2019 жылғы Нобель әдебиет сыйлығының иегері Петер Хандке

Биылғы Нобель әдебиет сыйлығының иегері Петер Хандкеге қойылған алты сауал


2019 жылғы Нобель әдебиет сыйлығының иегері Петер Хандке (Peter Handke) үш жылдың алдында тоғыз томдық «Хандке шығармалары» жариялану қарсаңында тұңғыш рет елімізде сапарда болып, Бейжиң мен Шаңхайда Жуңголық жазушылармен әдебиет туралы қызу талқы өткізген болатын, төменде сол кездегі сұхбат барысында Хандке мырзаға қойылған алты түрлі сұрақты жауабымен қосып назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік, оқырман достардың жазушы Хандке туралы түснігін тереңдете түсуіне септігін тигізер деп ойлаймыз.

1. Сыншы, жүргізуші, ақын Сұн Мыңжиын:

– Сіз бір бөлім қытайлық жазушыларды ұнатып оқитын сияқтысыз, Лаузы мен Жуаңыздан сырт, осы заман жазушыларынан Лаушыны да ұнатып оқисыз ба?

– Үйдегі ханымның ұсынысымен осындай шығармаларды біраз оқып көрдім. Жалпы әдебиетті таспен қымтап қоршап алуымыздың немесе ою-өрнекпен орап тастауымыздың қажеті жоқ, өйткені ол қатты күйдегі заттан гөрі аққан суға, жөңкілген ауаға көбірек ұқсайды. Мен Лаузының кітабын сүйіп оқыдым, ағын судай еркін баяндауы маған жақсы әсер қалдырды, Жуаңызы да солай. Ал Лаушының шығармалары мағыналы әрі қызықты, оны жылнамалық жазушы деген дұрыс, бейне бір тарихшыдай әрбір тұлғаның тамырын дәл басып жеткізеді. Бұрын мен де осындай жылнамалық жазушы болуды ойлайтынмын, мүмкін субиектив көзқарасымның басымдылғынан болар, олай болмады, бірақ бұның ешқандай әбестігі жоқ деп ойлаймын.

2. Еркін жазбагер, ғұмыр баяндық жазушы Жы Ан:

– Сіз бір оқырман тұрғысынан кітап оқуда нелерге көңіл бөлесіз? Қандай кітаптарды ұнатасыз? Мысалы ұқсас дәуірдегі неміс тілді жазушылардан Шветсариялық Диренмат, Австриялық Музер немесе Блох сияқтылар, болмаса неміс тілді жазушылардан басқа кімдерді ұнатып оқисыз?

– Өзімді кәсіби деңгейдегі оқырман санаймын, бұл жағынан мүмкін бұдда мүсіні сияқты көрінетін шығармын, бірақ жазуға келгенде өзімді кішкентай ұлуға ұқсатамын. Оқу мен үшін салтанатты өмірдің сипаты, мынау әлемнің жүрегі, өмір дегеніміз киноға немесе музейге бару емес, жалғыз отырып оқуға берілу. Бұрын мен де Диренматтың шығармаларын ерекше ұнатып оқыдым, әсіресе оның романдарын, Макс Фриштың романдарынан гөрі естеліктерін қызығып оқыдым, бірақ бұл екеуіне қарағанда Роберд Варзены биік қойғым келеді және 19 ғасырдағы Готфырид Келлер бар, ұнататын кітаптарым мен шығармаларды тізе берсем бүгін кеште айтып тауысуға болмас.

