет, жүз рет қайталанып айтылса да тыңдарманын жалықтырмайды. Қайталанған сайын судағы малта тас сияқты жарқырай береді. Белгілі сазгер, әніші Ерболат қызыкен ұлы ардақты мұрамыз халық әндері жайлы партия Мен үкімет таяу жылдардан бері бейзаттық мәдени мұрларға айрқша мән беріп халқымыздың Рухани өресін жоғарылатуға едәуір күш салуда. Әдебиет сыншысы, компузитор Тұрсынжан Шапаев «Халық әні барлық қазақ әндерінің - анасы» деп бағалаған. Ендеше, осы ана әндеріміздің қадыр-қасиетін жете танып саралап сахынаға шығаруымыз керек.

Мен қалай ақынмын деп айта аламын,
Халқымның өз айтқанын қайталадым.
Қазақтың күпі киген қара өлеңін,
Шекпен жауып өзіне қайтарамын - деп ақиық ақын Мұқағали Мақатаев айтқандай халық әндерін ұнатып айытып сол үлгіде әндер жазып жүрсемде ел аралап жүріп талай халық әнін үйрендім. Мәселен: Құлыстайда Абдырахим деген ақсақал айтып жүретін «Алтын гармон» деген халық әнін баласы Жанайолладан, Шағантоғайдағы құрмет деген кісіден «Тарбағатай биік тау» деген халық әнін, сол сияқты халық әні «Көк торғай» әнін таспаға түсіріп алдым. Міне осындай халық әнін жаттап, таратып жүргендер арамызда баршылық екен деді.


Халық әні жағады жанымызға,
Халық әні сияқты бағымызда.
Халық әні мәңгілік өшпейтін ән,
Халық әні сіңген ән қанымызға.


Олай болса, халық әні сынды асыл қазынадан мәңгі нәр ала отырып, осы асылдарымыздың әуенін асқақтатып білекпен емес бүгінгідей білдей білімнің бәйгесінде, баяшат өмірде жалпақ әлемге халық әнімен халқымыздың айбынын неге асырмасқа! «Әнінің де естісі бар, есері бар», «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» деген абай тағылымы оралад ән хақында ойлансаң. Алып ұшып сахнаға көтеріліп, алты күн жасар көбелектей жоғалып жатқан әндерімізді түлкі алмас тазыдай сүйрелеп, ақ тер, көк тер болғанша, уақыттың сынағынан өткен, халық рухына сіңген халық әндерінің жоқшысы, қолдаушысы болсақ, бабалар алдында, халық алдында еңсеміз тік, мақтанышпен өмір сүрер едік ағайын.

Соңы

Базан Құдайбергенұлы

6alash ұсынады