Авторға аз түсінік
Меден Кәмалиұлы (10.06.1945ж. - 10.06.2009ж. ) 1945 жылы 10 маусымда Қытай халық республикасы Шинжаң ұйғыр автономиялы обылысы Алтай аймағы Көктоғай ауданы Қаратүңке(қазыргі Қызылшілік) ауылында Тұрғын елді - мекенде діни отбасында дүниеге келген. Әкесі Кәмали, анасы Зүпіраннің тәрбиесі мен өмір кеңістігіне қанат қағады. Қатал тағдыр12 жасында әкеден, 25 жасында анасына айырады. 11 жасына дейін әкесінен толықтай діни сауат алып шығады, кейін мемлекеттік емтихан сынақтарынан сүрінбей өтіп, үздік нәтижемен «дипломды молда» дәрежесін алады. Ұлы әкесі Әбдыразықтан жалғасқан қасиетті Құран ілімімен халыққа қызмет көрсетеді . Әкесі Кәмали мектеп ашқанда тек діни әрі ғылымый тұрғыданда сабақ беретін, мектеп ашуға халықта Масайыт аталарымыз бастаған ел ағаларыда қолғабыс тигізіп, ұрпақ санасын ашуға ат салысқан. Орны Сартоғай Шатыртас деген жердің аяқ тұсына орналасқан. Ел-жұрыт 1933 жылдары ашылған бұл мектепті «Ақ мектеп»деп атап кеткен. Қанжыға аталарымыздың ұрпақтары қалай білім алғанын әлі күнге дейін әңгімеге арқау ететін. Кәмали атамыз 1958 жылы қыркүйек айының соңында, оңтүстіктегі мал қыстауы Қарамайлы деген жерде Қапұрыш батыр бастаған «Тайқазан» яағыный ортақтасуға қарсы, дініміз, ғұрпыз үшін деп жүріп жау оғынан қаза тауып, сол жерге жерленген, Зкидің әкесі Зейналғабит дегн кісі жерлеуге ат салықан, содан ол қытау «Кәмали қыстауы » атанып кеткен. Тепсе-темір үзетін жастық шағы Қытайдың «Мәдениет зор төңкерісі» деп аталатын солақай саясатықа тұспа-тұс келеді, осы он жылдық аласапыранда тепкіде жүрседе еңбекқорлығы мен зеректігінің арқасында да асыл дінін ұмытпай, тектілігін көрсетіп, атадан бойға дарыған өнері шебер ұсталығын, ақындығын, дарынды күйшілігін, тілінен тікен тайған шешендігін жалғастырып дамыта береді. Кейін заман жақсарғанда халықтың діни сауатын ашып, бала тәрбиелеп ауылдың силы молдасы атанады. Халық осындай Мәйті би, Жотақажы, Әбдіразық, Кмалаи сынды ата-бабалыр салған мектеп медіресе ашқан сара жолымен жүргені үшін халық: «Меден мектебі »,-деп атап кеткен Сол кездері ауыру-сырқау, көмекке мұқтаж жандарға халықтың ұйытқысы болып, көмекқолын созып отырған. Ел ішіндегі дау-дамайды ел силаған ақсақал ретінде шешім беріп, ретке келтірген. Халықтың мұң-мұқтажын билікке жетізіп ауылға жол, көпір салуға мұрындық бола біді. Ұрпақтарына оқу оқып, білімді болуға шамасы келгенше ақыл-кеңес беріп, қанаттандырып отырды. «Қытай қазақтары» деп аталатын кинода қазақ күйшілік өнерін көрсетеді. Сонымен бірге аудан көлеміндегі ақындар айтысында ақындық қырымен халыққа танылса, «Қызқуар», «Қарайғыр», «Бұлбұл» қатарлы күйлері Шыңжаң телевидениесінің «Алтын қорында» сақталған. «Ауыл мекені», «Толғау», «Не ыстық», «Қанат суылым», «Арман», «Үміт», «Аға ақынға арнау», «Сәлемдеме» қатарлы көптеген өлеңдері және «Жота қажы», «Марқадық батыр» туралы тәрихи еңбектері, қолжазбалары бар.
Меден Кәмәлиұлы жұбайы Әсемхан Хақанқызымен шаңырақ көтеріп 7 ұл, 3 қыз тәрбиелеп, өзінің имандылығын, еңбекқорлығын, өнерін ұрпақтарының бойына дарыта білді. Артына өшпес із қалдырған қамқор әке, бес уақыт намазын қаза қылмай, 2009 жылдың 10 маусымында өзінің дүниеге келген күнінде өмірден озды. Жұрттың бәрі атын атамай «Молда ата» атап кеткен Меден Кәмәлиұлы мәңгі ел есінде.
Мәйтіби Жотақажы (1820-1904)
( Түсіпхан ҰЛЫҚПАНҰЛЫ сызған)
Жотақажы (Жуанған)
Халықтың сұлтаны, әулиенің шолпаны Мәйтіби Жотақажы (1820-1904) Әз Жанібек хан , Әз Тауке хан , Әбілмамбет хан, Есім хан, Қасым хан, Абылай хан сияқты қазақ ұлтынан талай ардагерлер өтті... солардың жалғасы Машан батыр , Мәйті би, Жота қажы (Азан шақырып қойған аты Жуанған) осындай тұлғалар жауына жай оғындай атылса, туған ел туған жеріне ақ ниетін ақтық деміне дейін арнағандар. Бұл аталардың жасап өткен заманы қандай?
Мұзға туып, қардан жауып көрпесін ,
Қысы жазы жау келгенде үркетін.
Құндақ етіп желген атан өркешін,
Күнде тастап тұра қашқан күркесін.
Пулеметтер оқты судай бүркетін,
Отқа қақтап жұдырықтай сіркесін.
Жейде ыштанын жылына бір сілкетін,
Жау найзасы жанашырын түртетін.
Көздің жасын күнде он уақ сұртетін.
Қол бомбының тартқан кезде білтесін,
Бұл паниден барлық жұмыс бітетін.
Бомбы басып ұшақтары ұшатын,
Жер қабатын жүндей жұлып түтетін.
Таңкі бастап күндіз келсін, түн келсін,
Тау блсада табанына түсетін.
Ұлты үшін кім болса отқа түсетін.
Сол сұмпайдың түрмесіне түсетін.
Осындай қилы заман қянкескі өмірден жол тапқан, өзінде өзгеніде құтқару үшін жорық жасап жол тартқан бабалар- ай десеңші. Шешен дауда, батыр жауда , ақын айтыста, балуан күресте, ақыл-парасат ірі істе, тұлпар жарыста сыналған. Оысндай өмір сыннан өткен Мәйті би Жота қажы ата тегінен бастап ел билеп, көк тас алып көзге түскен көрнекті ел иесі. Енді мен Мәйті би, Жота қажы туралы аузы дуалы қариялардан естіген, кітаптардан көрген білегнімді ортаға салмақпын.
