Сәулелі сәт әсері (Halo effect)

Димаш Құдайберген бала кезінде қандай оқушы болды деп ойлайсыз? Үздік пе нашар ма? Оның адамгершілігі, мінезі қандай деп бағалайсыз?

Бір қызығы, көп адамдар өмірде Димашқа кезігіп, араласып көрмеседе оны бірден оң бағалайды. Оны ешбір жамандыққа қимайды. Міне бұл адам жан дүниесіндегі артықшылық әрі кемшілік…

***

Балалар ойншығын өндіретін Lego компаниясы көпшілікке бейтаныс емес болар. Сол компанияның табысы молайып әлемнің алдыңғы қатарына шыққан кезде көп зерттеушілер талдау жасап, “Бұл өзекті өнімді баянды өндірудің нәтижесі” деп көкке көтерді. Кейіндеп, электронды ойындардың кең көлемде жалпыласуына байланысты Lego ойншықтарының сатылымы да азайып, кірімі құлдырай бастады. Сол шақта бір топ мамандар “Бұл бір сүрдектен өзгермей қоюдың кесірі” деп кескіледі. Егер сіз сол шақта бас директор болсаңыз не істер едіңіз? Қоғамдағы алуан түрлі мамандар мен білгіштердің пікірін қортындылай келе Lego компаниясының жетекшісі де бар күшті жаңа өнім өндіруге шоғырландырып, ойншық саласына жаңалық әкелуге көп күш шығарды. Бірақ компанияның кірімі тіпті құлдырады. Сол кезде “Legoның құлдырауы- бұрынғы жүрісінен жаңылып, жаңа түрлерге мән беріп кетуінен” деген мақалалар арт-артынан жарияланды. Осы кезде бұл компанияны кім басқарсада осыншама қарама-қарсы бизнестік талдаулардан есі шығып “Таспен жұмыртқаны ұрсам да жұмыртқа шағылады, жұмыртқамен тасты ұрсам да жұмыртқа шағылады” деген осы болды ғой деп шешім таппай дағдаруы мүмкін.

Бұл психологиядағы “сәуле сәт әсері” немесе “halo effect” деген ұғымның бизнес әлемінде өз ролын көрсетуі еді.

Мынадай қызықты жағдайлар болады. Егер көршіңізбен ынтымағыңыз жақсы болса оның малы жағымды, иті сүйкімді көрінеді. Ал көршіңізбен шығыспасаңыз оның малы да жалмауыз, иті де сумақы сезіледі.

Офицерлерге жаңа келген әскерлердің ішінен төзімділігі жоғары, мықтыларын таңдап шығуды тапсырғанда көбінде ұзын бойлы, шымыр денелілерді таңдайды екен. Демек адамның бойы мен төзімділігінің тіке қатынасы болмасада солай қабылданып тұр.

Бұл сәулелі сәт әсері өмірдегі кішігірім істерден тартып, үлкен саясатқа дейін өз ықпалын жасайды. 2011 жылы АҚШ-ында 11 қыркүйек оқиғасы туылды. Сол шақта кіші Буш үкіметі Ираққа соғыс ашты. Кіші Бушты бүкіл халық қолдады. Тіпті сол бірер жыл ішінде кіші Буш үкіметінің экономикалық саясаттары да жоғары қолдауға ие болды. Бұл адамдардың қолдауы дегеніміздің де олардың психологиялық шешімінің көрсеткіші екенінің белгісі еді. Әдетте ғашық еткен адамның әрбір қылығының жағымды, дұрыс сезілетіні сияқты, бір жағынан қолдау тапқан соң басқа істерін де көз жұма қолдау осыдан шығар еді.

2015 жылдан бастап халық кіші Буш үкіметінің өзге елге соғысын қолдамады. Үкіметтің сыртқы саясаты қолдаудан айырылумен қатар ішкі эконмикалық саиясаттары да сынала бастады. Тіпті приздентке деген баға-құрмет те соған сай көрнекті төмендеп кетті.