3. Неміс тілінің аудармашысы, «Хандке шығармалар жинағының бас редакторы» Хан Руишяң:

– «Қасыретті қытайлық» атты шығарма «Адамды негіз еткен әңгіме». Австриялық классик әдебиетші Лозенің тіршілік дағдарысын тілге тиек етеді, қытайлықтармен қатысы шамалы. Әңгіменің нақтлы болған жері автор өмір сүрген Салтысберг. Бұл әңгіме «Күдікті әңгіме» деп те аталды, бірақ дәстүрлі күдікті әңгімеге де бейнесі келіңкіремейді. Жалпы әңгіме шертісі қалыптасқан қағидадан аттап өткен, өзара сабақтасқан уақиға желісі жоқ, бас кейіпкер мінездемесінің шарықтап шегіне жеткенін де көрмейміз, қайта баяғысынша үзік формамен баяндау тәсілін қолданып, бас кейіпкердің ішкі дүниесі мен сыртқы дүние арасындағы қайшылығын символдық сипатпен жеткізеді. «Қасыретті қытайлық» тек қана бас кейіпкердің қиял әлемінде көрінген тылсымдыкке толы бейтаныс жан, немесе ішкі қасыретін жеңуге бар күшін салған әлде ненің жасырын теңеуі яки айналық кескін. Сіз кітаптың атын қалайша осылай деп қойдыңыз?

– Ол әңгіменің Қытай және қытайлықтармен ешқандай қатысы жоқ, ол тек қана күдік пен символды тілге тиек етіп, оқырманға қиялдау мүмкіндігін қалдыру, мен әрқандай формадағы қате түсініктің оның орнына жүруін қаламаймын.

4. Бейжиң университеті Қытайша тіл факултетінің профессоры, кино және мәдениет зерттеу орталығының меңгерушісі Дай Жиынхуа:

– Бұрын сіз тіршілік еткен әлем мен бүгінгі тұрмыс ортасы жайлы не айтасыз? Немесе қазіргі ортаңызда қалай тұрып жатырсыз?

– Менің «Касфа» атты шығармам 1968 жылы алғаш қойылды, іле-шала студенттер көтерілісі бұрық ете түсті. Сол кезде бүкіл Европадағы сын әлемі осы шығармаға қызу ынта білдірді, бірақ олар мені қате түсінген еді, өйткені елдің бәрі бұны Фарижде туған студенттердің наразылық білдіру көтерілісімен қатысты деп қарады. Шынын айтқанда мен жазған шығарманың көтерген тақырыбы 16 жастағы бір баланың қайталай тіл үйрену жағдайы болатын. Мен осы шығармам арқылы аяқ астынан бүкіл қоғамның назар аударар түйініне айналдым, мен ежелден тұтас қоғамдық жағдайға кірісуді ойлап көрген емеспін. Қытай қазір жершарласқан мемлекет, бірақ мен Австриядағы өзім туған Шәкене ауылыма барсам да тағы да айтарым осы сөз. Қытай сынды халқаралануға беталған ірі елге келгендігім үшін, Австриядағы ауылымда айтып жүрген әңгімемнің ауаны өзгеріп кетпейді.  

5. Танымалы жазушы Сұн Гәнлу:

– Хандке мырзаның тұңғыш шығармасы жарияланған жылы мен дүниеге келіппін, біз сіздің өмір жолыңыздан да хабардармыз, Сексенінші жылдардың басында Салтысбергте біраз уақыт қоныстанып, артынан көшіп кеттіңіз. Неміс әдебиеті тарихындағы тағы бір маңызды жазушы Тісвейг де Салтысбергте болып көрген, ол да ол жерге хош айтып Англияға қоныс аударды, сіз Францияға кеттіңіз, сол кезде шығармашылық және рухани жақта мезеттік дағдарысқа ұшырау пайда болды, осы бір «Мезеттік дағдарыс» туралы көзқарасыңызды айта кетсеңіз?