13 ғасырда Шыңғысхан зобалаңынан ауып кеткен ел 1787 жылы Абылайхан өмірден өткен соң Жанібек батыр Бердаулетұлы бастап көшіп шығыста Қалба тауына келіп орналасып, 1791 жылы Жәнібек батыр қайтыс болып, ел Қалба тауынан 1792 жылы көшіп Алтай, Сауырдан өрлей 1797 жылға дейін Өр Алтайға келіп орналасады. Сол кезде бұрын жұрт иелеп отырған Моңғылдар оғай орын бере қойсынба, Мәйті би әкесі Қалқабайға ілесіп, елдің көзіне ерте түсіп, ел алқауына бөленген. Сондықтан елін аңсап, атаменкенге көшті бастап келген сөзге шешен, іске көсем Қалқабайдың төрт баласының ішіндегі ақыл парасат иесі осы кісі болған. Қалған Тәйті, Кішкене бала, Ұтқын қатарлы балалары малға қарайтын адам керек болғандықтан мал бағумен айналысқан. 1792 жылдарда ел алтайға қайта келіп, Қаба, Жеменейден бері екі жыл тұрып, Алтайдың Қаражартас деген жеріне келгенде Қалқабай атамыз қайтыс болып, сол жерге жерленген (Зираты Буыршында дегенде мәлімет бар). Ол кісі қасиетті кісі болған індет тиген малдың төлі, ұшынған адам, босана алмай толғатқан әйелдерге, олксінің Алладан тілеген дұғасы қабыл болып жазылып, жеңілдік берген. Машан батыр атамыздың қабірі Қазақстанның Зайсан ауданы Маңырақ тауы Шағаноба шегарасында. Қалқабай атамыз дұние салғаннан кейін Мәйті Жота қажыны ертіп, жер шалып моңғылдардың аужайын түйіп, Өр Алтай өңірін аралап барғансоң Өр Алтайға күз айларында көшіп, Ертіс, Үліңгір бір жағы құм даладан тартып жылжи-жылжи көктоғай жеріне келгенде аты мәлім емес моңғолдың бір ханы оба тіккен жерге келгенде (қатыны оба тіккен жер) моңғолдар өрлетпей қояды. Мәйті бй Жотақажы еліне былай депті: «соғысқан мен болмайды шаған таяп қалды, шаған мерекесінде моңғылдар бәрі мас боп тойлайды, сол орайды пайдаланып жоғары өрлеп өтейік»,_ дейді, солай айламен өтіп наурыз айында наурыз мерекесін тойлайды. Мәйті би Жуанған Көктоғай жеріне келгенсоң жер маселесі үлкен дауға айналып шешуі қиындайы. Молқы руының биі Мәйті, Қарқас руынан Тілеу биді, Шақабайдан Тары биді, Шерушіден Жылқышы, Сарбастан Буратай қатарлы кісілерді шақырып, ақыл қосып: «Тәуекел түбі жел қайық өтесің де кетесің. Моңғылдардың арасына кірейік»,- деп тұс-тұсынан кіріпті. Майті би бастаған елдің кіруіне Моңғолдар шыдай алмай , Сартоғайдың Шатыртасының аяқ жағындағы аралдағы Сар залыңға барып: «Қазақтарды қондырмайық, бұларды қуып шығайық»,- дейді. Моңғылдың шабармандары бұл хабарды Мәйті биге жеткізеді, көшпесе соғысып қуып шығатынын айтад. Сонда Мәйті би: «бұл жер біздің ата-бабамыздың мекені, Шыңғысханның 1204 жылдардағы соғысында біз ауа көшіп айырлдық, қазыр соғыс аяқтады киз турлықты тегіміз бір халықпыз, төсекте басымыз қосылмасада, төскейде малымыз қосылып ортақ мекендейік»,-деген сөзін Сар залыңға жетізуді айтады. Әрі елдестірмек елшіден деп, қазақы қонақжайлылық танытып ақсарбас айтып сойып елшілерді еліне қайтарады. Елдің қамын ойлаған Мәйті би бастаған ел ағалары бірнеше күннен кейін, бір ат жетектеп, Сар залыңға барып, ұзақ сойлесіп, ақыры бітімге келеді. Шарт жасасады.
1, Аты-жөнін айтпай албаты адам жүрмеу.
2, бір-бірінің мал-мүлікіне зиян жеткізбеу.
3, Ауыл маңынан албаты ағаш кеспеу.
4, Қазақтардан кісі қайтыс болса, Сартоғай өзені маңына жерлемеу(Қазақтар келіспеседе, Моңғылдар көнбепті. Сартоғай солтүстігінен бес шақырымдай қазыргі Беитті сайға жерлеген. Майті биге қарасты Дүйсен атамыздың бір баласы Мойнақ ақсақал Бейтті сайға жерленген.)
Осылайша Қазақ пен Моңғол 1837 інші жылға дейін көшіп, қонып шығысып берекеде отырыпты.
1837 інші жылы Мәйті би Көктоғай көлі жағасында науқастан қайтыс болып, өзі өсиет етіп айтып қалдырған Көктоғай көлі жағасынағы, Қозы Көрпештің әкесі Сарыбайдың зиратының оңтүстігіндегі бір шақырым қашықтық шамасындағы жазықа жерленеді. Марқұмның жаназасына Бурылтоғай, Шіңгіл қатарлы ат аяғы жетер жердің бәрінен естіген халық жиналып топырақ салыпты. Мәйті би көз жұмарында он екі керейдің ақсақалдары мен ел ағаларына : «Мен елімді Жуанғанға тапсырдым, Жуанғанды барлық халыққа тапсырдым, береке бар жерде, мереке бар»,_ деп иман айтып, өсиет қалдырыпты. Он екі керейдың және өз ауылының зәңгі, залыңдары , ауыл ақсақалдары Мәйті бидің жетсін өткізіп, аулдарына қайтар кезде дүйім жұртты жинап, кезегімен сөз алыпты. «Мәйті би көзі тірісінде Молқы баласын балапандай баулып, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, әр қандай қиын сәттерде жол таба білді. Бүгін дәм-тұзы тасылып фәниден бақиға аттанған Мәйті бидің жетісіне жиналып отырмыз, келген қадамдарыңызды сәуаптан жазсын. Ендігі мәселе орнында бар оңалар»,- деп дүйім жұрттың алдында: «Мәйті өсиеті бойынша Жуанғанды ел иесі етіп, қалған елге тиянақ етейік»,- деп бір ауыздан мақұлдасып тарасыпты.
17 жасында билік алған Жуанған бала күнінен әке тәлімін көріп өскен Мәйті бидің қара қылды қақ жарған жолын жалғастырады. Бір жыл бойы Мәйті бидің торы атын тұлдап (өлген адамның жақсы көріп мінген атына көшкен сайын ерін ерттеп, тымақ, күміс белбеу, қамшы, ішік, дулыға, сауыт-сайман, асатаяқ, сәлде, оқшантай, мойын салы т.б заттарын ат үстіне іліп, жауып жыл соңында жақын силы адамдарға таратады, атын асына сойып, қаралы ту түсірлген), көш алдында жетелеп, екі айел адам кезегімен сай сүйекті сырқыратып жоқтау айтып отырған. Жыл уағында ат шаптырып, асын беріп, қаралы ту түсірген. Осыдан бастап Жуанған - Жуанған аталып ел тізгінін қолына алады.
Әр қандай іске әділ шешім жасап, дау шарларды алдына екі келтірмей шешіп, Өр алтай еліне таныла бастайды.Моңғылдар Мәйті би қайтыс болғансоң, бұрынғы шартты бұзып, адам мен малғада тиісе бастайды. Жотақажы қанша насихаттап тоқтатсада, Моңғылдар ескі әдетіне қайта басады, мал ұрлану өрши бастайды. Онымен қоса жау жағадан алғанда, бөрі етктен алады демекші, жылқыға секіретін, дөңбекшитін және маңқа қатарлы бірнеше індет тиіп жылқы қырыла бастайды. Ел ішіндегі емкөстер бала кіндігі, баланың кіші дәреті(Кішене жастағы ербаланың кіші дәреті, жүйрік аттардың аяғы іскенге құйса, ара шққан жерге жақса шипалы, тіпті у дыңда уытын қайтаратынын көрдік... ), жыңғыл, қан алу, кеужірінен бұзу, алмас, у қорғасын, қара қорғасын қатарлы қаншалаған ем істетіп быраз шығынды азайтады, төбегейлі тоқтамайды оның үстіне Алтай, Көктоғайдың қысы қатты суық болып, кейде ит қатып өлетіндей суық болып, мал мен адам шығыны бола бастайды. Мал шаруашылығын арқау етіп отырған ел-жұрттың ау жайын байқаған Жотақажыға шешуге тисті үлкен мәселенің бірі осы еді. Жылқыны бір жыл сынақ ретінде Моңғол жеріне қыстатуға Марқадық, Қомшабай, Ыраздық қатарлы кіслерді жіберіп жылқы күйлы қайтады. Өткен-кеткенді болжай отыра “Қашқан жаудан, көшкен жұттан құтылады”,-дегенді түйіндей келе мысырдың Руияншаһи патша тұсында 12 жылдың алтау жұт болып, алтауы берекелі жыл болыпты.Олар Үйсіп пайғамбардың айтуы бойынша берекелі алты жылда астықты мол қамбалап, соңғы алты жылда соны ішіп жепті. Кейбір елдер мысырдан астық сұрап жан бағыпты. Жұт үнемі болмайды, 12 жылдың алтау жұт болса, алтауы ондай болмайды. Жұлдыз ғылымының да баяндауындада бір жылда туылытын жұлдыз, үш жылда бір туылатын жұлдыз, бес, он... жетпіс жылда, жеті мың жылда туатын жұлдыз болады делінген. Ауарайының ыстық, суығы сол жұлдызға байланысты болғандейді. Біздің “УТ” деп жүргнніміз арапша “ Уһыт ”,“Сары атан зауза” “Жауза ”деген жұлдыздар. «Сары атанға мінген Зауза қыз үсіп өліпті»,- ндеген аңыз бар амал ретінде айтылады бұл шындыққа жанаспайды .
