Бердібек Мусаұлы Құржықаев

Бердібек Мусаұлы Құржықаев – 1940 жылы 15 Сәуірде ағажай Алтайдың Жеменей ауданында оқымысты отбасында дүниеге келген болып, өз заманының сетері, таңдайының шаңы шыққан жез таңдай шежіре шешен әкеден өнеге алып, өнер үйренген ақын балалықтан бастап-ақ санасына өнердің нәрін құйып, ақындықтың шабытын жиып өскен екен.

Ұясы ғой көз-нұрдың, көңіл-сырдың,
Құлқын үшін келмейді өмір сүргім.
Өлең кенін қадалып қаза берем,
Кәйлісіндей қаламым көміршінің.
Осылай жырлап өткен ақын ғұмырға үңілер болсаңыз, тырнақ алдын туындысы 1959 жылы «Шинжаң әдебиет сикуствосы» (қазіргі шұғыла) журналында жарияланғаннан бастау алған шынайы талант – өлең ғұмыр осыдан кейінгі 41 жылда 700 ден астам өлең, «Жаңа алтай», «Жер ана ауырғанда», «Әлемінң абайына арнау», «Отамалы», «Сыбызғы туралы баллада», «Байге», «Бар екен батар күннің атар таңы» сынды 25 ке жуық баллада, толғау; «Қыз құлаған», «Қызыл таңба», «Темір қазық», «Қазақ қандай», «Көз қарас сынды Дастан; «Сатиралы шығарма жазуға салқын Қарауға болмайды», «Поэзия әуескерлеріне әңгіме», «Етікішге біз дәулет, ақындарға сөз дәулет» сынды сын, ғылми зерттеу мақалаларымен қатар тағы да, «Ұядан қияға», «Күре тамыр», «Қызыл таңба», «Жаным-жалғызым», «Аққайнар» сияқты жыр жинақтарын да қалың оқырмандарына ұсынып болды. Осы реткі ақынның шығармашылық ғылми талқы жиыны байланысымен таратылған «Өлеңім-өмірім» атты жинағы да бұрынғы жинақтарының бір бөлім мазмұндары мен қоса тағы да баспа бетін көре алмаған алмаған жырларын өнер ұлдарын ардақтап, қадыр тұтар Баяқымет Жұмабайұлы, Сымадыл Шүкенұлы сынды ағалар мен азаматтардың жинап, ақын өлеңіне, өнеріне жоқшы болуының арқасында баспадан шығып, халқымен жүздесті.

Құржықаев бір туар ақын, еңбегі ерен, рухани дүниесі ұшан теңіз байлық, қайталанбас тұлға. Өлең тілін ашты шындық, сынбас ақиқатқа,
Бір сырымды айтайын төтесінен,
Үгіт айтпай халыққа өтетін ең.
Өлеңімді мәнсәпқа ауыстырсам,
Баяғыда бастық боп кететін ем, деп жаныған ақын ғұмыр өмірдегі жағымсыз, Жарамсыз қылықтарды шенеген. Ақын өмірі қарапайым өтседе, өмірі мәнсәп, атақ – абырой дегенге қол созып, артықша бас ауыртып та жатпаған.
Жылынды сыбериям суық кірбең,
Өнерге қуғыншымын қуып жүрген.
Жүрекке әдемілік әкелем деп,
Мен де бір почталион суыт жүрген, - деп келетін жыр шумақтары ақын жанының кіршіксіздігін, өлеңге өлердей ғашық болған сел сезім, сетер шабытын да сездіреді.

Иә, Құржықаев Қытай қазақ поэзиясының көрнекті уәкілі, таланытты ақын. Оның халқына еңбегі тек өлеңде ғана емес, ақын көзі тірісінде ағарту істеріне де бір кісдей еңбек еткен сақа ағартушы.


Ақынның отбасы

Бұл реткі дабыралы өткен мерейтой ақын еңбегін көптің көңіліне түйіп, артында қалған халқының өнерлі ұлына деген құрметін әйгіледі. Мұнда ауызға аларлығы, Көктоғай аудандық пәртком. Үкімет үлкен қолдаулармен ақынның мыс мүсінін жасатты. Ақынның отбасындағыларға шапан жауып құрмет көрсетті. Жазушы, мамандар ақынның шығармашылық ғылми зерттеу мақалаларын оқып, ыстық лебіз білдіріп, ақын еңбегін жоғары бағалап, өнерлі ұлын төбесіне көтерді.  

6alash ұсынды