Әлемді әлекке салған оба туралы Пайғамбарымыз не айтқан?

«Пайғамбар медицинасы» кітабынан ықшамдап аударған: Жарқынбек Тұқбиұлы

Кітап авторы: Саудиарабиалық ислам танушы, ғалым Ибн Хайум ӘЛ-ЖАУЗИ (1292-1349)


Пайғамбар мұсылмандарға індет аумағына кірмеуін бұйырды «Бұхари Хадистер жинағында» Ибн Үсәмә айтуынша, Пайғамбарымыз: «Оба – ол ластық, ал Алла обаны Израйлдегі бір қауымға жіберді» – деді. (тағы бір айтылымда «сендерден бұрынғы бір қауымға жіберілді» делінген). Егер сіз бір жерде оба туралы естіген болсаңыз, онда ол жерге бармаңыз. Егер сіз тұрған жерде оба байқалса, сіз одан сақтану үшін сыртқа қашпаңыз.

«Бұхари хадистер жинағында да Алла Елшісінің: «Обадан қайтыс болған барлық мұсылмандар шейт» делінген.

Тіл ғылымы тұрғысынан алғанда – оба бір аурудың атауы. Медициналық тұрғыдан алғанда оба жаныңды жалмайтын қатерлі дерт, жұқтырған адамды қатты азапқа салады. ал жұқтырған дене мүшелері қысқа уақыттың ішінде қарайады, көгереді немесе талаурайды, бұзылып шіриді. Оба, әдетте, қолтық асты, құлақтың арты, мұрынның ұшы немесе дененің басқа жұмсақ тіндерінен бастап жұғымдалады. Айша риуаят етуінше, ол Пайғамбардан оба туралы сұрағанда, Пайғамбарымыз: «Құрсақ пен қолтық астындағы түйе безі тәрізді без», – деді.

Жұмсақ тіндер инфекцияланып іріңдесе,мәселен қолтық асты мен құлақ артынан байқалса оба індетінен инфекцияланған болуы мүмкін. Оба бұзылған қаннан туындайды. Ал қанның бұзылуы инфекцияға ұшыраған кеміргіш жануарлардың денесінде болатын ауру қоздырғыштардың жұғымдалуынан пайда болады. Инфекцияланған қан ағзаның барлық мүшелеріне ықпал жасайды, инфекцияланған дене мүшесінен кейде ірің немесе қан ағады. Мұндай жағдайда инфекцияланған қан қатысты дене мүшелеріне жеткенде, мәселен жүрекке барғанда құсу ақыл есінен айырылу, жүрек соғуы жиілеу сияқты белгілер пайда болады. Оба жүрекке бұзылған улы қанды тасымалдағанда, өмірге қауіп төндіретін инфекция туындайды, әсіресе, ағзадағы жұмсақ тканьдармен (ұлпалармен) бірігіп инфекцияға ұшырағанда.

Инфекцияланған қан уытты болғандықтан, оны ағзадағы әр орган қабылдамайды. Ал кейбір әлсіз мүшелер оны амалсыз қабылдайды. Ең қорқыныштысы оба, әдетте, құлақтың артына және қолтық астына шабуылдайды. Өйткені бұл орындар адам денесінің маңызды мүшелеріне жақын орналасқан (мұнда лимфа тіндері шоғырланған – редактордың ескертпесінен). жұқпалы лимфа безі обасы (қара өлім деп те аталады) емдеп сақайту (сауықтыру) салыстырмасы жоққа тең. Ал қызыл және сары обалар онша қауіпті емес, себебі ауру әдетте ластанған өңірлерде өрбиді, сондықтан «оба» деп аталады. Кез-келген жұқпалы індеттің жалпы атауы ретінде қолданылады.

«Жұқпалы індет» термині «обаға» қарағанда жиі кездеседі. Әр оба жұқпалы індет, бірақ әр жұқпалы індет оба емес.

Обамен жұғымдалған дене мүшесінен инфекция пайда болып іріңдейді және қатерлі ісік пайда болады. Менің ойымша, бұл ауру белгілері дәрігерлер байқай алатын Обаның кейбір белгілері ғана.