Осындай себептерге байланысты Жотақажы бастаған ел 1842 інші жылы Моңғолия жеріне қоныс аударып, жылқы індеті тоқтағаннан кейін, 1856 інші жылдары Көктоғайға қоныс аударады. Алайда Моңғолдар қоныстануға қарсы шығып, Мәйті би мен Сар залыңның келісімін елемей, Моңғолдар Сартоғайдың Бәйге төбесіне жиналып соғысамыз дегенсоң, Жотақажы бастаған азаматтар қан төгіске жол бермей, ақыл мен шешуді ортаға тастайды. «Соғыста адам мен мал мүлік шығын болады, жесір мен жетім көбейеді, шығынның бәрін көтерсіңдер» соған келіссеңдер қол қойыңдар»,- деп. Шың патшалығы беген таңбаны көрсетеді. Сонымен Бәйге төбе басында үш қазақ, үш моңғол жекпе-жекке шығып, елдің жүгін арқалап алдыға шығады. Сонымен қазақтардан Марқадық, Шана, Сағындық қатарлы сайдың тасындай мықты азаматтар сурылып ортаға шықса, моңғолдан Сорғул, Оралта қатарлы сорпа бертіне шығатын мықтылары ортаға шығады. Марқадық сойылды төс жара құлашқа жетпейтін(қысқа сойыл икемді ат үстінде), ал Сорғул ұзын етіп дайындалып ортаға шағады, а дегенде Марқадық Сорғұлдың ұзын сойылын қағып ұшырып, өзін жаурыннан ұстап көтеріп, алдына өңгеріп шаба жөнелгенде Сорғұл қан құсып, екі қабырғасына ердің қасы кіріп, ырғап қалғанда қабырғасы күйреп кетіпті. Дұшпаннына қан құстырды деген содан қалса керек. Сол қалпы төбенің басына шауып шығады. Дұйім жұрт сүйіне қарап елі үшін туған ерге батасын жаудырыпты. Дұшпаннан байгені ұтып алған азаматтардың құрметіне осы төбені “Бәйге төбе” деп атапты. Екінші шыққан Шана қамшігер екен Оралтаны қамшы мен бір тартқанда ол орыннан тұрмай қапты. Екі рет ұтылған моңғолдан Оралтаға ешкім шықпай еңселері түсіп кері қайтыпты. Байге төбе Сартоғайдың Шатыртас елді мекенінің аяқ жағында екі шақырымдай жердегі төбе. Осылай жер мәселесі шешіліпті.
Кейін тағы уадеде тұрмаған моңғолдар, тағы қиғылық сала бастағанда Жотақажы моңғолдың Ламжа төресіне барып, көп әңгімелесіп, ең соңында жасы 8ден төмен, 5тен жоғары 100 қара түсті атты моңғолдар сұрайды, қазатар таба алмай ұтылады,-деп шарт қояды деп. Елдің қамын ойлаған Жотақажы бұған келісім береді, бірақ 99 ат табылып бір ат табылмай тұрғанда, Машанның бір баласы Малқараның ұрпағы Сәрсенбі бір қара атты жетелеп алып келеді. Сыналар шақта қасынан табылған Сәрсенбіге Жотақажы 100 тұсақ қой айдатып қайтарыпты. Осылайша Жотақажы Ламжа төренің тамақ істейтін қазанының ошағы үш тастан екенін қырағы көзі шалып, аурлығы Жотқажының сары атаны арең көтеретін Уызбай мен Ошақпайға осы ошақты соқтырып, 100 қара атпен ошақты ел мен жерді ұрпаққа иелеп қалу үшін сертінде тұрып Ламжаға табыстапы. Осы мен бұл мәселе шешімін табады.
Жайлау таудан басы Шіңгіл аяғы Балертіс аралығы, Көктоғай, Тұрғын, Сұпты, Кұрты, Қаратүңке, Жалғызқұдық, Сарбастаудың аяқ жағындағы жалғыз құдықты Нұхыйлға қаздырап, су шығарған. Жалғызқұдықтан Өндірқара, Сартоғай кілемтасына дейін, Бәйтіктен Аралқұм, Аштысуға дейін, Қарамайлы, Күрең, Ағдала қатарлы жерді иелеген.
Кейін Шақабай мен Молқы арасында бір рет жер дауы шығып, Марқадық Әтік Асқарды ұрып жығып Сартоғай өзен шегарасын бекіту мен бұлда шешімін тапқан. Екі ел арасындағы дауға Қарақастан Доғалы, Көнсадақтан Іргешпай бастаған бастаған кісілер, араша болып, әділ төрелігін айтқан.Қоныс шегарасын бөліп, қара төбенің бетіне ақ таспен жазу зазған, алыстан қарғанда кілем секілді көрінгендіктен «Кілемтас» атанып кеткен. Міне осындай ел арсындағы араздықты Жотқажы кеңі мен толғап шешіп отырған. Доғалы мен Іргешпайға оы еңбектері үшін қыстаулық жер бөліп берген. Бері келгенде Қарақастан Оспан, Сыдық, Қаражігіт . Көнсадақтан Төртбай, Садыр, Іргешбайауылдары Шақабай мен Молқының арасына орналасу себебі осылай екен. Қарамайлыдан қыстау бөлісуге Доғалы Қалым мен Қасымды шығарған. Жотақажы көнсадақтан 17 жастағы Байырпанды шығарған, Жотақажы Қарамайлыдан мал қыстайтын бір неше қора алған. Байырпан «Жаман адырдың» «Көң қорасын», Қарақас Қасым «Қасым қарасын» алған. Ғалым да сол жерден өз үлесін алған. Қалған он екі керей жерді кейін алған. Мұның себебі ел моңғол жерінен ілгерінді-кейінді келген. Жотақажы бастаған ауылдар 1856 жылдар , қалғаны 1922 жылдары келіп болған. оның себебі 1922 жылға дейін сырыт моңғол Шың патшалығы окіметіне қарайтын. 1922 жылы Алтай Көктоғай бір аймақ болып құрылып, Шинжиаңға қараған. Сырт моңғол өзі дербес мемлекет болып кетеді. Кейін моңғолдан асып Шіңгілге келгенде Шіңгілбай туылып, аты осындай тарихқа байланыты қойылып, кейін зәңгі атанады. 1940 жылы бұлғын соғысында Тұрдыбай, Қақыш, Шәкер би зәңгілер мен бірге моңғолияның Махантас шегарасына (жастабына) елшілікке барып қолды болған. Қазақтардың алтайңа келгені сияқты, моңғолдарда сыртқы моңғолға көшіп бірте-бірте азайып кеткен. Шаңхан деген жерде Тары бидың асын Жотақажы басқарған, осы аста байге болып Ламжа төре күрең ат, шұбар ат, кертөбел ат , көкбас ат қатарлы төрт ат қосқан, ат айдауға Доғалыдан сегіз, Ламжаданда екі адам барады. Жолда Доғалы жіберген адамдар, Шаңханның қысаңында моңғолдардың көптен бері әділетсіздін, өзі істегенін өзіне көрсету үшін, екі моңғолды, көкбас ат пен кертөбел атты ұрып жығып, шұбар атты ұстап алып кетеді. негізі шұбар атты құнан кезінде жоғалтып алған Доғалының аты еді танысада моңғолдар мойындамай, бермей кеткен. Осы байгеде Ламжаның күрең аты алдымен келіп, бас байгенің жүлдесіне тігілген 9 түй бастаған жүлдені алады, көп ұзамай бұл жердің өздеріне жайлы болмайтынын сезіп Ламжа төре бастаған көп санды моңғолдар сыртқы моңғолиаға бір жола қоныс аударады. Кейбірі алтайға қоныстанған. Азсандысы Көктоғай, Шіңгіл қатарлы жерлерге шашырап қоныстанған. Осындай Жотақажының жол нұсқауының арқасында кең жершге еркін иелік етіп, жайлап, қыстайды. Машан молқы ішінде Айтуған Төлес бастаған 30 адам Жотақажы ауылына, келіп үш күн жатып, екі түйе сойып қонақ еткен, қайтарда 30кісіге, 30 бие жетелетіп, Өндірқараны, Балертіс пен Жіңге- Қайырты екі аралын, оңтүстікте Құм қыстауына дейін мекндеңдер деген. Шіңгі елі келгендеде 100 жылқы, 300 қой ерулік айдатып жіберген. Басқа да аулына келіп, көмек сұраған жандарға си-сияпат жасап қайтарып отырған, неткен сабырлылық, неткен мәрттік екен деп тамсанбай тұра алмайсың.
