Әйгілі ақын Құрманбек Зейтінғазы ұлының баталары


Балықтың батасы


2010-жылы тамыз айында шинжяң ұйғыр автономиялы райондық саяси кеңестің бұрынғы төрағасы жанәбіл Сымағұл ұлы жұбайы Зұпира апамызды ертіп шіңгілге келіп, кезінде өздерімен бірге қызымет істеген көне көз саптастарының басын қосыпшай береді. Қонақтар ортасындағы үстелге қуырмаштар келе бастағанда қасында отырған Құрманбек ақынға ел ағасы жәкең: «Қане Құрманбек, балыққа бата жасашы»-дейді тосыннан. Сонда орынынан күле түрегелген құрекең іркілместен:
Бауыздауы өзінде,
Батасы қалай балықтың.
Қолма-қол ығын таба алмай,
Тәпбермеде тарықтым.
Балықтың басы бері қарап,
Батасын сатып алыппын.
Боларын білмей қауыптың,
Бір әурені тауыппын.
Жазасына дайынмын,
Айта алмаған айыптың.
Бата қылған жерім бар,
Сирағына тауықтың.
Балықтың жолы үремке,
Батаны жүр тауып кім.
Жәкең құрмет қылған соң,
Шайға келіп қалыппын.
Ең үлкені сізге тән,
Атақ бенен даңықтың.
Ұзақ өмір көріңіз,
Бақ жұлдызың жанып мың.
Тілегі осы мен емес,

Қара ормандай халықтың. -деп бата жасайды.
Ешқанда иіркіліссіз төгіліп кеткен ақынға отырғандар Қайран қалады. Жәкең өзі де: «Сені аз сынаған жоқ едім, тағы бір Емтиханнан іркілмей өттің, осындай орталарда айтқан өлеңдерің далада қалып қоймасын» . -деп ашық Ризалық білдіріпті.


Жиынға бата


Саяси Мәсілихат кеңесі Алтай аймақтық қызымет көмитетіні бір реткі жиынын Буыршын ауданының үштәс жайлауында өткізеді. Бұл жиынға Шіңгіл аудандық саяси кеңестің сол кездегі орынбасар төрағасы Құрманбек Зейтінғазы ұлы да қатынасады. Жиын басталар алдында көпке арналған көк қасқа тайдың батасын жасауға көпшілік ақынды ұйғарады. Сонда құрекең:
Берекелі халықтың,
Пейілі тең көлменен.
Алдыма әкеп ұстап тұр,
Көк қасқа тайын көлденең.
Ата жолын аттайды,
Бұған бата бермеген.
Саяси кеңес сабымыз,
Абыройы өрлеген.
Ар-намыста бір болған,
Етене ұйым елменен.
Парасаттың қамбасы,
Кеніші бірдей кенменен.
Қадыры бар халыққа,
Орыны төрге төрлеген.
Келеді жүріп Қытайша,
Социялистык жөлменен.

Еңсесі биік елімнің,
Алтайдың асқар тауындай.
Жұртымыз жігін ашпаған,
Тонның ішкі бауындай.
Бөлінбейтін бір тұлға,
Жарылмаған қауындай.
Барлық ұлыт туысқан,
Аға менен бауырдай.
Ұлытқа, дінге бөлінбей,
Көп деп, аз деп айырмай.
Қойыны құт қонысы,
Алтай менен сауырдай.
Маңдай алды іс барма,
Халқымыздың қамындай.

Таң қалдырған табысы,
Ендікпенен бойлықты.
Кімде ынтымақ береке,
Теңдік болса сол мықты.
Бейбіт қоғам құрайық,
Берекелі орнықты.
Қоғам түгел қолдады,
Қадырлеп осы ұйымды.
Ойлары да орынды,
Ұсынысы сыйымды.
Алты аудан, бір қаладан,
Ел ағасы жиылды.
Құттықтаймын құрметпен,
Салтанатты жиынды. -деп төгілтіп бата берген екен.


Ақындар айтысына бата


Тарбағатай аймағының Шәуешек қаласында өткізілген аймақтың кезекті ақындар айтысына Құрманбек Зейтінғазы ұлын құрметті қонақ ретінде шақырады. Осы торқалы тойдың батасын жасау жолын Құрманбек ақынға сыйлайды. Топты көрсе арқасы қозатын ақиық ақын сол майданда:
Асқар таудың айбынын берсін,
Төрт мұхиттың айдынын берсін.

Сарқылмайтын байлығын берсін,
Құлыстайдың құтын берсін,
Құтын берсе бүтін берсін.
Әлемде бардың барлығын берсін!

Алты құрлықтың кеңдігін берсін,
Терезеңнің теңдігін берсін.
Еңсесі биік елдігін берсін,
Орқашардың өрлігін берсін.
Басбайдың жомарттығын берсін,
Демежаннің ерлігін берсін!

Дубектей білім берсін,
Қайрақбайдың күйін берсін,
Кәсімбайдің үнін берсін.
Омарғазының ойын берсін,
Задақанның тілін берсін.
Бердіқандай бес аспап болыңдар,
Жамалқанның жырын берсін!

Әнің әуелей берсін,
Өренің мәуелей берсін.
Өнерің өрлей берсін,
Орының төрлей берсін.
Билігі барлар білікті болсын,
Білімі барлар ырықты болсын.
Ұлдарың рухты болсын,
Қыздарың қылықты болсын!
Елің іргелі болсын,
Көркейіп гүлдене берсін.
Істерің ілгері болсын,
Ақындарың жүлделі болсын! -деп ақтарылған екен.



Тілашар тілеуге бата



Тілеуіміз тілашар,
Ұлттың салты ұнасар.
Осы жосын болмаса,
Баланың тілін кім ашар.
Тіл ашар тілеу болғанда,
Ағайын басын құрасар.
Үмітіміз үкілі,
Үрпақпенен ұласар.

Тілашар деген не салт деп,
Сәбилер бізден сұрасар.
Жиіренше дей жүйірік бол,
Шаршы топта сынасар!

Баламыз бақытты болсын,
Балдан тәтті болсын.
Білімді милы болсын,
Тілды, жақты болсын.
Ісі бапты болсын,
Қадамы сәтті болсын!
Сөзі майда болсын,
Арманы айда болсын.
Тілеген тілегіне жетіп,
Көп тойы алда болсын!

Сөзге шебер болсын.
Іске шөгел болсын.
Өмір берсін, өнер берсін,
Өнегелі өрен болсын.
Ұлыхпанның жасын берсін,
Жасы ғасыр болсын.
Талабы үстем болсын,
Мұраты асыл болсын!

6алаш ұсынды