«Оба» сөзінің үш түрлі мағынасы бар:

Біріншіден, дәрігердің байқап, тіркеген ауруы.

Екіншіден, обадан туындаған өлім-жітім. Пайғамбар айтқандай: «обадан өлген мұсылмандар - шейіттер». 

Үшіншіден, бұл оба ауруының өршуінің себебі хадисте де былай түсіндірілген: «Оба – бұл ластықтан пайда болады, Алла бұл Обаны Израйлдегі белгілі қауымға жіберді», – делінген. Ал тағы бір айтылымда яғни «имам Ахмад хадистер жинағы» кітабында оба «Жын қаққан ауру» деп те суреттелген және Пайғамбар оба «пайғамбарлардың дұғасы» деп те айтқан.

Дәрігерлер бұл теорияларды дәйекті дәлел ретінде қарамағанымен жоғарыда айтылған обаның пайда болу себебін жоққа шығара алмайды. Пайғамбарымыз бізге көзіміз жетпейтін көмескі болмыстардың сырын ашты. Ал дәрігерлер обаның салдарымен күресуде. Алайда, осылай бола тұрса да белгілі бір мағынадан алғанда, дәрігерлер білетін оба ауруының белгілері де оларға обаның рухпен қатысы жоқ екеніне ешқандай дәлел келтіре алмайды. Өйткені адамның жаны мен тәні кез болатын аурулар мен өлім ортасында үлкен байланыс бар.

Тек сана-сезімі төмен адамдар ғана жанның адам тәніне және адамдық қасиетіне ықпал ететінін жоққа шығарады. Жұқпалы індет таралғанда немесе ауа ластанғанда, Алла адамның рухына (жанына) белгілі күш береді. Адам ағзасы ластанған заттардан туындаған аурулармен ауырған кезде, әсіресе қан, мәни суы немесе өт сұиықтығы инфекцияланған кезде жан адам ағзасына белгілі әсер етеді. Түрлі эмоционалдық ауытқулар мен ауруларға тап болған кезде денедегі қара энергиялар денені меңгереді. Тек науқас адамда Алланы еске алу, Алладан дұға тілеу, зекет беру және Құранды жаттау сияқты үлкен күшпен қарсы тұрғанда ғана, періштелердің көмегімен қара энергияалардың кері әсерін жеңіп шығады.

Біз бұл әдісті өте көп рет қолдандық, және аурудың алғашқы кезеңдерінде адам ағзасынан зиянды заттарды шығаруда осы оң энергиялардың зор әсеріне куә болдық. Алланың қалауымен бұл әдістің сәтсіз болған кезі өте аз. Адамдар шайтанның азғыруына түскенін сезген кезде, олар жоғарыда айтқанымыздай ізгі амалдармен айналысу керек. Өйткені бұл ізгі амалдар қара энергиялармен пассив күштерге қарсы тұрады және жоя алады.

Алладан пана тілейтін адамдар үшін бұл ең жақсы емдеу әдіс. Ал Алла қаламаған адам болса оның жүрегі бұл ізгі амалдардан алшақ болады. Мұндай ем де оған қонбайды.

Алланың қалауына сәйкес, біз бұл тақырыпты Алланы еске алу Алланы зікір ету жөніндегі мазмұнда тереңірек талқылаймыз. Құран оқу, Пайғамбарлардың жасаған дұғасын жасау, Алланы еске алу мен ізгі амалдар жасау сынды ерекше тәсілдер арқылы да емделуге болады. Тағы бір айта кететін жағдай: дәрігерлер тағайындаған рецептік дәрілер мен халықтық ем-домдарды салыстыруға болмайтыны сияқты Пайғамбар медетсинасы мен жайшылықтағы медетсинаның да үлкен айырмашылығы бар. Осы көзқарасты кейбір дәрігерлер де мойындайды және рухани әсердің ағзаға жасайтын ықпалын, сондай ақ исламдағы құлшылық ғибадаттардың жоғары өнімге ие дәрі-дәрмектерден де жақсы көмектесетінін көп жерде баян етеді. Бұл рухани күш жан алғыш улы дәрілердің әсерін де жойып жіберетін қуатқа ие.