Жотақажының шарапты
Жуанғанның Жотақажы атануы бекер емес, екі түрлі жағдай негіз болған. Бірінші: үнемі жотаға шығып кеңес құруы. Екіншіден: жауырын шығыңқы жотасы кұржиып шығып отыратындығы. адамдарға тіке қарамай отыратығынан Жотақажы атанып кеткен. Ол кісі адамға тіке қарамайды, сұқ саусағын көрсетіп сөйлемейді екен. Бұған душар болған адам дұрыс болмайды екен. көзінің де сөзінің де киелі екенін сезіп, содан сақтану үшін кепеш ішінен сақтық үшін шыт пен көзін күлегейлеп жүреді екен.
Алты жасында әкесі Мәйті бидің нұсқауы бойынша, медіресе оқыған, арап, түрік, парсы тілдерін еркін меңгерген, он үш жасында ел ішіндегі дау-шараларға араласқан, Қашқар, Тұрпан, Тәшкент қалаларын өзі көзден кешіріп, осы қалалардан ұстаз алдырып кейін Қайырты, Тұрғын, Күнгейті өңірлернде медіресе ашып халықтың сауатты болуына үлес қосқан. Кейбір жағдайы келмеген адамдарды өз қаражатымкен оқытқан. Мыне сол тәлім алған шәкірттерінің, бірегейі ағартушы, ақын, дін көсемі Ақыт Ұлімжіұлы Қарымсақ тегі еді.
1882 жылы қаңтарда қытайдың мәншің үкіметі арқылы батыс сібір губернаторына хат жолдап, өзі мен Жәңгір есімді молдаға алты айлық мерзіммен Меккеге барып қайту паспортын сұраған. Өтініші үш ай ішінде қабыл болып, төлқұжатын алып қуанған Жуанған 1883 жылы қажылық сапарға аттанады. Қажылықтан қайтып келгеннен кейін көрген, білгенднрін Өр Алтай халқы мен бөлісіп халықты хақ жолына шақырады. Жотақажы қажыға барарда Машанның бір баласы Малғара руындағы Сарсенбі «Менде қажыға барам »,-деп өтініпті. Бірақ Сарсенбі қажыға аттанарда төменгі алтайдағы ұзатқан қызына барам деп , қажыға бара алмай қалады. Үлкен қажыға барғандар күз кетіп, жазда ел Қашқырты жайауында отығанда қайтып келеді. Ел жұрыт қуана қарсы алады. Бірақ Сарсенбайдың бақилық болғанын естіп, Жуанған құрбан айттың бірінші күні Кағбаға барып құлшық істейді, сол күні түсінде Сарсенбайды көреді. Тор айғырын мініп«Ай қажы менде келдім »,-деп қуанады, Байтолланың босағасына «Алтай Көктоғайлық Малқара Сарсенбайқажы» деп жазылғанын түсінде көріп оянады. «Сарсенбайдың тілегін бармасада Алла қабыл етті»,- деп дұға қылыпты. Бір кезде Мәми бейсы Абай ауылынан бір оқымысты әкеліп, бала оқытып жатыр дегенді естіп, Жотақажы «өз көзі мен көрейін, ұнап жатса менде баламды оқытуға берйін»,- деп келсе, әлгі Сейқамза есімді молданың бір қолында кітәп бала оқытып, бір қолындағы темекіні көріп, Жотақажы Мәмиге «мен оны білім жаққалы келген ғадым ба десем, темекенің тұтіні мен улағалы келген залым екен. анаған амандаспаймында, балада оқытпайым. Мұндайлар халықты улайды»,-деп аттанып кетіпті. Ол кезде темекі тартып, арақ ішкенді біле бермейтін, осындайлардың кеселінен белең ала бастапты.
Жотақажы айтқаны келетін бір сөзді, аулиелігіменде ел есінде қалған. Шақабай Тары бидің асынан бір күн бұрын жер ошақ қоңырсытар күні, моңғылдар бір палуанын қазақтарға сес көрсетіп, ауызынан көбігі шашыраған шынжырлап ноқталаған, екі жағына үш-үштен алты адамды жұлқа тартқан палуандарын алып келіпті. Қазақтар жағынан: «бұған кім сай келер екен»,- деп адам таппай абдырап, сасып қалыпты. Сонда Жотақажы 19 жастағы Қажыбала Байжұмаұлы деген палуанды шақырп, батасын беріп, атқа мінгесіріп, ұрандатып шршы топтың ортасына алып келдіріпті. Қажыбала белдескеннен-ақ көп айландырмай моңғол палуанын алып соғыпты. Жығылғыны соншалықты анау орынынан тұра алмай жатқанда , намыстанған моңғолдар тепкінің астына алып өз палуандарын тастап кетіпті. Үлкен ас күніде моңғолдың тағы бір шынжырлаған палуанынын Жотақажыдан бата алған Қажыбала тағы қаңбақша алып соғады. елдің намыс туын желбіреткен қазақ палуанына моңғол палуаны айтады дейді: «Сен мені күшің жетіп жыққан жоқсың, Жотақажының батасы мен жықтың, менде осал емес ем, ос күнге дейін жауырыным жерге тимеп еді, Жотақажыда шарпат бар екен»,- деп үастың үшінші ат шауып бәйге беретін күні Қажыбаланың анасына бір қоржын көйлек, ормал силығы бар, өзіне бір жирен ат мінгізіп бір қонып жатып ертесі аттанар алдында шәй ішіп отырғанда анасының біртай қазан қайнап тұрған құртты көтеріп қапқа құя салғанын көріп: «Палуандық сенде емес анаңда бар екенғой»,- деп дала заңын ұстаған сахарның ұлдары екенін дәлелдеп, достасып аттаныпты.
Мәми бейсі төрт би төрені сайлау үшін 12 керейдің билерін шақырып үлкен жиналыс ашады. Жиналыстың салмағын шамалаған билер үнсіз отырып қалады. Сонда босағада отырған жас бала сілтідей тынған үнсідікті бұзып: «Рұқсат болса бәріңізге Ассалаумағалайком деп сәлем берйін»,-деп артынша сөйлей жөнеледі.
Я аталар тегіс жайланып отырдыңыздар,
Айтар сөзге неліктен тосылдыңыздар.
Төрт би төре болатын кісінің,
Көп қарадыңыздар бетіне.
