Жеңісхан НҮСІПҰЛЫ
орындаған: "Дос" тобы
Сөз өнері мен музика өнері қазақ халқымен ғасырлар бойы жасасып келе жатқан өнер. «Өнер алды қызыл тіл» дегенді Ұстанған бабаларымыз, ердің құнын екі-ақ ауыз сөзбен шешсе, қазақ баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан жер бесікке кіргенге дейін өлеңнен бір сәт ажыраған емес. Түркі-Моңғұл халықтарының мәдениетін зерттеуші потанин шоқан Уалихановпен бірге оның Сірімбеттегі ауылына барып қайтқан сапарында «Бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай көрінді» деп Қайран қалыпты. Затаевичтің бас-аяғы бес-алты жыл ішінде қазақтың екі мыңнан көбірек ән мен күйін қағазға түсіруі әлемдік етнография, фолклориция тарихындағы сирек кездесетін керемет. Бұл туралы франсуздың әйгілі жазушысы роман ролан «Музикалық фолклор жинауындағы дүние жұзылыкрэкорд» деп таңдай қаққан. «Қазақтың асабай ән-күйі шындықты көркем бейнелеуде, адамгершілік нәзік сипатымен, сапа тазалығымен, өмірге құштар көтеріңкі лебімен және тіршілікпен қойындасып жататынШынайылығымен, халық жаратылысын ерекше асқақ әдәмгершілікпен толғаған, терең философиялық синтезге толы әсерге бөлейді» дейді көрнекті музика зерттеуші Асафев. Ол шынында да жақсы айтқан, жеткізе айтқан. Расында, қазақ халқының Дыбыстан жаралғандай әншілігі мен күйшілігіне өзгелер тамсанып сүйіне білсе ; өзіміз де жан-танымызбен сүйе білдік. Соның айғағындай осынау Рухани асыл қазынамызды көшпенді халқымыздың көкірек қоймаларына сақтап, бұзбай-шашпай бүгінге жеткізуі де ұлағаттылық. Әрине, көшпелі өмір сарпалдаңындағы бабаларымыздың басқан ізімен бірге тарихқа басылып, көкірегіне қатталған осындай мұрамыздың барына қанағат. Алайда, халық мұрасының тарихы қанша тереңінен бастау алып, қыртысы қалың болғанымен, оның ине, сабақ жібіне дейін елеусіз қалтырмай жинап-теріп, зерттеп-зерделеп отыру тіпті де маңызды. Түптеп келгенде ғылымның ұлы мұраты ұрпақтар танымы мен тәжірибесін сабақтастырып отыру ғой. Сұлтанмахмұт Торайғыров сонау 1913-жылы «Айқап» журналында «… бір халықтыңӘні кетсе әдебиеті жесір қалады, сәні кетеді, сәні кетсе жаны кетеді» деп жазыпты. Ендеше ғасырлар тоғысына таяған мынау зымыран заманда солан-күй деп аталатын асыл қазынамыздың қазіргі хал-жайы туралы ой толғау, сындарлы пікір айту, ғылми көзқарас білдіру әдебиет-көркемөнер саласындағы өнер адамдары үшін бұлтартпас борыш саналады.
Ән бәріне куә, ән ешнәрсені жасырмайды, ән-тарих айнасы. Қазақ халық әндерінің қай-қайсысында үлкен тарих бар. Амал не? ел ішіндегі көкірегі күй сандық дана қарттардың сиреуімен сол құнды тарих қолымызға түспей шалдармен бірге кетіп, әттеген-айға қалтырғаны қанша! кішірек кезімде шинжяң халық радио станциясынан халық әндері енді-енді жариялана бастағанда, көне көз ауыл адамдары «Мынау әннің өлеңі олай емес, былай еді-ау» деп ыңырсып әнге қосыла жөнелгенін талай естігем. Тіпті кей әндердің тарихын тамылжытып әңгімелеп те отырушы еді.
