20-ғасырдың басында Алтай халқы негізінен оқу-жазудан надан болды, сол кезде ел басқаратын зәңгі – Зәліңдердің көбі сауатсыз еді.
Алтайдағы атақыты төрт бидің бірі Күкен би. Күкен бидің мұрагері Жұртбай мырза Алтай қазақтарының наданығын еске алып, надандықты үлкен мін деп біліп, елді оқу-білімге жетектеу үшін, жергілікті көзі ашық көкірегі ояу азаматтармен орта Азиядан түрлі себептермен ауып келген бір бөлім оқымыстыларды ордасына алдырып, өз ауылы - «Бітеукереде»-шағын көлемде медіресе ашып, өз балалары Мами, Нұртазаларға өзге ауылдың балаларын қосып оқу оқытады.
Жұртбай мырза қайтыс болып, Мами би тұсына келгенде бұл медіресе жалғасты ашылып, 1904 жылы «Абақыя» деген атқа өзгертіледі де, көлемі кеңейіп әр түрлі пәндер қосып оқытыла бастайды!
Абақыя мектебінде әртүрлі пәнді аралас оқуы, өз ана тілімізде емес татар тілінде болуы, сол кездегі қазақ жастарының оқу-білім қажетін қанағаттандыра алмады, сонымен қазақ тілінде мектеп ашуы қажет болады. Осы арман тілекті арқалап, Мамидың балалары Зия тайжы, Қанапия бейсі, Мәнкей бейсі қатарлы азаматтар сонау шалғайдағы Үрімжіге атпен барып, Баймолла Шәріпхандармен кездесіп ақылдасады, сол кездің өзінде жергілікті үкімет аз-ұлыт тіл жазуына аса ден қойып, қолдап-қуаттауына ие болады. Басшылар ақылдаса келе Нұридиын деген қазақ тіл-жазуына жетік мұғалымді тауып, өзімен қоса екі інісін қоса Алтайға ұсыныспен мұғалімдікке әкеледі.
Бұрынғы Бітеукередегі Мами ауылының қыстаулығындағы 3 бөлмелі үйге 2 бөлме қосып, бес бөлмелі құрылыс болып салынып, бұрынғы медіресе атауы ендігі жерде «Абақыя мектебі» - деп аталды.
Мектеп басшылары Қанапия бейсі, Сейітқазы имам, Зия тайжы, Мәнкейлер болды, мұғалымдері Нұридин, Бәдіредиіндер болып, 1926 жылдың қысынан бастап 100 дің үстінде бала оқытты.
«Абақыя мектебі» осылай дүниеге келген еді, «Абақыя мектебі» сол кезде Алтайдың күн бетіндегі жарқыраған жалғыз тал шам – шырақ еді.
Шәріпхан Күгедайұлы – Мың Ха Шуетаң мектебін бітіріп, 1927 жылы Бурылтоғай ауданның әкімі болып келу орайымен, Абақыя мектебін арнаулы келіп көзден кешіреді. Мектепке келіп, мектеп ашуға ерекше көңіл бөлген, бастамашылық істеген Қанапия бейсі, Сейітқазы мұғалім, Нұреддиін мұғалім қатарлы азаматтардың аттарын атап алғыс айтты. Және былай деді; Біз Аабақыя мектебімен шектелмей, халықты надандықтан құтқару үшін, Алтайдан тағы көптеген мектеп ашуымыз керек, балаларды түгел оқытумыз керек, болашақ үміт сендерде деп болашақтан зор үміт күтті.
Содан соң жергілікті басшылармен зиялылар болып, Алтай елінің әрбір аудан ауылдарынан жаппай мектеп ашу жұмысын бастап кетті. Оян - жарық жұлдыз, жаңа күш мектептері арт-артынан бой көтерді, осымен қоса ұйғұр, орыс ,мұңғұл мектептері де ашыла бастады. Осылай мектептер жауыннан кейінгі жауқазындай қаптап, надан халыққа шам-шырақ болып жанды.
6alash ұсынды