Адам әулетіне, соның ішінде хас өнердің киелі иесінің биік болмысын, күрделі жан құбылысын жаза баспай тану үшін бірге жүріп, көп пікірлесіп тұрсаң, үлкен тұлғамен ұшырасқан сол бір қымбатты сәттер есіңнен екі елі көтерілмейді екен.
Мен 1992 жылы Шинжяң халық радио станциясының әдебиет-көркемөнер бөлімінің редакторы болған соң, алтын қорға көнсерт жинау сапарында, мереке-мейрамдарға арналған көлемді сауық-кештерде, ақындар айтысы қатарлы сәлиқалы бас қосуларда Уалиолла ағамен көбірек бірге болдым.
Уалиолла САДУАҚАСҰЛЫ
Талантты адамның өркен жайып мәуелеп өсуіне қажымас қайрат, мызғымас сенім, үзілмес үміт, ерінбейтін еңбеккерлік, биік адамдық қасиет, дарқан білім қажет қой. Уаш ағамыздың да тұлғасына таланты сай келіп, әңгімелесе қалсаң ой оты маздап, ағынан ақтарылып қалатын.
Әйгілі композитор Нұрғиса Тілендеев: «Ертістың екі жағалауы тұнған ән, ту сырылған жыр. Өнер дейтін ақ боз үйдің киелі екі босағасы секілді» деп қандай тауып айтқан. Расында кісілікті өнер-киелі жерден, көргені көп елден, көркем көкіректен ғана туады. Ұлы мұхитқа құйып жатқан қасиетті қара Ертістың бойында өмірге келген Уәлиолла ағамның тұнған таланты туған жеріне тартса, өнерін ұштауға үлгі болған Сымағұл, бәжей, болмас, тайырдай ақаралдың алыптары екен. Бірде Уәш аға:
– Біздің кәсібіміз көркемөнер, халықтан алып халыққа қайтару, композитор болған адамның көңіліне күй, жүрегіне жыр төгіліп, өзіңе ерекше әсер еткен құбылыстарды ағыңнан жарыла, алпыс екі тамырың иіп, жанарың жарық нұрға, жүрегің сұлу сырға толып, сиқыр саз барлық бітім-болмысыңды билеп бара жатқанда музика тіліне аударсаң, ең тартымды туындылар дүниеге келеді екен. Терме дейтін өнер біздің жаққа жай келді. Бірақ халықтың сұранысы өте күшті болды, алтайдың қос әсемқаны таңнан-таңға терме тартса тыңдаушысы Еш жалықпады. Бірақ жаңа термелерді жазуға текстен тапшылық көрдік. Сонымен мен осы бір текті өнердің бағын ашу үшін елуді еңсергенде термеге терледім. Біздің кішірек кезімізде алтайда ой мен қырды аралап, салдық құрып ән айтып, күй тартқан төртағамыз болды. Олар айтыс ақындардың атасы Сымағұл, төкпе өлеңнің төресі болмас, әнші бәжей ақын, әйгілі тайыр еді. Бәжей ақын 70 жасында естәйдің жай толқынын айтқанда бар тыңдаушы таңдай қағатын. Мен өнерде көзімді ашып көрген көркемөнерлік өмірімдегі ұстаздарым, осы төрт арысты тілге тыйек қылған «Ақаралдың алыптары» атты тұңғыш термем осылай жарыққа келді,-деп ағынан ақтарылды.
Музика-адамзаттың әмбебәп тілі, саңлақ сазгер-уәш ағаның қай-қай туындылары да ақбас алтайдың сай-саласынан құлаған мөлдір бұлақтай сорғалап, сылдырап тыңдаушысын бірден баурап алады.
