"Бір досың керек екен"
авторы: Әбідіқамит ОРНЫҚПАЙҰЛЫ
Орындаған: Тоқтар МЕЙІРХАНҰЛЫ
– Cәлеметсіз бе! Әбдіхамит мұғалім. Бір ән бар жүректі тербейтін, бір жыр бар жүрекке жол алған, бір сөз бар жүрекке жылы тиетін демекші, бұрын ақын, ағартушы ретінде танылған Әбдіхамит Орнықбайұлын қазіргі халық сазгер деп те біледі. «Бір досың керек екен» атты әнмен атыңыз тағы бір рет аспандады. Бүгін бір ағынан ақтарылудың сәті түсіп тұрғандай. Әңгімені алдымен балалық шағыңыздан бастасақ.
– Мен 1972 жылы Тоғызтарау ауданының Ағарсын ауылында дүниеге келдім. Ең алғаш бастауыш мектептің 3 жылдығына дейін Ағарсын ауылының ақтам қыстақ жатақты бастауыш мектебінде оқыдым. Онан отбасымыз малшылықтан өндіріске бөлінуіне байланысты ауыл орталығына көшіп келді. 4-5 жылдықты ағарсын ауылдық түйінді бастауыш мектептен жанұзақ атты ұстазымның қолынан тамамдадым. Жалғасты орталауды ауылдан, толық ортаны аудандық 1-орта мектептен оқыдым. Құс ұядан нені көрсе, ұшқанда соны алады ғой, бала кезімде әке-шешемнің айтып Беретін ертегі-әңгімелерімен ержеттім. Сол тұста қолдары қысқа болса да еш қақпай көрсетпей оқытты, осы күнге жеткенімнің өзі алдымен сол кісілердің арқасы. Бастауыш мектепте оқып жүргенде жұматай атты музікә оқытушы ән жазатын, скрепкідә ойнаушы еді, сол кісі мені балдырған шағымда баулыған мұғалымым, бірінші клас оқып жүрген кезімде тұңғыш комедияға шыққаным есімде. Кейін орталау мектепке шықтым, сол кезде ауылда өтетін түрлі салттық той-томалақтар мен меркелерде ақындар айтысы, өлең-жыр басқосулары, аудан ауылдарды аралап қойылатын түрлі деңгейдегі ойын-сауықтар жиі болушы еді. Қаймағы бұзылмаған дәстүрлі мәдениеттің мәйегі бар еді. Есімде 6 клас оқып жатқан кезімде сол ортағы ұстаздарымның жетектеуімен өтірік өлең және жаңылтпаш айтып сахынаға шыққан едім. Алғашқы еліктеп жыр жазуымда сол кезде басталған болатын. Тұңғыш туындым 1990-жылдары «Іле өрендері» газетынде жарияланған «Еркелік» атты өлеңім болды, сосын жалғасты бірнеше хабар мақала жазып жариялағанмын. Кейін толықОрта бытыртын кезде жаратылстық пәннен Емтихан тапсыруға дайындалып жүргенмін. 1991-жылы май айы болатын, университет Емтиханына дайындық көріп жанталасып жатқанбыз. Іле педагогика коллежынан Әнуарбек жұмабек ұлы, бегәсіл қатарлы басшы ұстаздар арнайы оқушы қабылдау үшін біздің аудандық орта мектептерге келген екен. Оқытушыларының көрсетуімен ол кісілердің бетпе-бет сынауына қатысып, іле педагогика коллежінің әдебиет факултетыне Емтихансыз қабылдандым.
– Қазір енді «Бір досың керек екен» атты әніңіз өте кең тарады. Онсыз отырыс, басқосу өтбейді десек те артық емес. Еліміздегі мықты өнерпаздәрдән сырт, тіпті шетелдің әншілері де осы әнді орындады. Сіздің бұл туындыңыз қалай дүниеге келді?
– Бір бөлім адамдар әйеліңізге арналған ба? деп жатады. Олай емес. Ісжүзінде іле педагогика коллежына оқытушы болып қалғаннан кейін бірер жыл бойдақтық өмірді өткіздік. Кейін 2000-жылдары үйленіп, басымызға үй тіктік, бауырымызға қазан астық. Сол кезде әйелімнің қызметі Тоғызтарау ауданына болды да мен Құлжада салт тұрдым. Салт отауға ара-тұра өнер сүйер азаматтар келіп тұрады, әңгіме, өнер туралы кеңестер өтеді. Бір қара домбырам бар, соны тыңқылдатып шертіп жүремін. Келген ағайындарда мына домбыраңыздың үні тамаша екен деп мақтап та кетеді. Сосын кейде жалғызсырағанда кеңесетін досыңды, сыр шертетін құрбыңды, әңгімелесетін ағайыныңды сағынасың. 2003-жылдары жазда сол қара домбырамды қолыма алыпБелгілі бір әуендерге салып отырғам. Бір кезде осы әннің қайырмасы ойыма оралды. Қайырмасы болғанда «Бір досың керек екен» деген бір жолы да ілесе келді. Қайырмасы 8 тармақтан тұрады. Шумақтары 4 тармақтан тұрады. Бос уақытым болғанда сыңсып айтып, жаттап айтып жұрдым. Артынан толық нұсқасы жазылған соң ара тұра отырыстарда, басқосуларда айтып жүрдім. Ондай ір керемет дүние болады-ау деп те ойлағам жоқ. Ағайын-достар "жақсы екен, болады "деген сияқты бағаларын айтып жүрді. Ара-тұра үйді сағыну да бар, бала-шағаны аңсау да жоқ емес, ең негізгісі көңіліңді түсінетін нағыз досыңды сағыну басым орында деп ойлаймын. Әйтеу адамдарда жалғызсырау сезімі, былайша айтқанда бір жаққа бара алмай қаңыраған үйде жалғыз жатқанда жабығу сезімі пайда болады. Досыңды аңсау, ағайыныңды іздеу, сияқты әйтеу бір қажетсіну сезімі келеді. Оны пәленге арнадың ба? деп сан-саққа жүгіртуге келмейді. Ұстаз достарым бар, шәкрт достарым бар, құрбыларым бар. Бәрімен де өте тату өтемін. Музікә деген Нәрсе ғайыптан пайда болады. Бырақ, оның ар жағында бір түрткі себеп бар. Ішкі сұраныс, адамға керек болып тұрған бір нәрсе тұр. "бір досың керек екен "деген темесі бүкіл тексті туындауға себепкер болып тұр. Былайша айтқанда алдымен теме пайда болып сосын толық туынды дүниеге келді.
