1 - Адмға қарап түкірме
2 - Адамды айналма
3 - Ақтың жуындысын ағып жатқан суға төкпе
4 - Ант (су) ішпе
5 - Ата-енең (қайынағаң) жатқан жерге жатпа
6 - Ата-енеңнің (қайынағаңның) төсегіне отырма
7 - Ауызыңды қолыңмен жаппа
8 - Аяғыңды жоғары көтерме
9 - Аяқ киіміңді төрге шығарма
10 - Балтаны аттама
11 - Басыңды босағаға қаратып жатпа
12 - Бейуақта жылама
13 - Бейуақытта кісіге көңіл айтпа
14 - Бейіт топырағын сәндеме
15 - Босағаға сүйенбе
16 - Біреуге ор қазба
17 - Босағаға тұрма
18 - Дастарқанды ашық қалтырма
19 - Дастарқанды баспа
20 - Дастарқанды қағазбен сүртпе
21 - Дастарқанды пышақпен қырма
22 - Екі езуіңді керме
23 - Ескі спырғышты отқа жақпа
24 - Есікті құшақтама
25 - Жақсы аттың тісіне қарама
26 - Жақсының жасын сұрама
27 - Жалғыз ағашты кеспе
28 - Жаман сөз айтпа
29 - Жаңа байығаннан қарыз алма
30 - Жас жұбайлардың төсегіне отырма
31 - Жаяу қамшыланба
32 - Жер ошақтан аттама
33 - Жер ошақты айналып жүгірме
34 - Жер таянып отырып ас ішпе
35 - Жеті түнде жүрме
36 - Жүреңнен отырма
37 - Жылқыны басына ұрма
38 - Жыңғылмен қамшыланба
39 - Киімді желбегей жамылма
40 - Киімнің жағасын баспа
41 - Көгалды таптама
42 - Көсеуден аттама
43 - Күйеуіңнен бұрын жатпа
44 - Күн бата жатпа
45 - Күнге қарап дәрет сындырма
46 - Күректің сабынан аттама
47 - Кірдің суын есік алдына төкпе
48 - Кісіге қарап есінеме
49 - Қараңғыда кигіз қақпа
50 - Қонаққа берер затты сол қолыңмен берме
51 - Құбылаға қарап дәрет сындырма
52 - Құдыққа тұкірме
53 - Құмырсқаның илеуін бұзба
54 - Құранды баспа
55 - Құр ерге мінбе
56 - Құстың ұясын бұзба
57 - Қыздың төсегіне отырма
58 - Малға қарап симе
59 - Малға теріс қарап мінбе
60 - Малды құр қол айдама
61 - Малдың желінген басын түнде лақтырма
62 - Мойныңа белбеу салма
63 - Мысықты ұстама
64 - Нанды тастама
65 - Нанның үстіне басқа зат қойма
66 - Оқтаумен баланы ұрма
67 - Отқа симе
68 - Отпен ойнама
69 - Отты теппе
70 - Ішегіңді тартпа
71 - Пышақты ауызыңа салма
72 - Пышақты ұшынан ұстама
73 - Пышақты шалқасынан қойма
74 - Саусағыңды айқастырма
75 - Саусағыңды шытырлатпа
76 - Суға (өзен, көлге) қарай жүгірме
77 - Сыпырғыны тігінен қойма
78 - Сыпырғыны көкке көтерме
79 - Табалдырыққа отырма
80 - Таңғы асты тастама, кешкі асты бақпа
81 - Таңдайыңды қақпа
82 - Таяқ таянба
83 - Тұзды баспа
84 - Тұтқыштан аттама
85 - Түнде түс жорыма
86 - Түнде үй сыпырма
87 - Түнде шаш алма
88 - Түн ішінде жылама
89 - Тырнағыңды егеме
90 - Үйге сыртыңмен кірме
91 - Үйді сабама
92 - Үйде ысқырма
93 - Үйіңе келгенге үйдей пәлеңді айтпа
94 - Үлкенге сыртыңды беріп отырма
95 - Шашты баспа
96 - Шашыңды жұлма
97 - Шашыңды отқа салма
98 - Шелектегі суға ауызыңды батырма
99 - Ыдысты теппе
6alash ұсынады