Бетіне көп қарамай,
Қарасақ жөн ісіне.
Әділдігін айта алмай,
Ауытқыған ксі ме?
Асқар таудай алдыда,
Отырғанда аталар.
Ата тұрып сойлеген,
Сөзімде үлкен қате бар.
«Менің сөзім бітті»,-депті өжет жас жігіт.
Сонда Мәми:
Әсем болсаң аспаққа асыласың,
Бәсең болсаң байгеге қосыласың.
Бұл жас жігіт кім болды екен,-дейді.
Отрығандардың бәрі Қайрақанға батасын беріп, болашағынан көп үміт күтеді. Қайрақан шешен деген ат осыдан бастап ел есінде қалыпты.
Екінші сөзді Базарқұл Байқадам алады.
Сөз аяғын Жотақажы алып:
Сонда Құл молқы Дөнен би білай дейді:
Молқының биі Жуанған,
Тұлпар мініп ту алған.
Бытырап жүрген Молқы атаң,
Алтайға келіп құралғанған.
Бір үйге бәрі жиылса,
Кеңесі сонда дамиды.
Шеруші биі Ақтайды.
Ал Арғынды жақтайды.
Өр деп сөйлеп береді деп,
Жылқышыны мақтайды.
Қарақас биі Тасыбай,
Басынан тұман ашылмай.
Теке, Сөке билігі,
Кетер болды басылмай.
Ителі биі Тұрымды,
Ұрынбасқа ұрынды.
Өз ұрлығы шыққансоң,
Кімге айтарсың сыныңды.
Шыбар айғыр Өсербай,
Сарсеркедей көсем ай.
Дариядан серке өтпей,
Айдаған қой өтерме -ай
Кей биге айттым төтесін,
Жетілітсін Алла жетесін.
Бәрін айтып нетесің,
Ел үшін еңбек өтесін.
Деп сөзін тоқтатыпты.
Осы реткі мәжілісте алқалар Жотақажыны төрт бидің бірі болды дегенде, біздің отбасылық санымыз аз деп өздігінен би болудан бас тартыпты. Жотақажы 12 керейдің жиналысының соңын түйіндеп, Төбе бигеде, Төрт бигеде басқа билергеде бойсыну барысында кімнің айтқаны шындық, соны қолдайық. Ақыл мен іс қылсақ халықтың нағыз ұйтқысы боламыз,- дейді.
Кейін Айтуған молқы Доданқажы 1790 жылы Құл молқы Мәншің үкіметі Тайтасқа берген шен-шекпенін Жотақажыға алып беріпті. Осыдан бастап Жотақажы төрт молқыны билеген, Мәншің өкіметіне хат жазып кісі жіберіп сайлаған Өр Алтай халқының серкесіндей ел бастаған елеулі болып атағы аспандай беріпті. Таңбаны Молқыдан Жанторы, Жәнтекейден Барлыбай, Шерушіден Шобаш, Қарақастан Байқан және Әбілпейздің кіші әйелі Тұмар ханымнан (Сәмен, Жабағы Әбілпейздің Тұмар ханым мен бірге жіберген балалары) туған 12 жасар Көгедайды Абақ керейдің төресі етіп сайлайды. Цин империясының астанасы пекиннен Сәмен мен Жабағы Еженханнан таңба алып келеді. Халық ауызында:
Көгедайды көтеріп,
Көктеменің кезінде.
Көкпектіде отырғанда,
Көк қасқа тай сойып.
Көп тілеу тілеп ,
Хан жолына аттанды.
Деселінсе, Көнсадақ Ахымет ақын мұны:
Барлыбай , Шұбаш ерген Көгедайға,
Жанторы, Байқанда бар осы жайда.
Еженхан Көгедайға мәнсап беріп,
Ұқсады Абақ елі туған айға.
Жотақажы төрт-түліктің аталықтарын ауыстырып мал тұқымын сапландруға арқашан көңіл бөліп отырған. Жылқы үйірінің тұқымын алмастыру үшін Көгедай төреге хат жазып, Үмітқали мен Айтпайды жіберіп асыл тұқымды айғыр сұрайды. Көгедай Жотақажының бұл ойын құп көріп , Көкқасқа айғырдың мінер жағына төре таңбасын басып, әрі жылқыға басатын бір таңба силап , ол төре таңбаны (Суреті бар... )
Жотақажының малына басып жүруді айтады. (Осы төре таңбаны біздің әулетімізде де ірі қара малына басатын, себебі жақсы ырымға баласа керек. Қара шаңырағымызда бар осы таңба) .
Ал қойды оң құлағының артына сыдырғы, сол құлағының алдыңғы жағына ойық ен салатын, сол жағаына төтеше
әріпті таңба басатын. Ы.М). Көкқасқа айғырдан көптеген асыл тұқымды жүйріктер тарайды. Салық бидің екі көк айғыр үйірі, Нәсіптің көк айғыры, Татай тәйжінің көк айғыр үйірі... Жотақажы кең мінезді, өте мәрт болған екен, іздеп келген пана сұрап келген жандарды қай рудан болсада жәрдем бере білген жомарт болған екені жалпыға жария еді. «Жәдік, Жантекей кісі өлтірсе , Қарақас, Молқы құн төлейді» деген мақал шығады. Бұл мақалды тоғыз саққа жүгіртетіндер бар, Бұлда Жотақажының кейбір зиянға ұшырап, тіпті кісі өлімінеде себепші тұтқындалған адамдарды ақысын, құнын төлеп шығарып алып , жазаласа басқалай жазалайтын, қайта қатарға қосуға тырысатын. Осындай жағдай Жантекей мен Жәдік руының адамдарынан да шыққан. Рулар арасына жік салудың қажеті шамалы деп ойлаймын. Әр нәрсенің шығу тегі бар, «судың да сұрауы бар»,- деген осыданда.
Көсемдігі мен шешендігінен бөлек табиғаттың да қыр-сырына қанық Жотақажы елдің көшіп-қонуында ретке келтырып күн райы мен ұштастырып қай қоныстың малға жайлі екенін бағамдай білген, малды жұттан, табиғый апаттардан аман алып қалып, күйін сақтап отырған. Соны мен қатар бөкеннің қай кезде үйірге түсетін уақыты мен қарасан болып сол орнында қалатын ерекшеліктерінде екшей біліп, аңшылық, саятшылықта құра білген.
Ұлтарақ деген кісі жер аударып, қайда қоныс тебем деп басы қатып Төменгі Алтай еліндегі қариялардан ақыл сұрағанда, Өр Алтайдағы Жотақажының қамқорлығында болуды айтады. Ұлтарақ Өр Алтайға жол алып, Қабаға келгенде қайтыс болады. Байбішесі Май апаң деген кісіа лты ұл, екі қызын, бір келінін алып, Жотақажыға болған жайды айтып, мұңын шағады. Сонда Жотақажы:
Осы елге келіп жатқан сіз ғана емес, талайлаған жандар келіп туыс, бауыр болып қоныс теуып, өсіп- өніп жатыр,- деп ыстық ықыласын білдіреді. Сіздерді сыртқа тепкендерге ат-шапан айып салам . Жайлауыңыз біздің жайлаудың тұсындағы дара болсын, күзеулігіңіз бізбен бірге Қайырты, Қарабұлғын, Көктоғай, Қаратүңке болсын, қыстауыңыз Сартоғайдағы Мақыш софының Қараталы болсын,- деп. Май апаңды асын беріп аттандырып қояды. Май апаң бұл жақсылықтың өтемі ретінде он саусағынан өнер тамған екі сұлу қызының бірі Жамиғаны Жотақажының қарсы болуына қарамастан кіші әйелдікке береді. Екінші қызын Жотақажы Молқы ішіндегі Қабанбай деген кісіге беріпті. Жантекейден Жотақжының кең қолтық екенін естып іздеп келіп, жер сұрағанда жетімді жылатпай, жесірді қаңғытпайтын қасиетті жолды ұстанған Жотақажы Қашқыртыдан жайлау береді, сол жайлау бүгінде Жантемір жайлауы атанып кеткен.
