Жолсыз жерлердегі автоспорттан «RFC-Grand Final - 2019» әлем чемпионы өтті.
Малайзияның ну ормандарында 10 күнге созылып, мыңдаған километрді қамтыған жарысқа Моңғолия командасында қандасымыз Сабыржан Баянханұлы өнер көрсетіп әлемнің ең мықты деген командалар мен спортшыларынан озып әлем чемпионы атанды.
Сабыржан Баянханұлы моңғолияның Эрдэнэт қаласында тұрады.
Бұл жарысқа Моңғолиядан алғаш рет өздері құрастырған автокөлікпен қатысқан. Ал, келер жылы жолсыз жердегі автораллиден Азия чемпионаты 2020 жылы Моңғолияда өтеді.
kaznews.mn порталынан