"Жауынгер сағынышы"
Бұл ән Қытай қазақтарына "Сәкеннің әні" деген атпен тараған еді. Бұл жөнінде біз "Астана ақшамы" газеті мен "6alash" сайтында (https://www.6alash.kz/kz/article/sakennen-qalgan-sirli-an-nemese-beymalim-annin-belgisiz-taryxi.html ) әннің шын тарихын анықтау мақсатында "Сәкеннен қалған сырлы ән бе?"- деген мақала жазып, деректер іздеген едік. Енді міне бұл әннің сазын жазған адам қазақтың белгілі сазгері Болат Сыбанов болып шықты. Ал әннің аты "Жауынгер сағынышы" екен. Бірақ сөзін кім жазғаны әзірге белгісіз. Сөзін де Болат Сыбанов жазды ма, ол жағы да бізге күңгіріт. Алайда, біздің қуанғанымыз ән авторын тапқанымыз, жаңсақ түсінікті өзгерткеніміз болды.
Болат Күнтуұлы Сыбанов (10.1.1938, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Жаңа Семей ауданы (қазіргі Бородулиха ауданы), Изатулла а. - 1998, Семей қ.) - актер, әнші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1987).
Қалиакбар ҮСЕМХАНҰЛЫ
6alash ұсынады