«Жол салсаң Жотақажыдай сал» деген ел ішінде тәмсіл бар. «Сәуаптің үлкені жол мен көпір салу»,- дейтін үлкендер. Бұрын Мәйті би Қайыртыдан жайлауға шейін жол салған, әке көріп оқ жонған Жотақажы әкесінің бір рет салған жолы сайдан кезеңге шығатын, бұл жолдар халыққа қолайлы болғанымен әліде қиын- қыспақтары көп еді. Кей жерінен мал шығыны болып тұрады екен, бір жолы қақпа тастан бір келіншек (Ботақара руының адамы дегенді айтатын ақсақалдар) ат ертоқымы мен ұшып кетіп Кіші күнгейтінің шатқалына құлап бірақ түседі, сүйгін алуға да жарамаған екен. осындай жағдайларды көзбен көре тұра, жол салу қанша қиын тауқымкетті болсада, жалама жартас, үлкен қорым тастар мен бөгеттелген болсада, адам шамасы келмейтін, сүйменнің де қауқары жетпейтін үлкен тастарды қызыл қарағайды өртеп қыздырып жарып, Шолақсайдың шатқалына түсіп, Қашқыртының қарасазының құйғанынан қайқайып шығатын әрі ұзақ, әрі қауыпты жолды төтелеп биіктен түскенде иректеп түсетін қорымнан жол салған. Найынты асуынанда жол салған. Дәлетіне ақылы , біліміне айласы Жотақажының жанында Марқадық, Қалел, Сейтбаттал , Қанжыға т.б мықты азаматтар болмаса мұндай жолдарды техникасыз заманда салу, кең жерлерге ие боу әртне толғанатын түйін еді. Ел арасында: « Марқадықтың қамшігерлінен , Қалқабайдың Қалелінен, Сейтйтпатталдың селт еткізерлігінен құдай сақтасын»,- деген тәмсіл тараған. Қалқабай жайлау негізі Қашқырты төңірегі еді. Осы жолдардың ашылу Қос Күнгейті, Жанпейіс, Күмпейіс, Найынты, Жіңге жайлаулары, Ақтышқан, Кеңқарын айтаберсек қазіргі Моңғолия шегерасына дейінгі жерлердің қазақ жеріне тәуелді болуына үлесін қосты десекте артық емес. Осы жерлер моңғолдың асып Саралақаз асуы жақтан кеп асып жайлайтын жері екен , жол салынып қазақтардың екпінін сезген моңғолдар таудың арға бетіне асып кеткен. Бергі беті қазақтарға қалды. Қазыр Қытай теиторяасында қалды бұл жерлер.
1858 жылы Алтайда құран саудасы мен айналысатын ұйғырлар пайда табу үшін: «қайтыс болған адамға құранды қоса жерлеу» деген пәтуәі ойлап табады.құранның құнын бес жылқыға дейін сактқар болыпты. Бұл дінімізге қайшы болып қалмастан, өзі қаралы отпасына ауыр салмақ салады. Осындай сұмдықты дер кезінде сезген Жотақажы жер-жерден дін мамандарын шақырып, халыққа тура жолмен түсіндіріп,тоқтатады. Бұл жағдайдың артында кім тұрғанын анықтап, оңдырмай жазалайды.
Жотақажы Бұхара медіресінде бала оқытып жүріп, орыс патшалық өкіметінен басына қауып төніп, жансауғалап Алтайға келген Мырза бақа (лақап аты Мықпуболла , Мықпумолда)молданы ауылына алып келіп,бала оқыттырады. Көптеген дін қайраткерлері жетіліп шыңады. Ақыт қажы, Ләтіп, Ордашы, Әбдіразық ( Әбдіразық Менің Атам, Ұлы әкем ) Айынты, Орыс т.б мықты діндар оқымысты тұлғалар оқып білім алады. Сол білім Әбіразықтан Кәмалиге , одан маған жетіп отыр. міне Жотақажы атамыздың шарапаты біздердей ұрпаққа жетіп тип жатса қалай алғыс айтып, дұға бағыштамайсың, еңбектерін қалам тербеп, қағаз бетіне түсірмейсің. Бізден кейінгі ұрпақ осындай ұлы тұлға аталарымызды ұлықтап жүрсе бізде жаман болмаспыз. Төменгі Алтайдағы он саусағынан өнер тамған Шоқы қажының қызы Ақжүніс есмді қызының кесте тігіп, құр мен бау тоқыған қолөнерлерін көріп, сыпайы әрекетіне көңілі толған Жотақажы «Әбдіразыққа жар етіп берсек»,- деген ұсынысын Әбдіразықтың Әке- шешесі Мұстафа мен Зекім қуана қарсы алып екі жақта дүркіретіп ат шаптырып, ақындарды айтыстырып Өр Алтай мен Төменгі Алтайдың арасын Тойға ұластырады. Тәілдегі Әбіразық пен Ақжұністің тойыда керемет ел ауызында қалатындай өтеді. Екеуінен туылған Ұлдары: Кәмәли ақын, ұста, тамыршы, емші, домбырашы , Абылай жастайынан жаудың оғынан қаза тапса, Шәмсия қызы, одан тараған жиендер кейін Ақсай, мори жақта тұрады, мемелекет дәрежелі кестеші болып , өнер жалғастығы болады.
Жотақажы туралы Ақыт Үлімжіұлы да ерекше қадір тұтып, бағалаған. Ақыт қажының бұлай алғыс білдіруі тегін емес. Сауат ашуы, діни сабақ, алуы, көп тіл білуі, шеттен келген кітаптары мен сусындауы, тіпті қаржы жағынан көп көмек алуы бәрі-бәріне Жотақажының шарапаты тиген. Жақсы ұсатаздың шакірті озады деген осыдан қалған. Ақыттың атағының аспандауын Жотақажыдан айыруға болмайды. Ақттың ұстазы кім деген үлекн сұраққа жауап болады.
Мәйті би тілеулі батыр көбеш,
Байболсын шешендіктен берген емес.
Алтайдан жоңғарларды жүнше түтіп,
Барлығы заманында қылған кеңес...
Жылқышы берекелі қайран Жота,
Бәлекең , Бітімші мен жүйрік Тырқай.
Қылған жоқ осыларға дүние опа...
Мәйті би, Байболсын би молқы жақтан,
Үстембай, Серікбай мен Майда залың.
Осылар кем болған жоқ біткен бақтан,
Өлшеулі бар тағдырың билік байлық.
Жігіттің бірі тайлық, бірі шайлық.
Қай дос бар жота барлаш Ескендірдей,
Өзгенің достығына тең келетін.
Молқыда Жуанған би Қобда тарап,
Көп ойлап түптен тартқан кәрі Мәнап.
Қажыға аттанарда Жотақажыға арнаған қоштасу өлеңі
Артық туған жан ағам,
Жұрт ауызына қараған.
Өзіңді мыңға балам,
Алтай, Қобда әз халқы.
Панаңызға саялап,
Өрісін алып тараған.
Қонысың байтақ жерің бар,
Байлығы мол елің бар.
Соларға діңгек болып ең,
Алалап көрмей барлығын.
Еліңді барлап шамалап,
Мекен еткен даладй.
Өр алтайды салалап,
Ертіс бойын жағалап.
Ғаламға машһұр атығыз,
Биге лайық заыңыз.
Атағымызды асытып,
Дұшпанымызды жасытып.
Шаттандырдың баладай,
Тыңдаңыз тақсыр датымыз.
Силы бізге басыңыз,
Еркін жеткен алысқа.
Өтініш жазған барыста,
Еженханға хатыңыз.
Кедей пақыр жиылып,
Санаңызға сиынып.
Тура жолға бастадың,
Еліңді айдап серкедей.
Алдыңызда сойлеуші ек,
Атамыздай еркелп.
Қадырыңды білуші ек,
Әмірің мен жүруші ек.