Адамдардың көпшілігі қарапайым түрде басқаларды “Жақсы немесе нашар” деп ғана бағалайды. Егер жақсы деген пікірге келсе барлық ісін қолдап, нашар деген пікірге келсе не айтсада терістей бастайды. (Абай атамыздың “көпте ес жоқ” дейтіні содан болса керек.)

Сәулелі сәт әсеріне компаниялар көп ұшырайды. Әсіресе компанияны бағалау кезінде егер бір компанияның кірімі жоғары болып, табысы өрлеп тұрса онда сол компанияның әр алуан шешімдері де дұрысқа шығарылады. Кейде осындай үздік делінген компаниялардың ортақ ерекшеліктерін жинақтап қортынды заңдылықтарды шығаратындар да бар. Бірақ оның пайдалану құны аса төмен болады. Үйткені “Басыңда күнің күліп тұрғанда кім мақтамайды” дегендей дәурені жүріп тұрған кезде не істеседе орынды, қағидалы сияқты сезіледі. Мұны қазақ “Байға тай мінседе жарасады” деген бір ауыз сөзбен ұрып алған. Ал кірімі төмендеген компаниядан мін табу тіпті де оңай…

Көптеген мамандар “компанияның басты бір өнімі болып, өзге салаға ауыспай тұрақты дамыту керек” деп қарайды. Жапонияның “7-eleven” компаниясы өзінің өзекті кәсібі қолайлы магазинге мүлдем қатыссыз банк ашуды қосқан кезде көптеген талдаушылар “бұл дұрыс емес” деп қарады. Тіпті компаняның өз ішіндеде қарсы көзқараста болғандар болыпты. Бірақ  “7-eleven” компаниясы үшін өз банк жүйесінің болуы аса көп табыс әкелді. Сол сәттілікті көрген соң енді қоғамдық талдаушылар мұны “Аса көреген талғам” деп атады…

Адамзат тарихында мәңгі дәурендеген патшалық болмаған, сол сияқты ғасыр бойы салтанат құрған компания да жоқ. Өмір заңдылығы бойынша алдыңғы толқынды соңғы толқын басып кетіп отырған. Бірақ “Жеңген-хан, Жеңілген-қарақшы” деген қағида өзгермеген.

Біз көбінде мәлім адам немесе компания туралы жұрттың бағасын білгіміз келеді. Бірақ тек ғана жұрттың сөзіне сенер болсақ, Гитлер жаһанда теңдесі жоқ армя құрған кезде оны көкке көтеріп қолдаған да сол жұрт еді ғой, жеңіліске ұшырағаннан кейін “Әлемдегі ең жауыз адам” деп бағалаған да осы жұрт емес пе?… Бәлкім ол жеңгенде тарих басқаша жазылатын шығар…

Сәулелі сәт асерінен құтылу қиын, деседе оның өміріміздегі қателіктерге ұрындырмауы үшін өз тұжырымымызға сынай қарауымыз, өз пікірімізді салқын ақылмен таразылауымыз керек. Көзімізге сұлу көрінген қыздың адал әрі пысық, ақылды сезілетіні бар немесе шығыспай қалған адамның өзімізге істеген барлық жақсылықтарын жоққа шығарамыз. Әдетте, 20-30 жыл қызық пен қиындықта бірге болған жұбайлардың ажырасып кетуіне осы психологиялық әлсіздіктер әсер етеді.

(Бәлкім, Halo effect деген ұғымды сәулелі сәт әсері деп алғаным оншалықты да дәл түспеген шығар. Кей атауларды аудару да аутқуды келтіріп шығарады. Деседе өз жан дүниеміздегі осындай ортақ әлсіздіктерді танып жеткен кезде ғана кемелділікке жақындай түсеміз.)

-Ықылас Оразбай