Әдебиетіміздің Атайманы (жазушы Ғалым Қанапияұлы жайында)

Сөз иесі, талант киесінің құдыреті ме, жоқ әлде, шалқар теңіздей кең, таудай бійк ғибратқа толы ғұмырлы шғармалардың бөлекше әсерынен бе, өзін көрмеген әлде бір жазушының туындыларын Жастана оқып, құрмет қыласың шын көңілден тағызым етіп әр уақ сағынасың, жүздескің келеді сол бір кеніш ойдың сардарына. Міне, бізді де ғалым қанапия ұлы деген есімді іздеуге, зәредей болсада түснуге жебеген, жазушының артында қалған том-том құнды шғармаларындағы бөлекше ойлармен көкжиегі кең көркемдіктереді керемет.
Ақын, жазушы, ағартушы, баспагер ғалым қанапия ұлы 1938-жылы 1-қаңтарда Алтай қаласының Алағақ ауылына қарасты көксу деген жерде ертс-қырандай адуын өзендердің сарылын естіп өмірге кеп, сарылын тыңдап ес жяд. 1947-Жылышәріпқан көгедәйеү ашқан өрнек бастауш мектебіне, соңыра алтай мектебінен өрлей түсіп оқыған болашақ ақын 1961-жылы шинжяң педагокика коллежінің қазақ-тіл әдебиет кәсібн оқиды. Поэзияға Өртәмектеп партаснда әуестенген ақын сол шақытң өзінде:
«Тәй-тәй бастм қарап аққу, қазыңа,
Шалықтадым ұқсап шуақ, жазыңа.
Қаталдықты жүқтырыыппн қаңтардан,
Күзкүнінен үйіреніппн базына» деп келетін «О, табиғат» атты өлеңмен оқырман назарына ілне бастайды.

Әржанрдән сүбелі туындылар қалдырып кеткен әдебиетіміздің Атайманы ғалым қанапия ұлы:
«Дүниеге жаңа келген баланы,
Құм топырақ алақанға салады.
Нұрлы өмірден түссең зәуде ұзылып,
Қабырың боп бауырына салады.

Жаралуы оңай емес көк пен жер,
Ол жайында көтермейді өкпеңді ел.
Топырақты бабам деп біл, құмды да,
Шағылды да, гершті де сөкпеңдер» деп жырлаған топырағының стқ құшағында ұйқыда жатыр мәңглік.
Қаламгердің ең көрнекті қырларының бірі-ақындығы. Поэзиядан қыруар өлең-толғау жазған таланытты ақын Қытай қазақ әдебиетінің қамбасына «Жолшыбай», «Көк иырым», «Кешір сәулем» сынды жыр жинақтарын, «Бұрқасын» трилогиясын,«Керталғар» өмір баяндық романын, «Қос қарағай» кино сенерия кітабын, «Алуан жылдар алауы» сынды сын-зерттеу кітаптарын әкеп қосты.
Бір мезгіл ғалым қанапия ұлы шинжяң халық баспасында редакторлықпен шұғылданады. Еліміз қазақ әдебиетіндегі көрнекті тұлғалар Омарғазы айтан ұлының «Аң шадырын оқ табар», мағаз раздан ұлының «Сары бел» атты өлең романы қатарлы көптеген прозалық, поэзиялық шығармалардың редакциясын қарады. Тете аға редактор салауатымен қазақ редакциясының меңгерушісі болып міндет атқарды.
Қоғамдық қызметінің алғашқы қадамын ағартушылықтан бастаған қаламгер, Үрімжі аудандық гәнгу орта мектебінде, орталық ұлттар университетсінде қазақ тіл-әдебиетінен сабақ өтіп, ұлағатты ұстазда болады. Осы мезгілде «Күзет әні», «Көк иырым», «Арман» қатарлы өлең Дастандарын жазған ақын «Көк иырым» атты жыр жинағымен мемілекеттік аз ұлт шығармаларын бағалауда бас байгені жеңіп алады.
Әдебиет тану жағында да тер төгіп, аз болмаған ызденіс жасаған ғалым қанапия ұлы ауыз әдебиеті, Әсетті тану, Сондай-ақ, қазіргі заман әдебиетіміздің көкейтесті мәселелері аясында көптеген сын зерттеу мақалаларын жазған, әдебиетті ардың сі көрген қаламгердің бұл Еңбектерін оқырмандары көзіндей көріп ардақтап келеді.
1987_жылдан бастап автономиялы райондық әдебиет-көркемөнершілер бірлестігі тарабынан кәсіптік жазушы боп бекітілген қаламгер «Тамылжыған таңсәрі» атты роман жазып, журналдарда үзінді жариялаған. Ғалым қанапия ұлы машақатты ізденістері, қайса рухы, сүбелі шығармаларымен халқының жүрегінде көктем сайын гүлдеп келеді.
Ғалым қанапия ұлының әр жанрдағы шығармалары қытай, ұйғұр, Мұңғұл тілдеріне аударылды. Омыр баяндық Еңбектері «Жоңго көркемөнершілер шежіресі» қатарлы томдардан орын алады. Жоңго жазушылар қоғамы сынды көптеген қоғамға мүше болды. Мемілекеттік 2-дәрежелі кәсіптік жазушы өмірінің соңғы кездері сырқатпен, сан қилы ауыртпалықпен алыса жүріп жасампаздықпен талықпай шұғылданады.
‎аманбысың, ау, туған жер, туған жер!
Кіндік кесіп, кірді анам жуған жер.
Арайыңды бабам тон қып жамылып,
Алабыңнан жауды түре қуған жер.

Аспанын-ай, жасыл бояу жұққан ба,
Батырлар ғой, алып таулар ұққанға.
Ақша бұлттар маған құшақ жаяды,
Аяулы әжем қаймағын ап шыққан ба? !

Шіренеді мәуті киген шатқал бай,
Алтай, алтай, шіркін осы ат қандай.
Уілдейді қоңыр самал қарсыдан,
Мархұм шешем ұшып келе жатқандай.

Көлкуін-ай, сынап текті сағымның,
Өзі емес пе, бейне Бұйра ағынның.
Қанбаған ба анамның бір жерігі,
Топырақты, туған жерді сағындым» деп
Жазған қабырғалы қаламгер ғалым қанапия ұлы 2000-жылы 24-ақпанда келмес сапарға аттанды. Шығармаларының құдыретымен туған жері өскен елінің сағынышына айналып, бізбен бірге жасап келеді. Иә, өмірін шынайы өнерге айналдырып кеткен таланыттарда арман жоқ шығар-ау, ал, әдебиетіміздің Атайманы_ ғалым қанапия ұлы сынды есім биіктеп барад жыл сайын.

Қуаныш ІЛИЯСҰЛЫ
2010. 03. 03
(Үрімжі)

6alash ұсынды