Қазыр шинжяң қазақтарына таныс халық әндерінің тоқсан үлесі негізінен радионың алтын қорында бар. Бір бөлімін әншілеріміз Телевизиәдә орындап немесе ән таспаларына жаздырып үлгірді. Бірақ көбінің ән мелөдиәсі тура болғанымен ән текстеріндегі ауыс-күйіс шалағайлық тым ауыр. Кейінің ән сөзі баяғы қазақтың қара өлеңі. Мұның басты себебі біріншіден, бізде ән тарихын зерттейтін арнаулы мамандарымыз жоқтың қасы ; екіншіден, әншілеріміз халық әнінің әуені тура болса болды, қара өлеңмен орындай салсақ одан келер-кетер не бар дейсің дейтін сіңісті идейәні қалыптастырып алған ; үшіншіден, радио-Телевизиә саласындағы редакторлар мен режиссерлеріміз, әншілер халық әндерін немесе халық композиторларының әндерін орындаймыз. Десе ол әннің кімдікі екеніне, әнге қалай сахналық сәйкесім, бояу беру жақтарына онша зер сала қоймайды. Сонымен кей атақты композиторларымыздың әндерінің құты кетіп, тыңдарманды «Әттеген-ай! » дегізетін жайымыз де жоқ емес.
Орайы келгенде айта кететін бір жай, жоғарыдағы ойлардың жетегімен «Керім-ау, айдай» деген әннің тарихына тоқталып, ән текстіндегіАғаттықтарға аялдап өтпекпін.
«Керім-ау, айдай» еліміз қазақтарында халық әні делініп, әсіресе, алтай өңірінде кең таралған. 1996-жылы шинжяң дыбыс-кескін баспасынан Қазақстанның әйгілі әншісі роза Ырымбаиованың «Жаңбырлы түн» атты ән таспасы жарық көрді. Осы таспаны қуана қолыма алып, мұқабасындағы әндердің тізімдігіне көз жүгіртсемB бетіндегі 5-ән «Кәрім-ай» қазақтың халық әні деп жазылыпты. Өмірімде естіп көрмеген бұл қандаян болды деп, таң-тамаша күйде үйге бара салып, таспадағы әндерді бір-бірлеп тыңдасам «Кәрім-ай» емес, өзіміз халық әні деп айтып жүрген «Керім-ау, айдай» болып шықты.
«Керім-ау, айдың» 1 – Шумағында:
«Әндебайдің баласы атым тұрым,
Қызбен жолдас болғам жоқ бұдан бұрын.
Керім-ау, айдай,
Кермаралдай,
Сағындым сәулем бір сені ойлай.
Керімменен келісіп жүргенімде,
Қор болдым ғой мойныма іліп құрым.
Керім-ау, айдай,
Кермаралдай.
Сағындым сәулем бір сені ойлай. » әкәу мынау біз білетін текстке ұқсамайды. Бұл ән тұрым деген Әдәмдікі болды, әкесі әндебай, керім-сүйген қызы, ән өлеңінің 3-, 4-жолдарынан бір-біріне қосыла алмаған ғашықтардың мұң-зары менмүндалайді. Расында осы ән авторлы ән болғаны ма? -деп жалғасты тыңдасам 2-шумағы былай екен:
«Сен дегенде керім-ай ойым бөлек,
Он жасымнан өлеңге болдым зерек.
