Ақын, жырау, әнші, әктер Сұлтан МӘЖІЙТҰЛЫ
Оқ тйген домбыра
(Сұлтан МӘЖІЙТҰЛЫҢ рухна)
1947-жылдың күзі еді. Сарбаздар Ертістен өте соғыс басталып кетті. Сарбалақты төбелерді паналай оқ жаудырған екі жақтың атысы созылып барады. Жер жағдайына сыралғы қарсы жақ қылып еткенді санап атып, тұрғыны берер емес…бүл шын мәнінде Оспан батырдың қолы мен «Үш аймақ» әскерінің атысы еді. . . Қазақты қазаққа салып қойған қытайдың тағы бір әкілігі болатын. . . .
Домбыра асынған сарбаз шиырақы қимылдап, қалт жібермей оқ атуда. Маңайға жаңбырша жауған оқта есеп жоқ. Бас көтерсең ысқырған оқ жаныңды жалмағалы тұр.
Жас жауынгер Қожай:
– Сұлтан аға, абайлаңыз-дегенше болған жоқ, сексеуліге сүйеп қойған домбыраның шанағын оқ тесіп өте шықты.
– Қап әттеген-ай-деп, домбыраны құшақтап, бүк түсіп отыра кеткен Сөкеңнің жанарынан жас шығып кетті… бұл қарша бораған оқ алдында шықпаған жас еді! бұл анталаған ажал алдында шықпаған жас еді! домбыраға оқ тыйгенде шықты. Қайратты жауынгер шынмен жылап отыр. Атыс сәтке болса саябыр тапты…айтарға болмаса Қожайдың да көңілі босап кеткен. Бір қолына қару, бір қолына домбыра ұстаған Сөкең, қосынның сәні де әні, батыры да ақыны еді. Күндіз майданда жүріп оқ атыса, түнеме жерде домбырасымен әуелетіп ән салатын ағасының жан серігі домбырасына оқ тыю, жүрегіне оқ тыйгендей күй кештірді. Ақырын басыып сөкеңнің қасына келді.
– Сөке аға, жаныңыз аман болса, әлі талай домыбра бұйырар-деп көңілін аулады!
Сұлтан:
– Жоқ, бауырым қу тақтай үшін қу жаны қиналып тұр десең қателестің! бұл менің ғана жан серігім емес. Осы қосынның рухы еді! қазақта киелі дүние аздығымен құнды. Қарашаңырақ пен қара домыбрасын қарабасынан артық көрмесе, қазақтың несі қазақ? -деп толқып барып тоқтады!
Қосын Алтайға барғаннан кейін, бір ағашшы азамат сөкеңнің домбырасын бүтіндеп береді. Сонымен қоңыр домбыра Сұлтан қолында тағы Сайрады. Кейін соғыс аяқтағансоң қосын да тарады. «Қырық жылғы қырғыннан» аман қалған Сөңең де, қоңыр домбыра да аман-есен жан ұясымен қауышып, бақытты өмірін бастады!
***
Қожай Доқасұлы
Арада 60 жыл өткенде осы жазбаның авторы Сөңең (сұлтан Мәжит ұлы) омырынен филым алуға қарашаңыраққа бара қалды! Сөкең әлде қашан бақилық болған…Ілулы тұрған, Сөкеңнің қанды көйлек жолдасындай шанағы тыртық домбырамен қауышты. Сондағы жас жауынгер, сол кезде тоқсанды алқымдаған Қожай ақсақалдан осы хикаяны тебірене естіп қойын дәптеріне жазды…
Кенет ілулі тұрған домбыраның мойыны шорт үзілді де құлап қалды…
Қуаныш Ілияс
Соңы 2008-жыл