Бейсенбі Дөненбайұлының күйі "Ой, дүние-ай!"

Бейсенбі Дөненбайұлының күйі "Ой, дүние-ай!" Орындаған:Тұрсын Кәдейұлы


Дарынды күйші, өнер саңлағы әділ би, Бейсенбі Дөненбайұлы 1803 жылы ҚХР, Алтай аймағы, Буыршын ауданы Оймақы ауылында туып, 1872 жылы қайтыс болды.

1836 жылы Алтайда төрт би сайлайды. Солардың ішінен, сөзге шешен, көзге ерекше түскен Бейсенбіні төре би етіп тағайындайды. Сол Бейсенбі би адал да, ақылды, дүниеге кең көңілімен, ашық та парасатты мінезімен, әділ билігімен, Алтайдың адал да, әділетті мемлекет қайраткеріне айналады.

Бейсенбі билік айтарда қасиетті қара домбырасын өзіне ақылшы, жансерік етіп, халық ерекше ықыласпен қабылдайтын күй өнерін пайдалану арқылы шешімі күрделі дау-дамайға тура, әділ шешім жасап отырған.

Бейсенбі күйлері, негізінен шертпе күй мақамында. Өзіндік ерекшелік қол таңбасын қалдырған, музыка тілімен айтсақ, оң қолдың қағу түрлері, өлшемді такт түрлері шығарманың соңына дейін сан алуан өзгеруінде. Бейсенбі күйлерінің ерекшелігі, бір-біріне жанаспайтындығында.

"Кеңес" атты күйлері "Кеңес басы", "Бас кеңес", "Төрт бидің кеңесі", "Бодам кеңес", "Көк иірім кеңес", "Жай кеңес", т.б.

6alash ұсынады