– Киімнің жаңасы, достың көнесі жақсы деп жатады. Бұл өмірде нағыз дос табу да қиын. Сіздің бұл әніңіз талай көне, жаңа достардың табысуына дәнекер болып жатыр. Осы әннің тұңғыш бағын жандырған кім?
– Бір реті келгенде осы әнімді ауылдасым, облстық тыйәтрде Әбдібақыт Сұлтанбек ұлы атты жігітке орындап берген едім. Ол жақсы бағасын айтты оның сол кезде «Егіз бұлақ» атты ән таспасы шығып кең тарап жатқан кезі. Сосын оған осы әнімді сен орындасаң, тағы бір толғау жазайын оған өзің әуен жаз. Әрмен қарай және бірер ән қоссаң тағы бір таспа толғалы тұр екен деп едім ол да қосыла кетті. Сонымен Әбдібақыт домбырамен, еркін жетібай ұлы ағамыздың қобыз сүйемелімен студияда дыбысқа жаздық. 2004-жылы бұл ән тұңғыш таспаға жазылып тыңдармандардың құлағына Әбдібақыттың дауысымен жетті. Сонан соң бұл ән ары қарай ел арасына тарай бастаған соң, екінші рет қоңыр дауысты сейт атты азаматтың орындауында интернетте таралды. Аралықта нұржан менЕрғали атты достарымның көмегінде шинжяң халық радиосының туынды ән бағалау жарысына қатынасты. Айқын Төлепберген ұлы, жігіттер тобы, ұлту қабайва, ерсін аиюпа, аққу мен Гүлназ шырқады, саламат болат ұлы, ғалым қыстаубай ұлы, Ержан мәдиәр ұлы, серік нүсіпқан ұлы, тілек Құсыман ұлы қатарлы көптеген әншілер әр түрлі сахынада орындады, бәріне Ризашылығымды білдіремін. Жалпы халқыма рахымет! 2012-жылы шинжяң Телевизиәсінің көлемді көнсертінде танымалы әнші тоқтар мейірқан ұлы орындады. Осы ретте режиссерлердің орналастыруымен 15-20 бишінің сахынаны толтыруымен, артқы декрациясының сәйкесуімен, тоқтардың асқақ дауысымен өте әсерлі, көлемді болды. Көрерменге де ең әсер қалдырған бір тамаша берілім ретінде теле әрхивынде қалды.
– Бір әннің кең тарауының өзі сол әуеннің халық көңіліне шығып, ел назарына ілінгенінің белгісі ғой. Бағы жанған туынды деп «Бір досың керек екен» атты осы әнді айтамыз. Ал сұрайын дегенім: осы әннің орындалуына өз көңіліңіз толама?
– Бұл ән сахынада дұрыс орындалып жүр, бырақ, шағын басқосу, отырыстардағы орындалуында біраз олқылықтардың сақталуы табиғи. Әлбетте, адамдардың өресі, қабылиеті әр қилы ғой. Мен әдетте мәтін тану жөнінде зерттеп келемін. Бұл жағында жариялаған мақалаларым да бар. Сондықтан да болар ән, терме, толғау мәтіндерінің дұрыс, өз мағынасында, толық айтылуын дәріптеймін. «Бір досың керек екен» әнін әр түрлі орында, әр қилы адамдар орындап жатады. Біреулер "жабырқап қалғаныңда "деп айтса, енді біреулер "жалығып қалғаныңда ", "жабығып қалғаныңда "деп айтып жатады. Осындағы «Жабырқап, жабығып, жалығып» деген сөздердің өз-өз мағанасы бар. Осының ішіндегі «Жабығудың» салмағы ауырлау, талғамың таусылғанда неІстеріңді білмеген адам біреуге сөйлегісі де келмей қалады. Әсілі «Жабығып қалғаныңда» дұрыс.
Жабығып қалғаныңда,
Таусылып талғамыңда.
Арылып ауыр мұңнан,
Бір сәтке алдануға. ---деп орындаса дұрыс болады. Және «Мен сені күттім келер деп» деген туындымда да "көзіңе лықсып бір жас кеп "деген мәтін тармағы "көзіңе ыстық бір жас кеп "деп орындалып жүр. Мұндағы «Лықсып» пен «Ыстық» деген сөздің мағынасы ұқсамайды. «Лықсып» десе көздің шаранасына жас толып тұр деген сөз тартымды, ал «Ыстық» әдеттегі сөз, мағыналы да емес, терең де емес. Мұндағы айтбақшым: тек авторлы әндер емес, халық әндерін де дұрыс, толық, жағымды орындау керек. Оның бір сөзіне қиянат жасамай, тыңдарманға мөлдіретіп жеткізу әншінің жәуәпкерлігіне байланысты болып табылады.
сұхбаттасқан: Қуандық КӨБЕНҰЛЫ
6alash ұсынды