Аңдатпа:
Қытай басқарған елдегі қазақтың жан дауысы еді бұл . мақала 2015 жылы жазылған. бұл жан дауысы Қазақ басқарған Қазақстанда да болар деп кім ойлаған? сол үшін ұсындым. Қытайда осы мқала үшін кіналі болғам... ал, өз мелім өзектен тепсе де мейлі...
- Автор
«Балдырғанның» тағдыры кімге аманат. .
Қуаныш ілияс
«Қошқармен теке» дейтін ертегі болушы еді. Сонда, теке:-өмір деген мына менің құйырығым сияқты қып-қысқа, зу етіп өте шығады – Деп, аңқау қошқарды ойға салатын. Сол теке хайуанның сөзі, ақыл-есті адам баласын да толғандырмай қоймайды. Бабаларымыз қамшының сабына теңеген, адам баласы әуіресінен арылып, қызығына тоймайтын қысқа өмірде біз аңсайтын бақыт та, байлық та, нұрлы болашақ та ұрпақ, ұрпақ екенін «Ойламды» жамағатқа қайталап айтуға тура келгенін қарашы! !
Қорғасынан ауыр ой арқалатып, қолға қалам алғызған да,- «Балдырғанның» тағдыры кімге аманат? -дейтін салмақты сауал. Жауапсыз қалған сұраққа кім ие? оған жауапты, қаршадай қыз мәдинә ғана беру керек пе? зиялы қауым, үзеңгі бауы сегіз қабат экономистер тарапынан әлі үн жоқ. «Балдырған» шаңырақ көтергелі де жарым жылдан асып кетті. Сауал да әлі жауап жоқ.
Я, «Балдырғанның» тағдыры кімге аманат? біз осы өзге емес, өз көкірегімізді сыздатқан, жанымызды жегі құрттай жеген сауалға да, сәл қарайтын болғамыз ба, қалай? мұның тамыры тереңде сияқты. Бұл біздегі рух, елдіктің шөжуі, мінез бен ерлік, намыстың ұсақтауы. Адамзат баласының ұрпақтан өзге асылы бар дегенге қалай сенуге болар? ! бір тамшы тер, бір күндік ғұмыр, тау-төбе байлық, ұлан-асыр шаттық бәрі-бары тек ұрпақ ұшын екенін, қызыл-жасыл жалған дүние, адамзатқа ұмыттырып бара ма деп қорқасың!
«Балдырған» қос тілді балаларбақшасы шыңжаң автономиялы райондық оқу-ағарту меңгермесінің тізіміндегі заңды, дефломы толық оқыту орны!
Осыдан бірнеше жыл бұрын Үрімжідегі бір шоғыр жастар, қалаға ірге тепкен 50 мыңнан астам қазақта, бірде-бір, қос тілді (қытайша-қазақша) болмауындай жағдайды, қағаз жүзінде көтеріп, есік тоздырып, тұмсығы тасқа тыйып, талабы мұқалған шақтағы арманы да осы «Балдырғандай» балалар бақшасы еді ғой! ал, енді, сол арман орындалған сәтте, қаз-қаз басқан «Балдырғанды» демеп, жебеп жіберуге неге осалдық танытып қалдық ағайын? ! 200 бала оқыта алатын «Балдырған», Қазір үкімет тарабының көмек қаражатынан әлі игіліктене алған жоқ. Экономикалық жақтан халықтың көмегіне мұқтаж.
Самалдың үуілі, бұлақтың сыңғыры, төрт түліктің күйісі, әженің әлдиі, халықтың ән-күйінен алыс өсіп, тек, тамырынан ажырап, дүбаралыққа бет алып баражатқан ұрпағың үшін, шыр-пыр боп, әнәтілде (қос тілде) «Балдырған» балалар бақшасын ашып, азаматтың жүгін, тіпті бір халықтың болашақ тағдыр жүгін арқалап, табанынан таусылып жүрген, қазақ қызының ерлгі, ұлт жандылығы, ет жүректі пендені тебірендірмей қоймайды. Бірақ, бізде тебіренетін жүрек қалмағандай. Егер, ұлттық сезім, қан, намыс, ұждан болса, жоқтан барға айналған «Балдырғанды» орнынан тік тұрғызып, өтпелі қиыншылықтан ада етер едік-ау!
Әр адам өзіне-өзі ие болатыны сияқты, әр бір ұлт тек өзіне-өзі ғана ие болады. Өз тағдыры өзіне мұқтаж. Ұрпақ ұлттың ертеңгі үні, көзі, аяғы, қанаты осының бірі жоқ болса, болашаққа кім болып барасың? !
Бірде көзі су қараңғы сібе қарт өз ана тіліндегі газетке жазылды. Жұрт оған таң қалды. Сонда қарт:-менің газетке жазылуым, ана тілімдегі газеттің ертеңгі тағдыры үшін-деді. Жұрт көзіне жас алды.
Осыдан 20 жылдың алды. Іля Жақанов моңғұля сапарында, Моңғұл елінің Шығыс аймағындағы бір ауылдың үстінен түсті. Ділы, салты, тілінен айырылған еліне, ана тілінен сабақ өтіп, жүрген 18 жастағы қазақ қызына жолықты.
:-бір халықтың болашағы, қаршадай қыздың мойнына түсіп, қалғаны ма-деп, күрсіне, көзіне жас алып аттанды. Бүгін қарт көзінен аққан жас, менің де жанарымнан сырғитынын кім білген? ! бізде сібе қарт пен анау қазақ қызының рухы жоқ дегенге сенбеймін!
Ей, Үрімжіның қазақ ханды халқы, ханға сәлем бермей жүрген қандастар, мінбеде отырған ағалар, сенің де, ұрпағыңның ертеңі қаршадай қызға түсіп қалғанын сездің бе? ойландың ба бір уақ. Елдік, ерлік, ұждан, намыс қайда бабадан қалған? ! қытайдағы бір жарым миллион қазақ бір юаннан шығарсақ та, «Балдырғанды» орнынан тік тұрғызып әкетер едік-ау!
Өскен халық баласы ек күнге қарап,
Тұмар тағып, мойынға Гүл де қадап.
Балалығы қазақтың адасып жүр,
Тай мініп, тайнша қуған сірнебалақ!
Шуағы әжелердің ұрпақ жақтан-
Жарық қып тұрушы еді-ау, түнге тарап.
Басыңды түземесең керегі не?
Шашыңды жуғаныңмен күн де тарап.
Ұрпақ Ділсыз боп барад, рухсыз,
Кімге мұң, айта аламын, кімге мадақ? !
Ертеңге ел қалмайды ертексізден,
Тек ғана үлде менен бүлде қалад.
Тілым тайып, барады Ділым кеміп,
Рухыңды есті ұрпақ мін тағалап.
«Өлер бала бейітке қашар» деген,
Өмірің жарқабақты жүр жағалап.
«Мың жасатар ұрпағың» керек болса,
Тағдыры «Балдырғанның» кімге аманат? !
Соңы
2015-жыл 28-қараша
Үрімжі
6алаш ұсынды