Сұлубай батырдың үңгірі
Сұлубай Сапыұлы мұнда мөлшермен 1943 жылдары бұл үңгірді паналап жатқан.
Алтай аймағы Шіңгіл ауданындағы Арманты тауы Сартоғай өзенін бойлап, Шығыстан батысқа қарай көлбей созылып орналасқан бас-аяғы 50-40 километр шамасындағы алып тау сілемі. Арманты Сартоғай ауылының 80 мың бас ірілі-ұсақ малы қыстайтын қыстаулығы. Бұл тау сан тарихтың куәсі. Талай қырғын соғыс та болған жер.
Біз Арманты тауының кезеңінен шығысты бетке алып, Дабан бұлақ Қамысты бастау сайдарын қырқалай өтіп, Шаянбай сайын өрлеп, кезінде батыр бабамыз сұлубай аяғына оқ тиіп жаралы болғанда бір жаз паналаған үңгірге келдік. Нақтап қараған адам болмаса оңай-оспақ көзге шалынбайтын шағын жартас түбіндегі аузы тар тұбы кең 4-5 адам кең сиятын ұзыны 4, кеңдігі 5 биіктігі 2 метр шамасндағы аузына ұшқат, тобылғы өсіп табиғи «Есік» қалптастырған шағын үңгір екен. Сұлубай САПЫҰЛЫ мөлшермен 1943 жылдары бұл үңгірді паналап жатқан.
Үңгір аузындағы тобылғыға кейінгі жұрт қастерлеп ақтық байлапты. Ал, маңайында бейне батырға орнатқан ескерткштей дулыға киген батырға ұқсайтын мүсін тастар көп.
Қапез ШАҒЫБАНҰЛЫ
6alash ұсынды