Біз зиянды газдар обаны қоздыратындығы жайындағы шындықты баса айтуымызға тура келеді. Бір жылдың әр қандай мезгілінде атмосфера ауру қоздырғыштармен ластанғанда ағзаның ақаусыздығына қауіп төндіреді. Бұл көбінде жаздың соңы мен көктемде болады. Өйткені жаз бойы ағзада жиналған шұғыл сипатты өт сұиықтығы қалдығы жаз соңында толық ыдырамайды да күз маусымы келіп, ауа райы салқындағанда жаз бойғы ағзада жиналып, толық ыдырамаған қалдықтар температураның жоғрлауымен бұзылады. Сондай-ақ шіріткіш ауруларды қоздырады. Әсіресе, адам ағзасы осы заттарға өте сезімтал болған кезде, қалдықтар мен жұқпалы заттар денені ауруға шалдықтырады.

Жыл есебі көктемде, әсіресе атмосфера жағдайын Гиппократ: «Күз жаман аурулар мен өлім-жітім ең көп болатын маусым. Керісінше, көктем – өлім жітім аз болатын ең жақсы маусым» деген.

Хадисте: «Наджм (жұлдыздар немесе өсімдіктер) пайда болған кезде, індет сол жерден жойылып кетеді»

Бұл аяатта көктем мезгілі айтылып отыр, өйткені өсімдіктер бүр жарған кезде жұқпалы індеттер жойылып кетеді. Шолпан туған мезгіл мен таң алдында қайта сөнген кезде ауру асқына түседі. Атамими «Болмыстың сыры» атты кітабында: «бір жылда адам өміріне ең қауіпті екі мезгіл бар, яғни шолпан таң алдында сөнген мезгіл, енді бірі күн ұясынан шығар алдындағы шолпанның Шығыстан көтерілген мезгіл. Бұл екімезгіл де көктемнің соңғы кезін меңзейді. Осы екі мезгілдегі шолпан туған сәтте оның сөнген сәтіне қарағанда адам өміріне келетін зауал аздау болады.

Ибн Хатиба былай дейді: «Мейлі қай мезгіл болса да шоқ жұлдыз (Ежелгі грек астрономиясында бұл жұлдыз шолпан деп те аталған. Арабтар мұны әл дураууа деп атайды) туған және сөнген сәтінде адамдар мен түйелерге оба тарайды. Оның сөнген сәті пайда болған сәтіне қарағанда қатерлі болып келеді.

Жоғарыдағы хадиске қатысты тағы бір көзқарас, олардың түсінігіндегі жұлдыз – шоқ жұлдызды (шолпан) меңзейді, ал мұнда айтылған жұқпалы індет болса –ағаштар мен жемістердің қыс пен көктемде шалдығатын дерт-дербезін меңзейді. Шоқ жұлдыз (шолпан) сөнген кезде өсімдіктер мен жеміс-жидектер дерт-дербезге шалдықпайды. Пайғамбарымыздың пыспаған жеміс жидектерді сатуға және сатып алуға тыйым салуының себебі осында жатыр.

Пайғамбарымыз мұсылмандарды індет тараған өңірлерге кіруге тыйым салды. Індет тарааған орындарда болған жағдайда сол өңірден шықпауға Насихаттады. Бұл ең жақсы сақтану шарасы, өйткені індет тараған өңірге кіргенде індет жұқтыру қауіпі жоғары болады. Бұл бейне орманда жыртқыш аңдардың барын біле тұра сол қатерге басын байлағанмен бірдей. Бұл дін үкімдерін біле тұра оған құлақ аспағандық. Есті пенде құлағалы тұрған дауалдың астына отырмайды. Індет тараған өңірден алыс жүру алланың адамдарға көрсеткен ең өнімді сақтану шарасы. Адамдар індет тараған өңірден алыстағанда және былғанған атмосферадан ауашаланғанда ғана індеттен сақтану мақсатына жетуге болады.