Қайырмасы:
Бағаласам бағаңа жан жетпейді,
Айналайын көзіңнен дөп-дөңгелек» деп халық өлеңі бойынша айтылыпты. Сонда роза орындаған 1-шумақ «Керім-ау, айдайдың» өз тексті ме, байыбына бара алмай жүргенімде «Жұлдыз» журналының 1996-жылғы 21-санын оқып отырсам, онда ән тарихын зерттеуші, ғалым іля Жақановтың «Баян-өлгей сапары» атты көлемді мақаласы жарияланыпты. Осы мақаланың 21-тараушасында мынадай депті: «Баян өлгейге келгелі «Керім-ау, айдай» әні жиы шырқалды. Ол жайында аз сөз айтылған жоқ. Сезімхан деген қария (айтыс ақыны) бұл әннің әңгімесін былай деп шертті: абақ керейде балашық есімді ағыл-тегіл бай болған. Оның малын бағып, отымен кіріп, күлімен Шыққан әндебай дейтін малшысы бар екен. Балашық байдың көзі күндей күлген ай ٴдидарлы сұлу қызы керім мен есігіндегі жалшысы әндебайдің әнші ұлы тұрым көңіл қосады. Балашық бай қызының мына ісіне тас-талқан болып: «Құлдың теңі құйқа, әндебай сіңірі шыққан тобанаяқ, менің теңім боп па? ! » деп ауылдан қуып шығады. Сонымен тұрым мен керім ебін тауып қол ұстасып қашып кетеді. Амал не? еркіндік аңсаған қос ғашық қашып құтыла алмайды. Байдың жігіттері екеуін ұстап алып, керімді ағашқа керіп тастап қатты қинайды. Ал тұрымның мойнына құрым іліп «Барса келмес» деп қаңғыраған қу медиян шөлге айдап қаңғыртып жібереді. Торға түсіп шерменде болған керім құса дертке шалдығып, мәңгіріп ақыры бір күні алтыбақанға асылып өледі. Арада налалы күндер, дертті жылдар өтеді, «Өлмеген құл алтын аяқтан су ішеді» дегендей, тұрым қайыршы халде еліне оралады. Ел көшіп кеткен. Сарғайып құлазыған сары жұрт, бір кезде керім екеуі ай астында тербеліп алтыбақан тепкен жер. Тірі пенде жоқ құлазыған сүреңсіз Далада жалғыз бейіт тұр, бұл-керімнің бейіті. Осы елдің салты солай кінәкәр жанды көп аруаққа қоспайды, жеке жерлейді, Қайран керім.
Керім сұлу жападан жалғыз жатыр!
Іля тағы да былай деп жазыпты: «Ән бұл өңірде жұп-жұмсақ бұйығы мұң элегиасы боп айтылады. Керім мен тұрым… бұл бейкүнә қос ғашық қай кезде бей опа өмір сүрген? мұны қазір ешкім білмейді. Ол енді тек ақиқат болған істің аңызы. … баян-өлгейлік қалқабай ақын осы аңыздан пөемә шығарды, мұсайып құсайын ұлы пөемә негізінде өперә жазды. Ол 1991-жылы баян-өлгейде музика-драма теәтрінде жүртпен жүздесіпті. Бұған қоса шабдарбай Қатшановтың «Керім-ау, айдай» атты «Үш перделі, бес көріністі трагедиясы бар, ол 1980-жылы сол баян-өлгейдегі баспасында кітап боп жарық көріпті» . Көріп отырсыздар, бұл өте сенімді дерек. Әрине, сазгер халқымыздың сайын далада самалдай ескен сиқыр-сазды әр әннің өз топырағы, өз жері, өз елі, сол мекенде туған, содан өрбіген өз аңызы бар. Шынында аңызтұбы-ақиқат. Өйткені Іля «Керім-ау, айдайдың» тарихы туралы тек Қазақстанда ғана емес, 1993-жылы шинжяңға келгенде де көп сұрау салған. Бірақ ешбір дерек таба алмапты.
Олай болса «Керім-ау, айдай» біз жақта не күн көріп жүр. Енді ат басын өзімізге бұрайық. 1981-жылы шинжяң халық радио станциясы әдебиет-көркемөнер болымынен Шәкен Қалиолла ұлы мен мусаттар алтайдан ән-күй жинай барғанда, бұл әнді жас әнші Риза қайырбай қызы тұңғыш рет дыбыс таспасына түсіріпті. Ондағы толық тексті мынадай:
Қара қурай сыбызғы кесіп алдым,
Сағынғанда қалқаны есіме алдым.
Керім-ау, айдай ;
Сағындым сәулем бір сені ойлай.
Ауылың алыс кеткенде қимас қалқа,
Атыңды атап өлеңмен әнге салдым.
Керім-ау айдай,
Сағындым сәулем бір сені ойлай.
Айналайын көзіңнің қарасынан,
Хат жазайын қасыңның арасынан.
Қайырма:
Дұрия мешпет үстіңнен шешіп берген,
Айналайын қолыңның сарасынан.
Қайырмасы айтылады.
Бір мешпетім үстімде қыл қарадан,
Інжу-Маржан түймесін сіз қадаған.
Қайырмасы:
Ауылың алыс кеткенде ей, қарағым,
Айналайын дауысыңнан ызбалаған.
