Алтай асқан Әбдікерім болыс

Алтай асқан Әбдікерім болыс



     Дәм, айналайын қасиетті дәм! сен мені биыл асқар Алтайға екі рет тарттың! тышқан жылының тыртыңы мен жыртыңнан бір сәтке оңашаланып, ұлы табиғатқа жақындап, жоргегім қалған асқар алтайға тартып келемін! алдымынан алтай ақ шылаушты анадай елжіреп, Алыстан күн салып қарап, тағаты таусылып тұрғандай…ал, қасымда Ертіс, бәсіреме алғаш мінгізіп:
– Жығылып қалма балам-деп бірге шауып кележәтқан атамдай бірге ағып, толқып келеді…мен де толқып келемін! міне, Белқарағай, Кәтөнқарағай, одан ары шыңғыстай. Оралханның Алтайы. Бұл алтайды мен Оралхан шығармалары арқылы білем, түсінем, сүйем, қызығамын…алтайды Оралханша сүйіп, Оралханша ешкім де жеткізе жырлай алмақ та емес…жүрек шапқан аттай тулап, дегібрің кетеді…әне, қаратай батырдың мүсіні тұр…аты тайдың есімі болғанымен, текті айғырдай елін, жерін қорғап, шашау шығармай осынау жаннат өлкені ұрпағына аманатқа қалдырыпты-ау!
Жол бойына Оралқан бөкейдің суреті ілініп, Алтай, Шыңғыстай есіл ұлдарымен мақтанып, марқайып тұр екен…өрәлқандай үлымен мақтану, мақтана алу бақыт һам ерлік емес пе…
Оралханның отырған ағаш үй жазушының мұражайына айналған. Онда Оралханның заттық және Руханы мұралары тұр сағынышты үдетіп…әл, одан ары Әбдікерім (болыс) ережеп ұлы атындағы мұражайға ат басын бұрасың…100 жылдық тариыхқа ие бұл ағаш құрлыс шыңығстай өңіріне Әбдікерім болыс салдырған алғашқы мектеп болып шықты. Ахмет байтұрсын, Сұлтанмахмұт торайғыр қатарлы егейлермен үзеңгілес болған әбдікерім болыс кезінде петрбордан оқыған алға басар зиялы, ел иесі болған екен. Содан осынау асқар тау қойнауындағы халқына білімнің сөнбес шырағын жағып, ұрпақ санасын нұрландыруға ерте ат салысса керек. Сосын да ел мүдесі мен ұрпақ ертеңі үшін жаралған есіл атаның ізіне аз үңілуге тура келді!
Я, Қаратай баба 17-18-ғасырларда жасаған. Қазақ еліндегі ғалым Бошай Кітапбаев пен Қайырды Назарбаевтің Еңбектерінен байқауымызша 1771-жылы Мойнты бойындағы қалмақтардың шегініп соңғы рет қарсылық көрсеткен, алты күндік шайқаста Қаратай баба ересен ерлік көрсетіп, сол соғыста қаза болған. Сүйегі Жезқазған өңіріндегі Мойнтының таятқан Шұнақ деген жеріне жерленген деседі.
Әне сол батыр бабаның ұрпақтары Қатын қарағайға 18-ғасырдың ортасында келіп, ірге теуіп ұрпақ оргізіп, өздері бір болыс ел (бір аудан) болған.
Сол әулеттің шандоз ұлы қоғам Қайраткері, ағартушы-демөкрәт Әбдікерім Ережеп ұлы 1862-жыл ышыңғыстай болысында дүниеге келеді.

Әбдыкерім Ережеп ұлы есімі найман еліне, арғысы орта жүзге мәшһүр ережеп қажының отбасының түлегі. Әбдікерім молдадан оқып хат танып, жастайынан зерек, өнерге құштар, ел ішінде өлеңшіл атанған серілігі бар жан болыпты. Әкесі ережеп Әбдікерімге көп үміт артады. Бодан елді басқарып Патша үкіметінің саясатын жүргізетін сауатты қазақтар керек болғандықтан тек ақсұйектердің балаларын ғана оқытуға рұхсат болған. Ережеп Қажы Әбдікерімнің қасына менекейдің мұстапасын қосып Петрбургтегі орман шаруашылығы институтына оқуға жібереді. Алдымен дайындық күрісін сосын иынституттың бірінші күрісін аяқтаған соң, әкесі ережептің жаламен істі болып, түрмеге қамалуы себепті одан ары қарай оқи алмай қалады. Табиғатынан еті тірі әбдікерім елге келіп, Жидебайдағы Абайдың алдына барып, әкесін қамаудан шығарып алады. Пысықтығымен қажырлығына, әділеттілігіне, қазақша-орысша сауаттылығына сүйсінген Қаратай елі Әбдікерімді қайтадан петрбургке жібермей, әкесінің орнына болыстыққа сайлайды. Жиырма бес жасында атқа мінген Әбдікерім Семей губерниәсі Өскемен-Зайсан уезінің шыңғыстай болысын жиырма бес жыл басқарады.
Семей қаласына жиі қатынап, қазақ зиялылары-Әлиқан Бөкейқанов, Шәкәрім Құдайберді ұлы, Тұрағұл Абай ұлы және Мұстафа шоқаймен етене араласқан. Елдің елдігін сақтау үшін, ел басқаратын азаматтар дайындау керек екендігін түсінген әбдікерім кейінгі жастардың сауатын ашып, оқытуға тырысады.
Шыңғыстай ауылында қазақ балаларын орысша-қазақша оқытатын мектеп ашып, оған бір қаратай елі ғана емес, тұтас бір дуанның балаларын тегіне қарамай жинап, Семей, одан әрі омбыдан мұғалым шақыртуы әбдікерім болыстың нағыз ағартушы-демөкрәт екенін айғақтағандай. Осы мектеп тек алтай өңіріне ғана емес, бүкіл қазақ еліне талай Қайраткер дайындап берді. Оның түлектері мәскеу, ленингрәдтән бастап, көптеген жоғары оқу орындарын бітіріп, шаруашылықтың, өнер-білімнің әр саласында Еңбек етті. Қазақтың әйгілі жазушылары қалиқан ысқақ, оралқан бөкей, Әлібек асқар осы мектеп партсынан түлеген түлектер еді. . . .
1928-жылы саяси қуғын-сүргін кезінде қазіргі Шығыс Қазақстан жерінен Әбдікерім болыс өз балаларымен немерелерін, туыстарын бастап бір топ адаммен Қытай аумағына қарасты Алтай аймағына өтіп, Алтайдағы алғашқы оқу-ағарту істеріне белесене араласады.
«Уа, шыңғыстай, шыңғыстай,
Тарбағатай, шабанбай,
Айрылдым елден баға алмай.
Елге сусын қаракол,
Аймалаушы едім анамдай.
Шығып едік ішіңнен,
Толғатып тапқан балаңдай.
Көк орай шалғын, көк майса,
Сұлу болып жаралды-ай.
Сағынып мұнда жатырмыз,
Маңайыңа бара алмай! »

Өскен елін осылай сағына жүріп, 1935-жылы Алтай қаласына қарасты Бітеу ірге деген жерде қайтыс болады.

Қуаныш Ілиясұлы

10,08,2021

Арқау ұсынды