Пайғамбарымыздың індет тараған өңірдегі мұсылмандарды сол өңірден шығуға тиім салуында екі түрлі себеп бар.

Бірінші, адамдарды Аллаға сенуге ынталандыру, сол арқылы адамдардың сенімін шыңдап, Алланың жіберген барлық сынақтарына сабырлық етуге шақыру.

Екіншіден, медетсина ғылымы індет тараған мезгілде індетпен жұғымдалмас үшін, ағзаны басы артық дымқылдықтан арылтып, аз тамақтанып денені құрғақ ұстауға насихат береді. Мамандар дене шынықтыру мен жуыныуды да уақытша доғара тұруға кеңес береді. Өйткені адам ағзасында көмескі зиянды заттар болады. Шұғыл дене әрекетімен шұғылданғанда және жиі жуынғанда бұл зиянды заттар жанданады әрі ағзадағы пайдалы заттармен қосылып денеде ауырусынуды тудырады. Сондықтан мәлім өңірде оба ауыруы тарағанда адамдар үшін ең жақсы талғам сол орыннан шықпай, денедегі зиянды заттардың оянуы мен жандануының алдын алу болмақ. Ал індет тараған өңірден шығу адамның дене қуатын сарып етеді. Мұндай жағдайда жоғарыдағы айтылған екі түрлі жағдай да адам денесіне зиянды.

Жоғарыдағы көзқарастар атамзаманнан бергі ең беделді медетсина мамандарының ұстанған көзқарасы, бұл әрі пайғамбарымыздың насихатының да дұрыстығын дәлелдеді. Пайғамбарымыздың Насихатын орындау рух пен тәннің ақаусыздығының кепілі екенін түсіндіреді.

Мүбәдә біреулер: «пайғамбарымыз кезінде індеттен қорғану үшін басқа жаққа қашпау дейтін көзқарасымен жоғарыдағы түсіндірмесінде қарамақайшылық пайда болды, ендеше, басқалай себептермен (мысалы саяхаттап шығу) індет тараған өңірден шығуға болады, бұл шектелмеген» деп сұрай қалса, біздің берер жауабымыз: «мейлі шипагерлер болсын, басқа адамдар болсын ешкім де індет тараған өңірдегі әрқандай қимыл әрекеттің бәрі шектеледі деп айта алмайды. Өйткені адам қозғалыссыз тұрақты жаратылыс емес. Бірақ жұқпалы індет өршіген сәтте қажетсіз қимыл әрекеттерден тыйыла тұруға насихат береміз. Тек ғана обадан құтылу үшін емес, індет тараған өңірден шығып кетуге басқа да себептер болуы мүмкін. Бірақ, ондай жағдайда жан дүниенің тыныштығын сақтап, ағзаны дем алдыру ең жақсы талғам болмақ.

Мұнан да маңыздысы, сол сәттегі жағдайға сабыр сақтап, жан тәнімен аллаға берілу, тағдырға бойсыну болмақ.

Күнделікті қарекет қылмаса болмайтын адамдар жөнінен алғанда, мысалы, әр саладағы жалдамалы жұмыскерлер, және жолаушыларға бүкілдей тыныштық сақтау талап етілмейді. Тек қажетсіз жүріс тұрыс пен Індет аймағынан шығып кетпесе болғаны. Адамдарды індет тараған өңірден шықпауға бұйырудың артында үлкен парасаттылық жатыр, мұны төмендегідей бір қанша жақтан түсіне аламыз.

Бірінші, зиян келтіретін және зиянға ұшырайтын жағдайлардан сақтану.

Екінші, денсаулықты қорғау бұл дүниелік ниғыметтерден игіліктенумен ақыреттік амалдарды орындаудың негізгі шарты.

Үшінші, адамдардың Ластанған ауаны сіміріп індет жұқтырудан сақтау.

Төртінші, індет жұқтырғандармен тікелей жанасудан сақтанып, инфекциянің алдын алу.

Бесінші, жан мен тәнді микробтардың жұғымдалуынан және құрапилықтың арбауынан сақтау, құрапилыққа бой ұрған адам оңай зиянға ұшырайды.

