Құрқылтай
(攀雀 (pan que
Remiz pendulinus
Құрқылтай – торғай тәрізділер отриядының бір туысы. Дене тұрқы кішілеу, 11 сантиметр шамасында, салмағы 20 грам мөлшерінде. Бастары көбінесе сұр түсті, бастарындағы қара жолағы ерекше көзге түседі. Тұмсығы – жіңішке, үшкір, қалыпты ұзындықта.
Еуропа мен Азияға кеңінен тараған, мұнда Ресей, Моңғолия, Чаушиян, Жапония, Пакистан, Индия қатарлы мемлекеттерге еліміздің Хилұңжияң, Жилин, Ляуниң, Ниңшя, Шинжияң қатарлы өлке, райондары мен Хуабей, Чаңжяң өзенінің орта төмен ағарынан тартып Юннан өлкесіне дейінгі жерлерге таралған. Жайшылықта өзен, көлдерге жақын қайың, терек, тал ағашты тоғайлы мекендерде тіршілік етеді, құрқылтай 1500-1700 метр биіктікке дейін мекендейді. Түрлі насэкомдарды көп құртатындықтан орман мен баққа пайдалы.
Ұясын қыл, жүн, өсімдік талшықтарынан тоқып, сілекейімен желімдеп, екі бүйірінен кіріп-шығатын тесік қалдырып, екі бұтақтың түйіскен жеріне не жуан бұтаққа салады. 6-7, кейде 8-10 жұмыртқа салып, 12-14 күнде балапан шығарады. Ұяны қоразы салады, жұмыртқаны мекиені басады.
Құрқылтай үлпекті тұмсығымен тістеп әкелген соң ұя жасалып жатқан Тұстан қашығырақ орналасқан жіңішке бұтаққа қонады да, тұмсығындағы үлпекті түсіріп алмай бір аяғымен оны басады. Бұдан соң үлпекті табанынан бөлшектеп, бабына келтіре созады. Құс осылай бабына келтіріп алып, үлпекті табанымен бұтаққа қысады да, табанның астынан үлпекті біртіндеп соза түсіп, жіпті Ширату үшін бұтаққа орап, өрмелей бастайды. Жіп дайын болғанда құс ұясына ұшып барады да, енетін ауыздан төменірек (ұшып келіп ұяға бірден енуі сирек кездеседі) жіпті іліп қояды.
Құрқылтай ұдайы болатын ағаштардың бөрік басында өзінің бар екенін «Тсссий … тсссий» деген назды ізіңмен жиі айқын білдіреді. Қолғап тәрізді ерекше ұяны жыл сайын жаңадан тоқиды, кейде оған сақталған ескі ұялардың мамығы мен тінін пайдаланады.
Құрқылтай – Қасиетті құс. Ол ұясын аң-құс көп болатын қалың, ну орманда емес, қаупы аздау тоғайдағы биіктеу ағаштың ұшар басындағы бұтағына сілекейімен араластырып, тоқып «Іледі» . Бірақ берік бекітетіні сондай, желмен тербелсе де жерге түспейді. Оған адам түгілі, жорғалаған жылан да жете алмайды. Өйткені жылан қанша жармасса да бұтақтың иілгіштігінен жерге сырғып түсіп қалады.
Құрқылтай құсының ұясының қазақы емдік қасиеттері
Ертеде медитсинә дамымай тұрған кезден-ақ қазақ халқы аурудан айықтырар амалдарды білген. Табиғаттың берген сыйын өз мүдделеріне пайдалана алған. Өсімдіктердің тамыры, гүлі, жапырағы мен жануарлардың мүйізі, сүті, еті сонымен қатар құстардың ұясы мен еті, қаны сияқты заттардан дәрі-дәрмек жасап, кез келген ауруға шипа тапқан. Соның бірі құрқылтайдың ұясының емдік қасиеті. Халқымыз құрқылтайдың ұясының құяң, бел, буын, несеп жолы ауруларына емдік қасиеті бар деп санайтын. Ол емді өмірде қолданып та көрген. Бір нәрестеге зар болып жүргенАта-аналарды осы құрқылтайдың ұясымен емдеп жазған. Сондықтан да бұл құсты жай құс емес киелі құс бағалаған. Өзі кіп-кішкентәй болса да, тыйгізер пайдасы көп, сонымен қатар құрқылтайдың ұясын кездестіріп тауып алған адам бақытты болып, дәулеті тасиды деген болжам да бар болған.
Құрқылтайдың ұясы ең алдымен бүйрек ауруына ем деп білген. Бүйрегі суықтап-сыздаған, онда құм, тұз бар адамдар құрқылтайдың ұясын ортасынан екіге бөліп, оны екі бүйрекке таңып, сыртынан жылы орап қойған. Құрқылтай ұясы бүлінбейді, сасымайды. Сондықтан бүйрек суықтағанда оны қайтадан қолдана берген.
Міне осы кішкентәй ғана көзге көрінер көрінбес құстың ұясының қаншама емдік қасиеті бар екенін біреу білсебіреу білмес.
Бұл құс қасиетті де киелі құс. Құрқылтайдың ұясы 80 түрлі ауруға ем дейтін ٴсоз де бар. Олар радикулит, цистит, қуықтағы гріжә, сүйек сырқырауы, буын сырқырап қақсауы, тамырлардың ісінуі, бүйрек аурулары, Ревматизм, жыныс жолдары суықтауы, жатыр аурулары, простатит, әденөмә, бедеулік, құрсақ көтермеу сияқты тағы да басқа көптеген ауруларға ем болған екен.
Құрқылтайдың ұясын қолға түсіруде кез келген уақытта құрқылтайдың ұясын жұлып алуға болмайды. Балапан қанат қағып ұшып ұя бос қалғанда ғана, кешке бейуаққа қарай алуға болған. Әйтпесе киелі құстың киесі ұрады деп есептеген.
Құрқылтай ұясы негізі шоппен Жібектен тұрады. Егер қолыңызға ұстап жақсылап қарасаңыз асқан шеберлікпен тоқылған кішкене тесігі бар себет қапшықты елестетеді. Сондай-ақ ұяны кем дегенде 7 метр биіктікке ағаш басына салады. Жерден қарағанда бұл кәдімгі себет қапшықты ағаш бұтағына ілдіріп қойғандай көрінеді.
Алайда қаншама жел қаншама жауын, боран болса да ұя сол қалпы тұра береді, үзіліп жерге түспейді. Не ұшып жоғалып кетпейді. Өйткені ұясын тоқығанда осы құс өзінің әуізсілекейін пайдаланады. Негізгі емдік пайдасы құрқылтайдың ауыз сілекейінде болады. Тағыда айта кететін жайт. Құс ұясын салуға жақын маңдағы ауыл үйлерін аңдиды екен. Себебі Жібек жіпті сол үйлерден ұрлап алады. Сондай-ақ Жібектен басқа, мақтадан немесе синтэтикадан жасалған маталарға тыйіспейді. Міне сол үшін болса керек ұясын адамдарға пайдалануға қалдырады дейді. Адамзаттың арқасында ұя соғып, балапаны ұшқан соң сол ұяны сол адамзатқа емге тастап кетеді...
Дайындаған: Бауыржан Құмарұлы
6alash ұсынады