Бірде ақиық ақын Құрманбек Зейтінғазыұлы Үрімжідегі Ардаучияу базарында жолдастарымен келе жатса, кауап сатып тұрған ұйғұрлар «келің, келің, кауап иең» деп озандап мазасын алса керек, сонда жолдастарының біреуі: Құреке, мыналарға өлеңмен бірдеңе демейсіз бе?- депті. Сонда Құр ағаң:
Бұл сартың кауап басқан «кел, кел» дейді,
Оны да қалтасына сенген жейді.
Істіктен тістеп тартар сарт емеспіз,
Біздің қазақ табақтан шеңгелдейді,- деп жүре берген екен.
6alash ұсынады