Қорытып айтқанда адамдардың індет тараған өңірге кіруін шектеу ең өнімді сақтану шарасы. адамдарды туылуы мүмкін болған қауіп-қатерден сақтандыру.

Адамдардың індет тараған өңірден шығуына тыйым салу – алланың бұйрықтары мен тағдырына бағынуға үндеу болып табылады. Бірінші бұйрық адамдарға тәрбие беру мен жол нұсқау, екінші бұйрық Алланың қалауымен болатын әрқандай іске бағынуға шақыру.

Сахиқ хадистерден риуаят етілуінше, Омар Ибн Хаттап өзінің қосындарын бастап шамға аттанады, Сайриыл өңіріне барғанда әбу Убайда Ибн Жаррақ сынды әр жердің губернаторлары келіп кезігеді әрі оған шам өңірінде оба ауруы тарап жатқанын айтады. Ибн Аббас: «Омар маған алдыңғы мұхажырларды шақырып келуді айтты, мен оларды шақырып келдім» Омар жамағатпен ақылдаса келіп, оларға шам өңірінде оба ауруы тарап жатқанын айтады. бірақ жамағаттың пікірі әр-түрлі болады. Біреуі «Біз дін үшін жолға шыққанбыз, бұлайша қайтып кетуге болмайды» десе, енді біреулері «Сен негізгі жасақтарды бастап бара жатырсың оның ішінде алла елшісінің сахабалары да бар біз сенің оларды індет өңіріне тастап кетуіңді құптамаймыз» деді. Сол кезде Омар жамағатқа алдымен қайта тұруды бұйырды, сосын маған: «Сен ансарларды шақырып кел» деп бұйырды, мен ансарларды да шақырып келдім, ол ансарлармен ақылдасты, нәтижеде ансарлар да мұхажырлердің көзқарасын қолдап, әркім өз көзқарасында қалды, пікір қайшылығы туылды. Омар оларға қайта тұруды бұйырды да маған: «құрайыштардың ішіндегі Меккені қалпына келтіруге ат салысқан мұхажырлердің беделділерін шақырып келуді тапсырды.

Мен оларды шақырып келдім. Оларда ешқандай пікір алауыздығы туылған жоқ. Бір ауыздан: «Сен жасақтарыңды бастап кері қайт, оларды індет өңіріне қалдырма» деді. Іле-шала Омар көпшіліктің алдында «Мен қайтуға шешім қабылдадым, барлықтарыңыз қайтуға дайындалыңыздар» деп жар салды. Мұны тыңдап тұрған Айуб Убайда Ибн Жаррақ: «Бұл алланың тағдырынан қашу ма?» деп сұрағанда Омар: «Ей, Айуб Убайда, егер бұл сөз басқа біреудің аузынан шыққанда ғой…» деп оның түсінбестігіне таңданыс білдірді. Омар тағы да: «Біз Алланың тағдырынан Алланың тағдырына қашып барамыз, айтыңдаршы, егер сен бір топ түйеңді жайып бір сайға келдің, сайдың бір шеті бітік шөп, енді бір шеті қуарған құмды дала болса сен алланың тағдыры деп түйеңді шөпке қарай жаясың ба әлде шөлге қарай жаясың ба?» деді. Осы сәтте (Ибн Аббас айтады) Абдұлла Ибн Ауып келді де (Ибн Ауып бағанадан бұл ортада болмаған): «Мен бұл жайындағы бір хадисті білемін, кезінде алланың елшісі: «Сендер бір өңірде оба тарағанын естісеңдер ол жерге бармаңдар. Егер сендер тұрған өңірде оба індеті байқалса сендер ол апаттан құтылу үшін басқа жаққа қашпаңдар деген» деді.

«Бұхари хадистер жинағы», «Муслиым хадистер жинағы», «Әбу дәуіт хадистер жинағы», «Тирмизи хадистер жинағы», «Ибн Хажжар хадистер жинағы», «Ахмет хадистер жинағы».

6alash ұсынады