«Қарақас өткелі»
Бисімллә рахман-рахим!
Таудай тарихтың тыйнамдай бөлшегін жю, ұрпаққа ұсынуды бала жасымнан мұрат еттім. Бұл деректі 1994-жылы 90 жастағы атам шәшу Сіләмқажы ұлынан жазып алған едім. Бұдан бұрын да арамызда үзіп-жұлып айтылып жүрген әңгіме болсада, толықтауыш ретінде сіздерге ұсындым!
Осыдан тұп-тура 250 жылдың алдында, анықырақ айтсақ, 1770-жылдың жаз айында керейдің тағы бір көші Қалба тауынан Алтай тауына қарай бет түзейді. Бұйда ірікпеген салқар көш Жайсаң көлінің аяғындағы "құйған" дейтін жерге келгенде, бір шоғыр көш Ертстың солтүстік жағалауымен, енді бір шоғыр көш Ертстың оңтүстік жағалаумен жүретін болып ел екі бағытқа бөлінеді. Байқан, Барлыбай, Шұбас бастаған батырлар Ертстен елді өтгізіпті. Сонда, Байқан батыр тасып жатқан Ертісты байқап көрмек болып, қырық құлаш арқанның ұшынан ұстап «Абақ» ұранын шақырып қос атпен Ертіске түседі. асау толқынмен жағаласып ертстың аржағына өтіп, аман-есен қайта оралады. Мұны көрген ел осы араны өткел етуге бекиді. 100 жігітті 100 атпен үш күн жаттықытрған соң, Байқан батыр бастаған 1000 отбасы алдымен өтеді. Байқанның Ұлжан деген батыр байбішесі қаражал сары атына мініп, қаратамақ Найзасын оңгеріп, қарабурасын жетектеп бірінші болып суға түскен екен. Елдің бас-аяғы жеті күнде өтіп болған Ертстың осыбыр сәл қылылау тұсы содан бастап «Қарақас өткелі» аталады.
Байқанның елі Өр Алтай Көктоғайғадейін ірге кеңейтіп, өсіп өнеді. Осылайша халық аузында «Елдің аяғынан өткел алған, басынан жұрт алған, Патышадан барып қаракөк тас алған» ел аталып тарих бетінде Қала берді.
Қазыр қытайдың Алтай аймағы Қаба ауданынң қаратас деген жерінде «Қарақас түбегі», «Қарақас тоғамы» . Шыбынды, Үшаша деген жерінде «Қарақас асуы» деген жер аттары бар. Бұл бабалардың көш ізі, асқақ рухмен жазып кеткен тарихның бір үзігі еді!
Қуаныш Ілиясұлы
Abaq ұсынды