2000 жылы гәкку бағдарламасы ефирге көтерілген соң мен Уәлиолла ағамен екі рет сұхпат жасадым. Сонда ғой, сазгердің меруерт әнінің әдемі әңгімесін сабақтағаны… я, я, ұйықтаған көңілді де, жасанған жақсы өмірді де оятып сәндендіретін, қуат беріп әрлендіретін ұлы құдырет-ән ғой. Әсіресе, адамның алтын асықтай жалынды жас шағы түгемес ән емес пе? ! күлімдеген күн де, Жауқазын жарған Гүл де, гүлден нәзік сүйген сәулең де, ақ сағыныш адал махаббатың, мынау сұлу, сері дүние бәрі-бәрі айтуы, әрлеуі жетпей жатқан әсем ән! уәштің болып та, толып та тұрған отызды енді еңсерген, құлагердей құлпырып тұрған жас шағы. Жас ақын асқар Асхат ұлы, бір алтайды аузына қаратып тұрған Уәлиоллані әрең тауып:
– Мынаған ән жаз, сенде де бір «Меруерт» бар ғой,-деп бір бет қағазды, қара домбыраның шанағынан әлде бір әуенді қайта-қайта қайырып отырған оған ұстата берді. Міне ғажап!
Алтын нұрдың тамшысы,
Жарқыраған меруерт,
Махаббаттың жаршысы,
Өзіңдей болып сезілед.
Меруертті қалқашым,
Бердім саған тағуға...
Қашаннан көңілдің терең түкпірінде жатқан алтын сөз. Мың ойланып, жүз толғансаң да тіліңе оралмайтын өзгеше теңеу, ٴтайыр-ау! ақынның айтып отырғаны, саз тілеп тұрған сұлу жыры махаббаттың жарқыраған жүректегі меруерті, өлеңді үш қайтара оқып шыққан уәш, ала бұртып, өзіне-өзі келе алмай, алдында тұрған асқарды да мүлде ұмытты. Айғайлап та, езіліп те, жылап та емес, жып-жылы болып көңілге орнай қалған мынау сурет енді мөлдір мелөдияға айналды. «Да…да…дан» деп бір тоқтап сазгердің бойы балқып, ойы шалқып жүре берді. Жиілеген жан тебіреністен ақыры әдемі ән- «Меруерт» жарқырады. 1980-жылы бұл ән радио толқыны арқылы рәушән Әбу қызының орындауында барша тыңдармандарына жолдама алды.
Ән өмірдің шындығын жырлайды. Қандай бір композитордың шығармасының ажарында туған жерінің тұнық табиғаты, ардақты елінің асыл қасиеті айқын бейнеленіп, қанға сіңген өнеріңе қанат бітіріп, шабытыңды шалқытары ақиқат.
Қасиетыңнен айналайын, қарт алтай, сенде туған түлектерің өзіңді мәңгі жырлап, жазып тауыса алмас-ау! уәш ағамыздың да не бір тынысты, көркем туындылары алтын алтайдың әсем де, асқақ тұлғасына арналған.
1997-жылы Ш Х Р С әдебиет-көркемөнер редакциясы шинжяң бойынша тұңғыш кезек жаңа әндер бәсекесін оздырды. Уәлиолла сәдуақас ұлы «Ертіс пен қыран», «Алтын жаға», «Есіңнен жаным шығарма» сынды бақандай бес жаңа әнін жолдапты. Неше жүз әннен «Ертіс пен қыран» бас байгені жеңіп алды. Ән бағалаушы Әділқазылары кәрім абдырахман ұлы, бәдет Ахыметжан ұлы, Уәлиолла сәдуақас ұлы, Бағдад естемес ұлы, қастер сейтқан ұлы болатын. Қайран бәкең мен уәштің Үрімжіде сондағы бізбен бірге болған бір аптасын ойлағанда алдыұмыт, арты өкініш баянсыз дүние-ай дейсің!
Сонда ғой мен уәш ағаға:
– Аға, 1993-жылы жазған «Ертіс бол да қыран бол» өлеңімде:
Ертіс бол да қыран бол,
Еңіреп туған бір ән бол.
Ұсақтап кеткен ұлдарға,
Ұлыларым ұран бол! -деп бастаған едім,-айтқандай, сіздің «Ертіс пен қыраныңыз» асқақ та әсем, кең тынысты керемет мелөдиәсімен алтай дейтін алып ананың ақ сүт сорғалаған екі омырауы «Ертіс пен қыранды» мәңгілік айтылатын музаға айналдырды. Шіркін! Ертіс пен қыран! ! ! -деп іркіліп қалып едім… Уалиолла аға:
– Жекенжан, жақсы текст өз музикасын ала жүреді. Маған ғажап шабыт сыйлаған байтік ақынның сорғалап тұрған өлеңі болды. Өзің тыңдашы!