Ғайбат қылып кей надан,
Артыңыздан мінеуші еді.
Ашуланып көрмеуші ең,
Көлделеңдеп тұрсада.
Қабырғасы берік ер едің,
Ақылың шалқар көл едің.
Алтайдың биік тауындай,
Жер жылжыса жылжымас.
Асқар сары бел едің.
Ниет қылдың жүрем деп,
Байтолланы көрем деп,
Еншалла бір сапарға,
Бәрін өтеп келе деп.
Мединеге барам деп,
Көп сауапты табам деп.
Расұлға кірсем деп,
Оразаны күтсем деп,
Патша құдай сақтаса,
От кемені мінсем деп.
Қабыл қылған ниетке,
Осы қылған ниетке.
Саламат қылсын құдайым,
Дұға қылып тұрайын,
Ел ойлайды уайым.
Аман есен барыңыз,
Зират қылып расұлға,
Розаға жүз сұртіңіз,
Көңіліңізге тоқыңыз.
Енші алла аманат ,
Мақұл болса осымыз.
Пақыр ақыт сөзі деп,
Пақыр нашар сөзі деп,
Расолға қылсын шапағат.
Тілеіңізді тілеп жанаға,
Дұға қылып тұрайын.
Сәлем айтпай не дейін,
Қолымыз қысқа баруға,
Ақыт атамыздың бұл өлең жолдарынан нағыз халық шын ниетімен жақсы көріп ұлықтайтын, еш қашан ұмытпайтын ұлы тұлға екенін, қазіргідей емес қажыға барудың машақатын, шарттарының қиындығына қарамастан алыс жол, сауапты жол тартып кетіп бара жатқаныннан ой қозғайды.бір жағы көрем, көрмеймін бе деп Аллаға аманттаған, қоштасу жыры еді.
Жиып келгенде халық бар жерде,
Ғарыптар бар асыл жүзді алыптар бар.
Адам бейнелі масылдар бар,
Көзге сүркей, беті көншарықтар бар.
Тұра алмайтын көтерем арықтар бар,
Қараңғының ішінде жарықтар бар.
Қай бір затқа қай іске қалыпта бар.
Таразыға өлшемін салып табар,
Бар қасиет қара орман халықта бар.
Біз ес білгелі күміс сақал қариялардан еститініміз Машан батыр, Мәйті би, Жотақажы т.б өмірге келіп адамдық парызын өтеп артына өлмес өнеге қалдырған ұлы тұлғалардың ерен ерлігі еді. Жотақажы әкесі Мәйті биді көзі тірісінде елге елеуі, атақ-даңқы асқақтаған тұлға болғандықтан бір күмбез орнатуды ойға алады. Есікпен төр аралығы 12 адым, төбесіне қызыл қарағай салып, есік салып, сыртын баран жылқының қылын лайға қосып көп уақыт жауын-шашінға төзімді болатындай сылайды. Ата-бабаларымыз осындай цемент жоқ кездеде тапқырық жаратқан. Бұл күмбездің салынуына алыс жуқтан ат салысты. Біреу түйсімен ағаш тасыса, біреуі ара балталарын алып шығып жұмыла жұмысқа кірісті. Ошақбай мен Уызбай бастаған шеберлер ағаштан түйін түйіп күмбезды салып шықты, Жотақажы жыл сайынғы әдеті бойынша таңертең ерте қасында отыздай адам мен шығып күн қыза күмбезге жетеді. Мәйті бидің басына құран оқытып болып, күмбезден онбес қадамдай алыстап жолға шығарда қасындағы кісілерге, құран оқуға төрт молда келген екен, бәрі бірге тұрғанда : « сіздерге айтарым, бәріміздің де өміріміз шетеулі, егер фниден бақыиға аттанып жатсам, мені де әкемнің қасына жерлеңдер»,- деп өсиет қалдырыпты. Кейін ауылы көшіп көл жағасына келгенде, алдында айтқан сөзін тағы қайталап, ауылы көшіп Белғайыңға шыққанда атынан түісіп, Мәиті би бастаған аруатарға, аят оқып құран бағыштайды. Орыннан тұрып жайлау жаққа ұзақ қарап, Қарабұлғын, Қайырты, Көл жағасы мен қоштасқандай көз ұшы мен ұзатып салады. Балалығы, жігіт шағы , ел ағасы болған туған жері мен елі қалып бара жатқандай сезіледі. Тұрғынға бір апта көшіп кеп отырғаннан кейін, Шалғырдың Көлделең бастауына кеп қонады. Кешқұрым ауыл шетіндегі қыратқа біраз отырып, өткен-кеткенді көз алдынан бір өткеріп, Абайдың: «бұл өмірде халық үшін не бердім, не тындырдым?»,- деген сөзін салмақтап, ауыр ойдың үстінде, үйге қайтып екінті намазын өтеп бола сала «басым аурып бара жатыр, сүйей беріңдер,- деп туыс-туған, ел-жұрты мен бақұлдасып , калиманы қайлап көз жұмады. 1904 жылы қыркүйек айында бақиға аттанып, осиеті бойынша әкесінің қасына жерленеді.
«Атадан ұл туса игі еді, ата жолын қуса игі еді» дегендей. Жотақажы атамыздың жолын қуған, тәлімін ұлықтаған ұрпақтарын айта кеткенді жөн көрдік. Дабашықажы, Қанжыға би, Марқадық палуан, Замзам, Қалел тәйжі, Қайрақан би, Құмар тәйжі, Құли тәйжі, Салық тәйжі, Әпшүкір тәйжі, Әбдіразық молда, зерігер, Айынты молда, Кәлмен молда, Қапурыш батыр, Камали молда, зерігер, Өрімхан Ораз, Әкімжан молда, Қапан Мұжінұлы, Шөкей Сахарияұлы зерігер, Татай тәйжі, Мәнжу (Қондыбай шаңия), Сахария Сәуенұлы зерігер т.б қатарлы ұрпақтары елдің елеулі, халақтың қалаулысы болып ізгілктің ізін жалғады.
Ит жылы яғыни 1905 жылы жазғытұрым Жотақажының күмбезіде әкесі Мәйті бидің қасынан бой көтеріледі. Содан бастап 1947 жылға дейін Отаубай бастаған 69 ер, 50 әйел, 70тей бала, 1952жылдан кейін Кәмел молда, Татай тәйжі, Әбділдік бәйбішесі Сақыпжамал қатарлы кісілер қойылып, жалпысы 180 шамасында қабірлер бар болған екен.
Көктоғай көлі 1930 жылы тамыз айында (тамыз айынының тамыз айынының 31 жұлдыз деген мәлімет бар) аса жоғары балда жер сілкінісі болып Қара сеңгір тауына үлкен белдеу жарық пайда болады, Көктоғай басынан, Жіңге-қайыртының басынан бұлақ болып өзенге аиналатынын Мұзды мұқитқа құятын сыртқы ағыс Ертіс өзенін құрайтын өзен осы арадан өтеді. өзен ағысы екі тау аңғарынан өтетіндіктен ,тау тасы құлап, ол жер бітеліп, су кері қайтып көл пайда болған. Алайда «Үлкен өткел» мен адам, мен мал өте алатын. Кейін 1962 жылдары Қытай үкіметі электір стансиясын салу үшін өзенге бөгеу салған. Өзен суы кері шегініп көлге айналып Мәйті би, Жотақажы бастаған марқұмдардың жатқан жерлерін су басып кетті. Қалқабай баласы Тәйтінің , Мәйті бидің баласы Қанжығаның күмбездері, сол жерде жатқан қабірлердңің бәрі Көктоғай көлі астында қалып қойды. Бертінгі уақытқа дейін күмездің мұнарсы көрініп тұратын еді. Күн сүйген күмбездеріңізді, су басқаны мен ұрпақтарыңыздың жүрегінде мәңгі бикте мұнарадай болып қала бересіздер.
