Балам бойшаң болсын десеңіз...

Баласының бойының аласалығына көптеген ата-аналар мән бермейді. «Кейін өсіп кетеді» деп немқұрайды қарайды. Нағында баланың бойының өсу мезгілі 14 жастан бұрын екенін байқаған ғалымдар, осы мезгілде балалар сүтті көп ішсе, бойшаң болады деген тұжырымға келген.

Бойдың биік-аласалығы адамның дене сапасының сыртқы өлшемі ғана емес, жұмысқа орналасу, некелену істеріне де белгілі дәрежеде ықпал жасайтын түйіндердің бірі. Сондықтан ата-аналар бұл мәселені елеусіз қалдырмай, балаларын ғылымый азықтандырғаны жөн.

Бойдың биік-аласалығы тұқым қуалаумен, жасаған ортасымен, азықтануымен тікелей қатысты. 14 жасатан ілгері балалардың буындары толық қатая қоймағандықтан, бойының өсу мүмкіндігі зор болады. Жұрттың көбі балалардың бойының биік-аласалығын кальцидың көп-аздығымен байланыстырады, бұл дұрыс ұғым емес. Бойдың аласа болуы кальцидың кемдігі емес, керісінше D дәруменінің кемдігімен қатысты.

Бала бойының аласа боп қалуынан сақтану үшін алдымен, бала ұйқысы қанып ұйықтауы керек. Себебі бой өсіретін гормонның бөлініп шығатын мезгілі әр күні кешкі сағат 9 дан, таңғы 5 аралығы. Осы мезгілде баланың ұйқысы қанып, жақсы дем алса, бой өсіретін гормонның көп мөлшерде бөлініп шығуна түрткі болады. Сонымен қатар, жоғарыда айтқанымыздай, сүттің бой өсіруге көмегі көп. Бойы аласа балалар тәңертең, кеш бір шыны сүт ішіп тұрса, бойының тез өсуіне пайдалы. Спортпен шұғылдану да бала бойының өсуіне оң әсерін тигізеді.

6alash ұсынады