Ақын Әділеттің «Әділет» кітабі баспадан шықты...

Дүниеге іңгалап сәби келгендей, алғаш рет алақайлап шүйнші сұраудан артық шаттық болар ма кен? міне, ақын Әділет Ахметұлының «Әділет» атты тұңғыш өлеңдер жинағы қолымызға тиді. Жинақ оқырманға Нұр-сұлтан қаласынан ұсынылып отыр. Атап айтқанда, Отандастар қоры мен Дүние жүзі қазақтары қауымдастығының жанындағы "Ата жұрт" баспасынан шықты. Ал, ақынның достары қаржылық жақтан демеуші болыпты.
Баяғыда Байронның «Байрон» деген кітабын оқушы едік. Біздің Байрондар міне осы Әділет сияқты жастар. Байроннан еш кем емес. Жас деймін-ау, поэзияның жастық жалынға саятын тұстары дар бар. Кешегі Мұқағалилар отыз жасына дейін неше кітаптың авторы болып үлгіріпті. Оған келгенде, отыздан асқанда алғаш жыржинағы жарық көрген ақындарға сәл қынжыламыз. Бұған кім кінәлі...

Иә, әр кітаптың өз берері бар. Ал, мына «Әділет» жинағы атымен де, затымен де, шыныдыққа шыр-пыр болатын поэзияның бар бімтін бойына жиып тұрғандай. «Әділет» кітабында әділетті ұзақ күтіп, зарыққан жандардың күрсінсі, сағыншы, аңсауы жатқандай. Жан әлеміндегі сол түйіншектің дәтке болса шешімі бардай сезіле береді.
Жалбызды бұлақ дәмін, даланың кері самалын жан дүниеңе алып кіретін жырлардың авторы Әділет Ахметұлының көптен бергі оқырманы едім. Әділет жырлары туған жер, туған еліңді шыт жаңа сүйуге жетелейді. Күнде-күнде көріп жүрген тауыңның суына, нуына қайтадан тамсана қаратады.
Басы Моңғолиядағы Бұлғын, ортадан қос Шіңігілді қосып алып, Үліңгір көліне құйып тағдырын аяқтайтын, Бурылтоғай өзені бойында кіндігі қалып, кірлігі жуылған Әділет ақынның маңдайына сол өзеннен бөлек тағдыр бұйырды. Үліңгірде туған азамат, Ертістей алысқа ақты. Ата жұртына ат байлады. Өмірде де, өнерде де көсіле шабуда.
Әділет Ахметұлы қазір А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл ілімі институтында ғылыми қызметкер.
Айта кетсек, Әділет АХМЕТҰЛЫ 1986 жылы 25 қыркүйекте Қытай халық республикасы Алтай аймағы Буырлтоғай ауданында дүниеге келген. 2012 жылы беижіңдегі Орталық ұлттар университнтін Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойыша тәмамдап,шынжаңдағы «Мұра" журналында тілші жане редактор қызметін атқарған. 2014 жылы Қазақстанға қоныс аударған.
Белгілі ақын Мұрат Шаймаранның ақ жол тілеп жазған алғы сөзімен оқырманына жол тартқан "Әділетке" біз де басар белің, асар асуың биік болсын айтамыз.

Сөз соңын ақының мына бір жыр жолдарымен айақтауды жөн көрдім.

Сіздерге

Ақиқат қандай ұлы, алып есім,
Алайда көрсетпейді кәрі бетін.
Мен саған ұсынайын ау, туған ел,
Жүректің көзі көрген "әділетін"

Ғұмыр кейде кекесін, өмір ысқақ,
Жоны қайқаң болады, жолы қыспақ.
Қазақ деген халықты құлай сүйдім,
Жапырақтай жанымды қолыма ұстап.

Өлең мені дос етті жермен мәңгі,
Өлең ғана басқандай шер мен зарды.
Ол менің балдан тәтті сағынышым,
Ерменнен қышқылырақ кермек дәмді.

Жалған сөз жасыра алмас іздерімді,
Сағыныш сақтап қалар ізгі елімді.
Сағынам сан мың жылғы бабалар мен
Мың жылдан соң туатын қыз бен ұлды.

Асқар таулар естіртті өз үнімді,
Қарапайым қазақпын сөзі ұғымды.
Іркуге жаным менің тым дәрменсіз,
Сізге деген сұрапыл сезімімді.

Қан тамырым – Қара Ертіс жосыла аққан,
Жан әлемім шектеусіз жасыл аспан.
Артығырақ сүйем деп айта алмаймын,
Сізді мен жалғыз уыс топырақтан.

Жұбатқан жұпар далам күймен мені,
Көп менің топырақтан үйренгенім.
Төл ұлының бірімін тарихтың,
Кеп қалған көп өлеңмен сый бергелі.

Жетелейді дейсіз сіз жігітті арман,
Құлатпайды ол да рас үміт жардан.
Қағазымды қабыл ал, Алты алашым,
Боз жусанның иісі сіңіп қалған.

Қуаныш ІЛИЯАСҰЛЫ

6alash ұсынды