Бұл қазақтың байырғы қара өлеңі, Риза осы әнді туған шешесі халық ақыны қалила ынтықпай қызынан үйреніпті, алайда роза орындаған ән қайырмасының 2-жолындағы «Кермаралдай» деген сөздің өзі Риза айтқан нұсқада жоқ.
Ал танымал композитор мұқамет абдықадыр ұлының құрастыруымен 1983-жылы шинжяң халық баспасынан жарық көрген «Қазақ халық әндерінің» 1 – Кітабында «Керім-ау, айдайдың» тексті мынадай:
Мамық тамақ, қалам қас, уыз мойын,
Тілың бұлбұл, мөлдір көз, алма мойын.
Керім-ау, айдай,
Сағындым сәулем бір сені ойлай.
Көкке ұшырмай көңілімді-ей дауалашы,
Алып ұшып барады тұла бойым.
Керім-ау, айдай,
Сағындым сәулем бір сені ойлай.
Биік таудың басынан ей асып жүрдім,
Жапырағын жайқалтып басып жүрдім.
Қайырмасы:
Қарасаңыз бұл өлеңнің «Керім-ау, айдай» ٴанының тексті бола қояр ешбір қисыны мен негізі жоқ, тіпті бірер сөзі де жақындамайды. Әйтеуір кезкелген қара өлеңнің екі шумағы. Мұнда да ән Қайырмасының 2-жолындағы «Кермаралдай» деген сөз түсіп қалған. 1996-жылы іле облыстық Телевизиәсі ұйыстырған наурыз мерекесіне арналған сауық кешінде, таланытты жас әншіміз Отанбек еңсеқан ұлы осы әнді сахнаға орындап шықты. Айтуында мін жоқ. Өкінерлігі сол ән текстінде бірінің басы, бірінің аяғы айтылыпты.
Ілдебайдің баласы атым тұрым,
Сөз салғам жоқ қыздарға бұдан бұрын.
Керім-ау, айдай,
Кермаралдай,
Сағындым сәулем бір сені ойлай.
Сен дегенде керім-ай ойым бөлек,
Он жасымнан өлеңге болдым зерек.
Қайырмасы:
Отанбек осылайша басқы екі жолына аяққы екі жолы қиыспайтын бір шумақты екі рет қайталапты. Қайран әнге болмаса қара өлеңнің бір-екі шумағы да бұйырмай, теле экранда тамам жүртпен жүздескеніне ішіңіз ашиды!
Ендеше «Керім-ау, айдайдың» туадағы, толық тексті қайсы? біз тағы да іля Жақановқасоз берейік. «Менің қолымда 1965-жылы және 1983-жылы басылған «Моңғұл қазақтарының халық әндері» деген екі жинақ бар еді, екеуіне де «Керім-ау, айдай» әні Кірген. Албыр күнде арманда қалған тұрымның:
Әндебайдің баласы атым тұрым,
Қызбен жолдас болғам жоқ бұдан бұрын.
Керім-ау, айдай,
Кермаралдай,
Сағындым сәулем бір сені ойлай,
Керімменен келісіп жүргенімде,
Қаңғыртты ғой, мойыныма іліп құрым.
Керім-ау, айдай,
Кермаралдай,
Сағындым сәулем бір сені ойлай.
Дайым менің мінгенім кербалағым,
Ренжуге тартады сол қабағым.
Қайырмасы:
Қолым жетпей қор болып жүргенімде,
Қияметте қосылғыр, хош қарағым,-деген әні баян-өлгейдегі ел ішінде ескен желдей тарайды… керім мен тұрым. Бұл тағдырға ақан сері-ақтоқты, естәй-қорлан, қайып-Ақбобек, Сауытбек-ақбопе секілді мұңлықтардың ел жүрегін елжірететін мәңгі махаббатының жыры, абақ керейдің бір бейкүнә әнші, серісінің де пешенесіне жазылған тағдыр сыйы осылай болған. Соңында айтарымыз: «Керім-ау, айдай» келешек күнде өз тарихын, өз тағдырын, өз текстін, өз мазмұнын сақтап, келе жатқан жаңа ғасырдың табалдырығын аман-есен аттап, келешек ұрпақтың Рухани қазынасына «Көлге тамған тамшыдай» тұнық, таза қалпында қосылса екен деген тілектеміз.
Жеңісхан НҮСІПҰЛЫ
6alash ұсынды