– Алдымен Тісвейгтің Еврей екендігін айта кеткім келеді, ол Лондонға қашып барды, мен қашып емес, түбегейлі қол үзіп бардым, Венадан әбден тойдым. Дағдарыс туралы айтар болсақ, мүмкін сол кезде сондай бір кішкене идеялық жағдайға жолықтым. Әдетте бір жазушы әр күнгі дүниесін жазып болған соң бір жасап қалады, ал мен бір сағаттан кейін ерекше бір шаттанған күйге енемін, тіпті басыммен дауалды сүзгім келеді. Неміс тілінде «Дауал сүзу» деген сөз ерлікпен алға басуды білдіреді. Гетені мысалға алайық, ол өз өмірінде бірнеше басқышты басып өтті, әр жолғы дағдарыстан кейін түлеп отырды, мұндай жағдайды бастан өткерген жазушының шығармасы тіпті де нұрлана түседі, немесе оның тілі мен формасы онан ары түрленеді, дамиды. Егер бір адам Гетенің жасына дейін өмір сүрді десек, сонша ұзақ уақыт барысында ол да осындай жағдайға жолғып көрген деуге болады. Мен биыл Гетенің өмірден өткен кездегі жаснан он жас кішімін, енді бір он жыл өмір сүрсем деп тілеймін! Тағы бір секіріп сондай орбитаға жеткім келеді, бәлкім оның сөзсіз шұғылалы болуы да нағайбыл, менікі де болған дүниелерді қайталау үшін емес, керсінше адам өміріндегі болуға тиісті нәрселерді көзбен көру.

 

6. Танымалы жазушы Чию Хуадұң:

– Осы заманғы Австрия мен жөнінен бір шама таныс, айтулы үш жазушының шығармасын да оқып көрдім, бірі Бернхард болса, енді бірі 2004 жылғы Нобель әдебиет сыйлығының иегері әйел жазушы Елфрие, үшіншісі Петр Хандке мырза. Мен жөнінен алып айтқанда Австрияның осы үш жазушысының үшеуі де айта қалсын жемісті әрі ұлағатты жазушылар. Оның үстіне Австрияға бір рет барып та көрдім, көркем, тыныш, шаттыққа шомған, берекелі қала, ғажаптанарлығы сол, сонда осы үш жазушысының шығармасында дәріптелген нәрселермен бейнеленген мазмұндарда не үшін абыржу сезімі сонша күшті?

– Мен өзім де Австрияны өте тынш та бейбіт ел деп ойлаймын, ол менің туған жерім, өз туған өлкеме ұстанған позициям тоймас. Бернхард пен Елфриенікі сияқты көп мәселеге жүкті емес, менің шығармаларымда көбірек бейнеленген мазмұн «Сақталу» жөніндегі мәселелер, жас кезімде мен жөнінен Австрияда бір бөлім мәселелер бардай сезілетін, бірақ қазір олар бәлендей мәселеге жатпайды. Кейде оны ойлаймын, сағынам, әлі де біраз шатастықтар жоқ емес. Шынын айтқанда, менің жазушылық арқылы айтпақ болғаным адамның өмір сүруі, сақталуы жөніндегі мәндік мәселелер.  

Хандке мұнарада мелшиіп қана отырған жазушы емес, реәл дүние мен әлсіз ұлттарға деген жанашырлық оның шығармаларынан бастан аяқ көрініс тауып отырады, 1995 жылы және 1996 жылы Хандке екі рет соғыстан кейінгі оңтүстік Славиян аймағына саяхаттап барады. Бейіт басында жақынын жоқтап егіліп, қабыр сыпырып жүрген жаралы жандардың зар мұңына құлақ түреді, әрі оларды ыстық құшағына қысып, басу айтады.
Хандке армиядан қайтқан сексен жастағы қарт сарбаздың құлазыған көңіл күйін былайша естелікке алады: «Біз секілді әлсіз ұлттардың тағдыр еркіндігі өз қолынан кетті, ендеше енді оны кім билемек? Осы бір шылдың үйіріндей ғана байқұстар енді кімнің уысында, қандай бір темір саусақтың тегеуірінінде болар екен деші?!»
«Қысқы саяхатпен жазды толықтау» («Қасыретті қытайлықтағы» мазмұннан) да ол: «Кейбір істерді болары болып, бояуы сіңгеннен кейін барып түсініп, олардың арыз-арманы жайлы ойға батамын» деп жазады.

Аударған: Мұрабек сайлау

6alash ұсынды