Шәу Апашұлы 1765-жылы қазіргі Қазақыстанның Көкбек өңірінде дүниеге келген.
Шәудың балалық шағы абақ керейдің іргесі бүтінделіп, ісі ілгері басып толықсыған тұсына тура келеді. Бұл Жәнібек батырдың елге ие болып тұрған кезі еді.
Шау азамат болып, ат жалын тартып мінген кезінде абақ керей Ертістың екі жағын өрлей келіп ата мекендеріне Қоныстана бастаған. Кейін келе елдің шеті Еренқабырға, Баркөл, қобда, баянөлгейге дейін ірге тепкен. Бұл керейдің байырғы мекенінің бір пұшпағы ғана еді. Бір мезгіл осы жерді мекен ете қалған қалмақтар керейге «Келеғой» деп құшағын жаймаған. Соғыстан жаурап келген абақ керей мынадай төрт түрлі жолмен қалмақтардан жерін қайтарып ала бастайды. Бірінші: ақ білектің күші, ақ Найзаның үшымен ; екінші: сүйекті жібітер жүйелі сөзімен: үшінші: бәстесіп байқасып көрумен ; төртінші: тарту-тәралғымен.
Көш Буыршын өзеннен өтіп шығып, сайыр тауын бөктерлей өрлеп бір шилі өзекке келгенде қалмақтың жерлік Билеушісі (мошқасы) көп жігітпен көлделеңдей тосады. Әуелде екі жақта қылыштарын жарқылдатып, найзаларын көкке сермеп айбат көрсетеді. Қалмақтың билеушісі:
– Сөйлесетін кім бар? -дейді. Бұл жақтан шау шығады. Қалмақ билеушісі:
– Жерді жапырып, елді бастырып, төске өрлейтін кім едіңдер? -дейді. Шау:
– Алтайда атамның басы қалған,
Анамның көз жасы тамған.
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Соғысам десең қолыңды сайла,
Шығысам десең жолыңды сайла.
Керейдің қолы артта келеді,
Қонысты босатып, малыңды айда. -дейді. Сөздері айбатты, жігіттері Қайратты топтан жасқанған қалмақ билеушісі сасқалақтап қалып, көштегі бір түйенің үстіндегі қазанды нұсқап:
– Бес жүз жыл жер ошағыңды күзеттім ақысына анау қазаныңды берсең көшемін,-дейді. Бұл сөзге шау де тоқтап қазанын беріпті. Қалмақтар да сиырыла жұрт босатыпты. Кейін ел шәуден «Қазаныңызды неге бердіңіз? »-дегенде «Қазан менің мүлкім, жер халықтың мүлкі ; қазан табылар, жер табылмас» деген екен.
* * *
Орта жүздің аға солтаны құнанбай абақ керейге Аманды сылтауратып, ат кеудесімен соққан орыс нәшәлигін олтырып өрлей қашып келген ақсақ қиян, табылды дейтін жігіттердің ізін қуып келген жолында ; абақ керей құнанбайды аса үлкен құрметпен қарсы алып, абақ керейдің елдігі мен бірлігін әйгілейді. Сонда құнанбай:
– Елдің шетінде, жаудың өтінде жүрген керейдің ата мекен алтайға қайта келіп Қоныстанғалы да көп болмады, керегелерің бүтінделіп, іргелерің көмілді ме? -деп амандық сұрағанда, керей билерінің төр басында отырған шау жырау:
– Біздің керей кем болмаған ешкімнен,
Момын елге бір құдайым дес берген.
Кездерінде тізеліден күш көрген,
Жазықсыз ел білектіден мұш көрген,
Барақ батыр* бір ғажайып түс көрген.
Мұз төбелі қарт алтайдың шыңынан,
Керей баба үні үзіліп естілген.
«Жаушылықта алтайдан ауған ел,
Ата мекен алтайыңа көш» деген.
Қайта шапқан қалмақтармен соғысып,
Керей елі ат үстінен түспеген.
Арман қылып ата-бабам алтайды,
Батыр жәкем* барақ сөзін ескерген.
Ата мекен алтайымда абақ ел,
Бақыт тауып, бұл күндері «Уұш! » Деген,-деп ел жайын отты жырмен баяндапты.
Абақ керейді ажы билеген кезде аңқау елдің күткен үмітінен шығып елге пана болғанның орынына тізесін батырып, желкесіне желқом салады. Керейдің адамын малдай, малын аңдай көріп жанын жаралайды, күшті мен күштінің ортасындағы барымта-сырымтада жай халық солардың қол шоқпарына айналып, бейбіт тірлігі беріш мұңға айналады. Сыншы елдің ауызына «Қара бауыр төре» дейтін нақыл ілінеді.
Шау жырау абақ кериде төбе би болып тұрған кезінде:
– Төбе дегенің томар болды,
Төре дегенің ожар болды.
Қалхасына қара тартып,
Қалмағына бұра тартып,
Қараша елді тонар болды.
Тоны жыртық тозған елім,
Тоңда қалып тоңар болды.
