Зуха батыр, Зауха Сәбитұлы (1869 жыл не 1867 жыл, Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Кендірлік ауылы - 1929) - Қытайдағы ұлт-азаттық көтерілістің басшысы. Керей тйпасы Абақ руының Ителі бөлімінен шыққан.
Зуқа батыр Сәбитұлы – ХIХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында ел-жерімен бөтен жұрттың бодандық езгісінде қалып қойған қазақтарды аумалы-төкпелі заманның алуан түрлі апатынан қорғап, басшысыз, биліксіз, қорғансыз, қарусыз халқын жан-жағынан талап, тонап, басымшылық көрсетіп қанаған үстем өкіметтің өктемдігінен қызғыштай қорып, қажет кезінде қарсы тұрып, әлеуметтік теңсіздіктермен өмірінің соңына дейін бел шешпей, аттан түспей аяусыз күрескен қайраткер, қолбасшы тұлға, қайсар батыр.
Тарихи деректерге сүйенсек, XX ғасырдың 20-жылдарының аяқ шеніне келгенде Алтай өңірінің қоғамдық жағдайы тіпті де асқына түсті. 1928 жылы жазда Алтайдың дау иыңы (қосымша қорғаныс елшісі) болып Ви Жыңго дейтін біреу келді. Ол келе сала Алтай халқына қанды шеңгелін салды. Халықты қан қақсатты. Әскери күшпен озбырлық жүргізіп, алман-салықты шектен тыс ауырлатып, елді ерекше қатты күйзелтті. Ви Жыңгоның бұл зұлымдығына шыдамай қарсы күрескендердің бірі – Зуха Сәбитұлы болды.
Әкесі Сәбит Қазан мен Бұхарада білім алған оқымысты адам болған. Зұқа да әкесінің жолын қуып, 1883 жылдан бастап Сауырдағы Жеңісхан төренің ауылында екі жыл ауыл мектебінде мұғалім болады, кейін Өр Алтайға, Қара Ертіс бойына қоныс аударады. 1904-1905 жылдары Меккеге қажылыққа барып қайтады. Алтайдағы қытай ұлықтары мен кейбір билерден қысым көрген адамдар Зұқадан пана іздеп, оның маңына топтасады. Мұны Алтайды билеген Мәми бейсі жергілікті әкімшімшілік үстемдігіне қарсы пайдалануды көздеп, Зұқаға әскери жасақ құруға көмектеседі. 1921 жылы Кеңес өкіметінің қызыл әскерлерінен жеңіліп, Қытай асқан ақ гвардия генералы Бакич бастаған топ Ертіс бойына жетіп, ондағы халыққа лаң салған кезде Зұқа жасағы Бакич әскерлерін Өрмегейті асуынан асырып, Моңғолияға дейін ығыстырып тастайды. Кейін осы қарулы жасақ Сарсүмбе мен Өр Алтай арасында жергілікті әкімшіліктің қарулы жасақтарына қарсы тұрып, жергілікті қазақтарды қытай ұлықтарының қыспағынан қорғауға күш салды. 1928 жылы күзде жергілікті әкімшілік өкілдері 200 әскермен түн ортасында Зұқа ауылын басып кіреді. Қытай әскерлерінің қолынан қапыда Зұқа батыр мен оның серіктерінен 28 адам қаза табады. Қытай ұлығы “өкіметке қарсы шыққандардың көретіні осы” деп жергілікті қазақтарды үрейлендіру мақсатымен Сарсүмбе қаласындағы көпірге Зұқа батырдың басын іліп қояды. Батырдың ерлігін құрметтейтін халық кейін оны Белқұдыққа жерлеп, басына үлкен қорған тұрғызды
6алаш ұсынады