1885 жылы Монғылияның қобда аймағына қоныс аударып, көшпелі мектеп ашып жүрген жерінде білім нұрын шаша жүреді. Мәншің үкіметі Жуанғанның аса беделді адам екенін аңғарып, 1886 жылы Өр Алтай билігін қолана алу ұсынысын жасайды , осылайша халықтың арасындағы дау-дамай шешімін таба бастайды. Ел іші жақсарып, өркендейді. Осындай аталары бар ұрпақтарды өзге рулы ел «Қара көктің ұрпағы» деп атап кеткені баршаға куә.
Жерге қағылған зияны тиетін қазықты суырып, мал байлап бұралып қалған шиді қалпына келтіріп жазып, ат мінсе кекілін сипап, сауырына аяғын тигізбей мінеді екен. көбіне таспих тартып отырады екен. Малқара Жылбай деген кісі Жотақажыны Қашқырты деген жерде бір малын сойып қонаққа шақырыпты, бата сұраған Жылбайға жақсылап шын ниетпен батасын беріпті. Аз күннен соң Жылыбайдың түн ортасында қоадағы қойы тас-талқан болып үркіпті, інісі екуі шығып қараса, қораның ортасында бір астаудай алтын көлкілдеп тұрыпты, көпті көрген жылыбай дереу бір малды бауыздап көшпелі алтынға қан тамызып болғанша алтыннан бір саптаяқтай қалыпты, алтын алтай деген осы шығар жылыбай осы алтынды құйып алып, өзіде басқаларда, «Жотақажының алладан тілегнен дұғсы қабыл болды»,- деп Жотақажының Алла сүйген құл екенін жалпақ жұртқа жайыпты. Негізі көненің көзін көргнен кіслер осындай тосыннан келген Алланың сиына құрбан шалып қан ағызбаса тоқтамай көшіп кеткен екен.
20.09.2007.Ж Алтай Көктоғай Жазушы: Меден Камалиұлы Әбдіразық тегі
Автордан
Менің қолыма қалам алудағы басты мақсатым: ел үшін, жер үшін, ұрпақ үшін еткен еселі еңбегін ұлықтап, қағаз бетіне, тарих қойнауына алтын әріппен түсіру. Кітәп кеуде қариялардан сұрап, оны тарихи деретермен салыстырып, тарихи шындық бойынша хатқа түсірдім. Кемшіліксіз пенде жоқ, сондада уақыт пен адам аттарының тура болуын басты назарда ұстадым. Іздендім , аяғым жетіп, денсаулығым келгенше іздеп бардым.
Деректер: «Молқы шжіресі», «Молқы руы қақабай шежіресі» 2012ж, «Шетелдгі қазақ тұлғалар» 20,12,2018 , т.б кітаптар . Және ауылдыі қариялары, ақсақалдары, Аллоңғар Масайтұлы, Жекбай Қауаяұлы, Бақыт Кәмасияұлы...т.б ел ағаларының деректері бойынша сәйкестірілу мен жазылды.
Дайындаушыдан:
(Бұл қолжазбаларды компиютерде теріп отырып, ол кезде мен Алматыда өнер академиясында оқыйтын студен едім. Әкемнің біледі деген қариялар мен көп әңгіме дүкенін құратыны, аяғы жеткен жерге барып сұрап қойын дәптеріне түрте жүруі,бәрі- бәрі көз алдымда кино лентасындай өтіп жатты. Бала күнімде әкеммен бірге жүрген жерлерімғой, туған жер, қарағай исі, шоқылары, ир- қиыр жолдары, қарағай исі....Бұл жазбаларды бір демалыста Қазақстанға бір нәрсені жүрегім сезгендей алып келдім. Кейін қытайлар «Саяси үйрену лагерлерін» бастап бәрін тексеріп, тымыскіледі. Тарихта не бір тұлғалар өткен, артына өшпейтін із қалдырған осындай тұлғаларды ұлықтау жанға жағымды іс ойлаймын. Осы шығармаға көп өзгеріс енгібеуге тырыстым, себебі: Әкеме деген құрмет деп білерсідер, Ет пен сүйектен жаралған дам баласы болғансоң кемшіл тұсары болса кешірім үтінеміз. Әке алдындағы титтейде болса перзентік парызымғой кәдеге жарайды деген үмітпен Ырғынбек Меденұлы 2020.Ж Сәуір. Алматы)
Менің атам және әкем туралы
Бұл сурет менің әкемнің жалынды жігіт шағында түскен суреті. Басында алтайдың алқазыл түлкі тымағы, үстінде елтірі ішігі мен қарағайдың қабығына боялған тері шалбары, аяғында саптама етігі, бір жағынан Алтайдың азулы аязына ауыздықтатқызбайтынын айқындаса, бір жағынан қазақы сал – серіліктің жалғасын жалғап тұрғандай.
Мен атам Кәмалиді көрмедім, бірақ әкемнің асыл тұлғасына қарап атамды елестеттім. Атам жүрегіне иман ұялаған ауылына алғаш мектеп ашып асыл дінімізді ұрпақ жүрегіне ұялатақан ұстаз болған, сонымен қатар он саусағынан өнер тамған күйші, алтын мен күмісті қақтап, қара темірді қамырша илеген шебер ұста болыпты. Бірсөзді, айтқанын істейтін, қатал мінезді , қайтпас, қайсар, өр рухты жан екен.
Ал әкем атамның жолын жалғап жеті жасында құранды жеттік біліп, елгезектігімен домбыра тартып, өлең жазатын, шешен сөйлеп шешім қабылдай білетін қасиетті қабылетінің арқасында ел алқауына бөленеді. Он үш жасында әкесінен айрылсада өр рухы өзін өрге сүйреді. Әкем 63 жасында дүниеден озды. Әбдіразық, Кәмали, Меден болып үш атадан дін оқуы жалғасын тауып, енді кіші ұлы Алдиярбек Алматылағы Нұр-Мұбарак атындағы университетіндке магистірі болып діни оқуды жалғаструда. Қажылық парызында 2020жылы өтеп, әкесі армандаған бара алмаған қасиетті Кағыбаға тәу етіп қайтты.
Алтайдан Алматыға оқуға аттанарда анам ақ дамін алдыма қойып, ақтілегін ақ жүрегінен ақтарса, әкем ақ батасын берді. Анам ауылдан екі атқа мінген әкелі балалы екеуімізді көз ұшынан көрінбей кеткенге дейін күн сап қарап тұрды, ал әкем мені жайлаудан ойға түсіріп, көлікке салып өзі менің астымдағы атты аулға алып қайытпақ. Жол бойы не бір аңгімелер, өмір жолыма азық болатын ақыл кеңестер айтылып келеді. Етекке түстік қоштасар сәт жақындаған сайын жүрегеім егіле бастады. Темір тұлпарлар ағылып жатыр, мен әкеме – “ ауылға қайта беріңіз, аман болыңыз ”, деп қоштаспақ болып едім, әкем _ “ұлым , бұл жер ойпаң жер екен, анау биік жотаның басынан биік жерден қоштасайық” - деді. Әкелі балалы екеуіміз қимастықпен екі жаққа жол тарттық. Әкем ақ батасын берді. Кейін ойласам, әкем сол кезде науқастанып жүріпті, мен алаңдамасын деп ауруын жасырыпты. Көп ұзамай бәрімізбен мәңгілікке қоштасты. Менімен биік жотаның басында қоштасқаны енді ойласам абыз кеуде әкемнің “ Өлсем бір шұңқырдамын, тірі болсақ бір төбедеміз” деп өзінің сырқат екенін көп ұзамайтынын сездіргісі келмей мені алаңдамай ата жұртқа аттансын деп ырымдағаны екен ғой. Әкемнің бұл ескі суреті жүрегімнің төрінде сақтаулы тұр, көрген сайын көңілге әкеме деген сағынышым басылғандай болады.
Ырғынбек Меденұлы
Төре таңба. Көгедайдың Жотақажыға малың өссін деп берген Төре таңбасы.
Меден аулетінің малға басатын таңбасы Меден деген аттың төте жазудаңы басқы әрпі «М»
6алаш ұсынды