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Ертеңі бұлыңғыр елді ойлайық,
Абақ керейдің өзінен би сайлайық. -деген. Шаудың дегені көп тілегінің жаршысы болып, елді бірлікке келтіреді. Абақ керейдің ақылдылары ақылдаса келіп, абақ керейден төрт би сайлау бекіміне келеді әрі ықтырмаға жел тоқтайды, шау жырауға ел тоқтайды төрт бидің бірі шау болсын деген Ұсыныс береді. Шау жырау «Жасым егде татты, басым жерге тартты. Би болмайын, би түсетін үй болайын, биді қарттар сайласын, билікті жастар алсын» деп өз басынан өнеге көрсетіп, қатарлас билерді де жастарға жол беруге көндіреді. 1836-жылғы төрт биді сайлау ұлы жиынында абақ керей ақылгой қарты, «Ежелгі сартабан жүйрігі» шәуге үлкен құрметпен «Абаққа өзінен би сайлайық деп сіз айттыңыз, дүние төртке тоқтайды, абақтың биі де төртеу болсын деп те сіз айттыңыз, енді сайланған төрт биге батаңызды беріңіз! »,-деп бата сұрайды. Сонда шау күміс сақалын күннің алтын сәулесімен жарқылдатып, қолын биік көтеріп, алтайдың ақиығының пыштағындай тұнық дауыспен:
– Отырдың жаңа түлекке,
Жеткізе көр тілекке.
Таупиық беріп құдайым,
Ғадылдық салсын жүрекке.
Балуандық қалды бұрынғы,
Сенетін емес білекке.
Ендігі жол жіңішке,
Еңкейе шаппа еңіске.
Көтергенің ауыр жүк,
Жұртыңнан ал тауірлік.
Әділдік керек ұлыққа,
Рақым керек нашарға.
Ұлығы әділ боп тұрса,
Береке жұрттан қашама.
Ғадылдық себеп болады,
Ғұмырың ұзын жасауға.
Отырдың үлкен орынға,
Қарыштай бер қорынба.
Шүкіршілік бұл күнге,
Жұртың түгел қолыңда.
Қылмыстыға жаза көп,
Шариғаттың жолында.
Екі даугер бір келсе,
Бай кісіге бұрылма.
Адаспай жүрсең жолыңнан,
Кез боласың қызырға.
Аласа мен биікті,
Абайла аш пен арықты.
Құдай берген өзіңе,
Отыз мың үй халықты.
Ендігі үміт сендерде,
Жауыңнан қорқып теңселме.
Түлкілік қылған залымды,
Бүркітше үстеп шеңгелде.
Айқасқан теңдес шенені,
Кете бер жұлып өңгерде.
Халқыңның обал-суабы,
Атқа мінген сендерде.
Халқыңның бол қорғаны,
Жұртыңа арна орданы.
Нәпсіге тартпай бөліп бер,
Қолыңа келген Олжаны.
Бұл халықтың тілегі,
Сендер деп соғат жүрегі.
Елбасына күн туса,
Бол қорғаушы тірегі.
Мұны айтқан қарт ағаң,
Ежелгі жүйрік сар табан.
Қартайып түстім тұғырдан,
Жасымда шауып шаршаған! *-деп бата береді. Шау содан кейін де төрт бидің алдындағы ағасы, ақыл айтар данасы болған.
Елім деп еңіреген, жерім деп күңіренген шау жыраудың еңбегін елі есіне сақтады, атын Ардақтап жырға қосты. Ақын Ақыт үлімжі ұлы «Керей билері» деген өлеңінде:
– Шәкенбай қайда, шау қайда?
Ақыл қайда, мал қайда?
Керейге ұйтқы құт болған,
Берекелі дән қайда? *-десе ;
«Абақ керей шежіресі» деген өлеңінде:
– Керейдің оңғарды алдын бір құдайы,
Алтайдан туып жаңа күн мен айы.
Жеңілген жұңғар жауы қобдаға асып,
Жөткеліп сөлтүстікке кеткен жайы.
Сол соғыс керей елін біріктірді,
Аластап арадағы іріткіні.
Төре алып әбілпейіз баласынан,
Ел болды өз алдына жілікті, ірі.
Онан соң төрт би, төре атаныпты,
Гүң төре Еженханнан хат алыпты.
Байкүйек деген жерде байге шауып,
Шау деген кәрі биден бата алыпты.
Шау деген ботақара кәрі кісі,
Ауызынан шыққан сөзі нәрлі кісі.
Тар заманда шығады-ау мыңнан біреу,
Кең заманда кісінің бәрі кісі.
Шау айтқан: ел болмаспыз паршаланып,
Қарамай ұлы ханға арқаланып.
Болмаса ара дұспан тыншытпайды,
Барымта-сырымтасы қайталанып.
Соны ұғып он екі абақ керей елі,
Алтайға жайған екен керегені.
Қабылдап Еженханның билік заңын,
Тұтынған шаудың сөзін өнегелі*,-дейді.
Ал, ақын Арғынбек апашбай ұлы:
– Жантекейде шау деген би бар екен,
Дәнішпән, өзі жүйрік Ділмар екен.
Ақ жүрек жұртты бірдей көретұғын,
Халқына құдай деген діндар екен.
Қай жерде ұлық кеңес тілеу болса,
Бәтәгөй халық сүйген бір кәрі екен, *-дейді.
Асқар татанай ұлы да «Жәнібек батыр және абақ керей» деген мақаласында:
– Абақ керей төрт би сайлағанда билік басына шығып керейді басқарған тарихқа белгілі шау жырау, *-деп шауды зерттеуіміздегі тұғырлы тыйанақ, сүйенер дәлел болатын құны жоғары деректер жазады. Әсіресе, Ақыт үлімжі ұлының шауды қиын күнде мыңнан шыққан бірге балап, төрт билік ел басқару құрлымы «Тұтынған шаудың сөзін өнегелі» деуі қадағалап зерттеуді қажет етеді.
Шау 1850-жылы күзде 85 жас мүшелінде буыршынның шұңқыр деген жерінде қайтыс болып, қаракемердің шұңқыр өзеніне қарай салмалаған жағалауға жерленеді.
«Шаудың Зираты ақ тас пен көк, көк шұбар тастар араласқан үйме тас Зират» деп айылған дерек бойынша 2010 жылы сол жерден табылды.
Ақиқат Қазезұлы
6алаш ұсынды