Тұлпарлардың дүбірі қалған,
Сұңқарлардың тұғыры қалған.
Батырлардың ұраны қалған,
Мекенім менің Ертіс пен қыран.
Жағасында қалықтап қыран,
Даласында тебсікен құлан.
Аққу қонған ақ айдын мекен,
Мекенім менің Ертіс пен қыран.
Асылдардың сынығы қалған,
Ордалардың уығы қалған.
Көсем де туған, шешен де туған,
Мекенім менің Ертіс пен қыран.
Уәш аға ұлы тұлғасымен қозғалып, қарлығыңқы дауысымен әнді айтып шықты.
– Мұндай тамаша текстке ән жазбасам Ертістың жағасында туып, қыранның жағасында қырық жыл ғұмыр кешкен мені ақ мекеннің киесі ұрмай ма,-деп, сазгер ағаның көзі жасаурап, үні үздігіп кетті.
Бір ғұмыр өнер деп өзегі талған, «Құлақтан кіріп, бойды алған» әсерлі әннің не бір сиқыр сазына бойлаған, ٴуалиолла садуақас ұлы қай тақырыптан да іркілмей, жүрекке жылы, жанға жайлы, көңілге Қонымды меруерттей мөлдір мелөдияларді дәп басып табабылды.
Бағананың басындағы «Мантор қызды», гүлдей құлпырған «Шопан қызды» тыңдаған сайын құштарлығың қозып, ынтыға түсесің. Сосын әлде бір ару жанды іздеп, елесін қуасың. Қойшы әйтеу, сазгердің туындылары сені солай еріксіз жетелей жөнеледі. Армандайсың, сағынасың, аһ ұрасың, қиялдайсың!
Сезім дейтін ұлы парасатты, шексіз де, шетсіз алып күштің салмағын бір ғұмыр көтерген, мың қуанып, мың мұңайған сазгер жүрек соға-соға шаршады. Бітімі бөлек кемелді тұлғаның ат-атағы мұзарттай биіктегенде, 2006-жылы шілденің 29-жұлдызы мұз тау баурайында, саз сахарасында, әнін сүйіп, күйін ұққан неше мың қарайған халқымен ақыры әндетіп тұрып қоштасты.
«Бақыт тілеп жүретін басымызға,
Қара шалдың қаншасы қасымызда?!
(мініп алып келместің кемесіне),
Қайран қарттар бақиға тасынуда»-деп уәш аға бір кезде «Шалдарын» жоқтаған еді.
Келместің сол толып бермес кемесінде кеткен Уәлиолла сәдуақас ұлын 2008-жылы 10-мамырда Алтай қаласының бастығы мұрат шәкей ұлының бас болуында алтайдағы арқалы жұрт «Дәриға-ай арманан қайда» деп сәлиқалы сауық кеш арқылы сағына еске алды.
«Жұлдызым едің жанған бір,
Жұзыңнен жайсаң тамған нұр.
Әлдилеп жүрме әлемді,
Екеуіміз айтқан арман жыр»-деген Рахыметолла Хамит ұлының жоқтау әні әр көкіректің әні болып қайталап жатты. . .
Кеш демекші Уәлиоллані еске алу кеші-өзгеше бірегей болып өтті. Сазгердің сап алтындай сара туындыларын қырық жыл көкірегіне сақтаған алтайдағы алқалы жұрт уәшке деген үлкен құрметін, іззетін, сағынышын, бағасын, марапатын «Дәриға арман ән қайда» арқылы әйгілеп, туған жерін, ер жүрек елін жанындай сүйген аса талантты әйгілі азаматына ендігі мәңгілік ескерткішті әсем әннен тұрғызды.
Жеңісхан Нүсіпұлы
6alash ұсынды